|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаңа жұмыс істеу жүйесіне көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде: бүкіл мәтін бойынша «ресми трансферттер», «ресми трансферттері», «ресми трансферттерді», «ресми трансферттердің», «ресми трансферттерге» деген сөздер «трансферттер», «трансферттері», «трансферттерді», «трансферттердің», «трансферттерге» деген сөздермен ауыстырылсын; «Президенттің, партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздер «Партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін қоспағанда, Президентті, Парламент депутаттарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын; «жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік шоттары» деген сөздер «жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан басқа жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты» деген сөздермен ауыстырылсын; 56-3, 56-4, 56-8, 56-10-тармақтарда «жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік шоттарынан», «жергілікті атқарушы органның бюджеттік шотынан», «жергілікті атқарушы органның бюджеттік шотына», «жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік шоттарына» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан», «жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан», «жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына», «жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 58-тармақта «арасында» деген сөзден кейін «республикалық және жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша «ұйымдардан» деген сөзден кейін «республикалық және жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және тиісті мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері бойынша түсімдер сомасын кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептей отырып, республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-ның шоттарына аударуды жүзеге асырады;"; 5) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын: "87-1. Мемлекеттік мекеме аурулардың шетелде емделуін көздейтін шығыстар жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу кезінде аумақтық қазынашылық органына әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен расталған шарттардың екі көшірмесін қоса бере отырып (шарт көшірмесінің бір данасы - аумақтық қазынашылық органы үшін) өтінім береді. Мемлекеттік мекеме шарттың түпнұсқасын бермеген жағдайда аумақтық қазынашылық органы "түпкілікті" деген мәртебесі бар төлеуге берілген шотты қабылдамайды."; мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын: «102-1. Аурулардың шетелде емделуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 70 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етіледі.«; «102-тармағында» деген сөздер «102 және 102-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемде «бойынша» деген сөзден кейін «, оның ішінде 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "104. Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу қаржы жылының ішінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беру көлемімен және ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген оларды беру туралы құжаттармен расталады. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесі ақы төлеу тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруге арналған шартта айқындалған және ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін алдын ала төлем сомасын жеткізілімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) алынған көлемімен растауды қамтамасыз ету үшін келесі төлемдердің мөлшерін белгілейтін тәртіпке сәйкес жүргізіледі."; 133-тармақта "ҚХЕО жинақтаушы" деген сөздер "Жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын, "міндетті зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін "және ҚХЕО арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын; 134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "134. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілген шоттарды есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында жиырмасыншы күніне дейін аумақтық қазынашылық органдарына береді."; мынадай мазмұндағы 134-1-тармақпен толықтырылсын: "134-1. Жалақы мен өзге де төлемдерді қызметкерлерге екінші деңгейдегі банктерде ашылған олардың карт-шоттарына төлеуге берілген шотпен бірге аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу үшін қызметкерлердің тізімін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына ҚХЕО белгілеген форматта электрондық жеткізгіште береді. Төлеуге берілген шоттар және электрондық жеткізгіштегі қызметкерлердің тізімі осы Ережеге 37-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалақыны, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша төлеуге берілген шоттардың тізіліміне сәйкес беріледі, онда оларды есепке алу және бақылау үшін төлеуге берілген шоттар бойынша мәліметтер көрсетіледі."; 135-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: "Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне екінші деңгейдегі банктерде ашылған олардың карт-шоттарына жалақы мен өзге де төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу кезінде ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелер (бұдан әрі - үзінді көшірмелер) қалыптастырылады. Үзінді көшірмелерді операциялық күнді жапқаннан кейін есептерді қалыптастыруға жауапты аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы қалыптастырады. Үзінді көшірмелердің әрбір беті төлемді жүргізу күнін көрсете отырып, оның мөрімен және мөртабанымен расталады және төлеуге берілген шотпен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде қызметкерлердің тізімін және тиісінше карт-шоттарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бастапқы құжаттардың деректері бар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған соманы әрбір жол бойынша салыстырып тексеруге жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үзінді көшірмелер деректерінің бастапқы құжаттардың деректерімен сәйкес келмеуі болған кезде мемлекеттік мекеме есептелген және аударылған сома бойынша алшақтық туралы ақпаратты бере отырып аумақтық қазынашылық органына түсінік алу үшін жазбаша өтініш жасайды. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме жалақы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады."; жетінші абзацтағы «тексереді.« деген сөз «тексереді;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тізімдері қорытынды сомасының жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдерді жүргізу кезінде төлеуге берілген шоттарда көрсетілген сомамен сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.«; 28-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"28-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібi
243. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады. 244. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады. 245. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтардың түсімдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады. 246. Ұлттық валютадағы түсімдер сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі - ҚР ҰҚ ҚБШ) жіберіледі. ҚР ҰҚ ҚБШ-да ескерілетін ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдер сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуға тиіс. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер сомасын аударуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган күн сайын осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес 2-38-нысан бойынша қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде қалыптастырылатын төлем тапсырмасының негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің артық төленген сомасын қайтарған немесе ол есепке алынған жағдайда ҚР ҰҚ ҚБШ-ға дебеттік сальдоға рұқсат eтіледі. Артық төленген соманы қайтару немесе есепке алу осы Ереженің 61-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 247. Шетелдік валютадағы түсімдердің сомасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарына есептеледі. Қайта айырбасталғаннан кейін теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР ҰҚ ҚБШ-ға жіберіледі. ҚР ҰҚ ҚБШ-да ескерілетін ағымдағы жұмыс күні ішіндегі түсімдердің сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның дәл сол жұмыс күні шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударуға тиіс. Орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру соманы теңгемен және есептеу кестесін сақтайды. 248. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің құрамында көрсетіледі. 249. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын есептіден кейінгі айдың бірінші күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есепті береді. 250. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударады."; мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:
"28-1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібi
251. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. 252. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес 2-37 нысан бойынша әрбір айдың 25-күніне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей ҚР ҰБ-ға жібереді. Өтінімде республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжамдарды ескере отырып, бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін қажет кепілдік берілген трансферт көлемі көрсетіледі. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда кепілдік берілген трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылының басына олардың пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен алдыңғы жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер кепілдік берілген трансферттің аударылмаған қалдығының сомасына республикалық бюджетті түзегеннен кейін енгізіледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ға жеткізеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлемін айлар бойынша бөле отырып, ҚР ҰБ-ға жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару ай сайын өтінімнің негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт түрінде берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілген көлемнен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. 253. ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімінің негізінде кепілдік берілген трансферттің мәлімделген сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады. Өтінімді орындау үшін қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгелей қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді. 254. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді. 255. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді. 255-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Yкіметі арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта (бұдан әрі - Сенімгерлік басқару туралы шарт) белгіленген мерзімде ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады. Хабарламаны орындау үшін қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгелей қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді. 255-2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ осы Ережеге 64-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады."; бірінші және оныншы абзацтарда "1 сәуіріне", "1 сәуірінен" деген сөздер "1 мамырына", "1 мамырынан" деген сөздермен ауыстырылсын; оныншы абзацта "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған" деген сөздер алынып тасталсын; Ережеге қосымшаларда "ресми трансферттері", "ресми трансферттер" деген сөздер "трансферттері", "трансферттер" деген сөздермен ауыстырылсын; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ережеге 37-1-қосымшамен толықтырылсын; Ережеге 48-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Ережеге 50-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Ережеге 50-1-қосымшамен толықтырылсын; осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес Ережеге 63 және 64-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 795 қаулысына 1-қосымша
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне 37-1-қосымша
Жалақыны, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша төлеуге берілген шоттардың тізілімі
Ұсынылу күні _______________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің коды _________________________________________ Мемлекеттік мекеменің атауы ________________________________________
кестенің жалғасы
Дискеталардың саны: ________________________________________________ Мемлекеттік мекеменің басшысы: _____________________________________ (аты-жөні, қолы) Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері: ______________________________ (аты-жөні, қолы) Файлды берген мемлекеттік мекеменің қызметкері: ____________________ (аты-жөні, қолы)
Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 795 қаулысына 2-қосымша
Республикалық және жергілікті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |