«Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді
Осы редакция 2006 ж. 21 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары; жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін. 2. «Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым төлеудің және оның ставкаларының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1037 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 26, 304-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы қаулының 1, 2-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен Бекітілген
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкалары: 1) жеке кәсіпкерлер ретінде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлейтін күнге қолданылып жүрген төрт еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды; 2) мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде осы қосымшаның 1) тармақшасында белгіленген алым ставкасының жиырма бес пайызын құрайды.
Yкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі
___________________ Қазақстан ___________________ бойынша Салық комитеті Республикасының Елтаңбасы
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
Сериясы № Салық төлеушінің атауы «__________________________________________» Тегі _______________________________________ Аты ________________________________________ Фотосуретке Әкесінің аты _______________________________ арналған СТН ________________________________________
Орын
____________________________________________ ____________________________________________ ____________________________________________ Артқы беті Жеке басты куәландыратын құжат __________________________ Тіркеу органының тіркеу нөмірі __________________________ Тіркелген күні __________________________________________ Салық органының басшысы: ________________________________ аты-жөні __________________________________________ қолы М.О. Берілген күні _______________________ Қолданылу мерзімі __________________________________ (жеке кәсіпкердің өтініші бойынша)
|