Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары, сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, ЖҒТК-нің жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы болады.»;
үшінші абзацта «өндіріс» деген сөз «ұлттық компаниялар, ірі бизнес және үкіметтік емес сектор» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«ЖҒТК-нің жанынан дүниежүзіне танымал отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестің ережесі мен құрамын төраға айқындайды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Халықаралық сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, елдің ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;
Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
әрбір үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.
ЖҒТК үш жылда бір рет:
ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және елдің нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған әлеуетті мүмкіндіктері туралы Халықаралық сараптамалық кеңесті;
орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелері туралы Білім және ғылым министрлігін және басқа да салалық министрліктерді;
ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілі ретінде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ЖҒТК-нің қызметін, оның ішінде ЖҒТК-нің жұмысына тартылатын шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру және оларды іссапарға жіберу осы мақсаттарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі.»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 815 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
Ахметов Даниал Кенжетайұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
Әйтімова Бірғаным Сарықызы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның Орынбасары |
Могильный Валерий Валентинович | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым департаментінің директоры, хатшы |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi |
Eciмoв Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi |
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы |
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісi |
Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры |
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры |
Жантаев Жұмабек Шабденамұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Жұрынов Мұрат Жұрынұлы | - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Президентi |
Қадыржанов Қайрат Камалұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Раманқұлов Ерлан Мірхайдарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Сүлейменов Ербол Зинаддинұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми- техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Саданов Аманкелді Құрбанұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Биологиялық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының президентi |
Арынғазин Асқар Қанапияұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Іргелi зерттеулер институтының директоры |
Дробжев Виктор Иванович | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ионосфера институтының директоры |
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры |
Жәкішев Мұхтар Еркінұлы | - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының Президентi |
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы | - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президентi |
Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы | - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының президентi |