"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың (2005.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдiк келісім-шарт; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен 2 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) Инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейде қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi; 3) Инвестициялық преференцияларды уәкiлеттi орган беретiн инвестициялардың ең жоғарғы көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзiмдері; 4) Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған МОДЕЛЬДIК КЕЛIСIМ-ШАРТ
Астана қаласы ______ _______ _______ (күні, айы, жылы) Осы Инвестициялық преференцияларды көздейтiн, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарт, бұдан әрi Тараптар деп аталатын ________________________________ негiзiнде әрекет eтeтiн (Ереже немесе Бұйрық) ________________________________________________________________ (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) ________________________________________________________________ (уәкiлеттi органның атауы) __________________________________________________________ атынан (басшының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның аты-жөнi) ________________________________________________________________ және _____________________________________негiзінде әрекет ететiн (Жарғы немесе сенiмхат) __________________________________________________________ атынан (басшының немесе өзге уәкiлеттi тұлғаның аты- аты-жөнi) ________________________________________________________________ (инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы) (бұдан әрi - Инвестор) арасында жасалды. Мыналарды: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасы қызметтiң басым түрлерінде жаңа өндiрiстердi құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталғанын; 2) уәкiлеттi органға келісім-шарттарды жасасуға және орындалуын бақылауға тiкелей байланысты құқықтар берiлгенi; 3) уәкiлетті орган және Инвестор _________________________ (инвестициялық жобаның атауы) инвестициялық жобаны iске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндетiн реттейтiнi туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып, уәкiлеттi орган және Инвестор мыналар туралы осы Келісім-шарт жасасты.
1. Осы Келісім-шарттың мән-жайы Инвесторға инвестициялық жобалар шеңберiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференцияларды беру болып табылады. 2. Инвесторға мынадай инвестициялық преференциялар берiледi: 1) Инвестициялық салық преференциялары мынадай мерзiмдерге: корпоративтiк табыс салығы бойынша _______________________; мүлiкке салынатын салық бойынша __________________________; жер салығы бойынша _______________________________________; (бұл тармақшада салық инвестициялық преференциялары қолданылуының басталған және аяқталған күнi көрсетiледi) 2) _______________________________________________________; (келісім-шартқа 2-қосымшаға сәйкес кеден баждарын салудан босату) 3)________________________________________________________. (мемлекеттік заттай грант)
3. Осы Келісім-шартқа қолданылатын негiзгi ұғымдар: 1) Келісім-шарт - уәкiлеттi орган мен Инвестор арасындағы осы Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісім-шарты, сондай-ақ осы Келісім-шартқа барлық қосымшаларды білдiредi; 2) Қазақстан Республикасының құқығы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар; 3) кiрiстер - пайданы, дивидендтi, және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, олар төлейтiн нысанға қарамастан инвестициялық немесе онымен байланысты қызметтен алынатын кiрiстер; 4) тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк теңгерiмiнде ескерiлетiн және жиынтық жылдық кiрiстi алу үшiн пайдаланылатын негiзгi қаражат пен материалдық емес активтер; 5) материалдық емес активтер - жиынтық жылдық кiрiстi алу үшiн ұзақ мерзімді кезең iшiнде (бiр жылдан астам) пайдаланатын материалдық емес объектiлер; 6) форс-мажор - келісім-шарттың бұдан әрi орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын тежеусiз күш жағдайлары (әскери қақтығыстар, табиғи, дүлей апаттар және басқалары); 7) үшiншi тұлға - келісім-шарт боЙынша тарап болып табылмайтын кез келген тұлға; 8) жұмыс бағдарламасы - осы Келісім-шартқа сәйкес және Келісім-шартқа 1 қосымшада көрсетiлген инвестициялық жобаны iске асыру үшiн жүргiзiлетiн жұмыстардың күнтiзбелік кестесiн білдiредi. 4. Осы бөлімде жоқ ұғымдар, түсіндiрулер "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңындағы (бұдан әрi "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) және инвестициялық преференциялар мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердегi ұғымдарға сәйкес мәнге ие.
3. Келiсім-шарттың мақсаты 5. Осы Келісім-шарт ______________________________________ (қызметтiң басым түрлерiнiң атауы) инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес уәкiлеттi орган мен Инвестор арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберiн белгілейдi. 4. Инвестициялық қызмет объектiлерi 6. Осы Келісім-шарт бойынша өзiне мыналарды: Тiркелген активтердің инвестициясы
қамтитын _________________________________________________ (инвестициялық жобаның атауы, орналасқан жерi) инвестициялық қызмет объектiсi болып табылады. 7. Уәкiлеттi органның: 1) өкілеттiктердi табыстау шегiнде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасын білдiруге; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 2 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) келісім-шарттардың шарттарын және жасасу мен бұзуы тәртібін айқындауға, келісім-шарт жасасуға және тiркеуге; 3) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркйектегі № 925 алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) инвестициялық жобаны iске асыруға мониторинг және бақылау жүргізуге, оның iшінде Инвестордан Келісім-шарттың шарттарын орындау жөнінде жүйелi есептi талап етуге, сондай-ақ инвестициялық жобаға қатысты өзге де ақпаратты сұратуға; 5) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркйектегі № 925 алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) Уәкілеттi орган туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 8. Инвестордың: 1) келiсілген инвестициялық жобаны iске асыру үшiн Келісім-шарт шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы емес кез-келген әрекеттердi қабылдауға; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi активтердi, оның iшінде жабдықтарды және өзге де материалдарды импорттауға; 3) уәкiлеттi мемлекеттік органға белгіленген тәртiппен Келісім-шартқа өзгерістер мен (немесе) қосымшалар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 6. Тараптардың міндеттерi 9. Уәкiлеттi орган өз құзыры шегінде: 1) Келісім-шарттың шарттарына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге; 2) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркйектегі № 925 алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейiнгi тәртiппен реттеуде көмек көрсетуге міндеттеме алады. 1) Жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық қызметтi және өндiрiстi қосуды жүзеге асыруға; 2) жұмыс бағдарламасына сәйкес Келісім-шарттың 6-тармағында көрсетiлген инвестицияларды жүзеге асыруға; 3) келісілген инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Келісім-шарттың ережелерiн сақтауға; 4) инвестициялық қызметтi өзгертпеуге және инвестициялық преференциялар берiлетiн келісілген инвестициялық жобалардың шарттарын бұзбауға; 5) жергiлiктi кадрларды үздiксiз оқытудың жүйесiн енгізуге, олардың біліктілік деңгейiн арттыруға; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6) қазақстандық кадрлардың білiктілiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргізуге; 7) уәкiлеттi орган талап еткен инвестициялық жобаларды iске асырылу барысы туралы ақпаратты беру және есеп берудiң мерзiмiн сақтауға; 8) тiркелген активтердің инвестицияларын жүзеге асыру кезiнде қазiргi заманғы технологияны қолдануға; ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 9) тармақшамен толықтырылды 9) Келісiм-шарттың қолданысы мерзiмiнiң ішiнде Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердi иеліктен шығармауға және жалға бермеуге 7. Меншіктi және ақпаратты иелену құқығы 11. Келісім-шартта өзге көзделмесе, өз инвестициялық қызметiн жүзеге асыру үшiн Инвестор алған кез келген активтер, сондай-ақ ақпарат Инвестордың меншiгi болып табылады. 8. Салықтар және төлемдер 12. Инвестор Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына және осы Келісім-шартқа сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдердi төлеуге міндеттеме алады. 9. Форс-мажор 13. Келісім-шарт бойынша қандай да болмасын орындамаған міндеттемелер үшін, егер бұл орындамаушылық немесе орындау кезiнде кiдiрту тежеусiз күш (форс-мажор) жағдайынан туған болса Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды. 14. Тежеусiз күш жағдайына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей апаттар жатады өрт, iрi апаттар, коммуникациялардың бұзылуы т.б. және осы жағдайлардағы өзге де төтенше және қайтпас жайттар жатады. 15. Форс-мажор жағдайларынан туындаған Келісім-шарт бойынша жұмыстардың толық немесе iшiнара тоқтауы кезiнде, Жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен форс-мажордың әрекетi мерзімінде бұл жұмыстардың жүргiзiлу мерзiмi ұзартылады және форс- мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады. 16. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен 15 жұмыс күнi iшінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күндi және сипаттамасын көрсете отыра, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екiншi Тарапты хабардар етедi. 17. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуiн iздеу үшiн дереу келiссөздер өткiзедi және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады. 10. Құпиялылық 18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар, келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi iшiнде оны iске асыру жөніндегi жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар және есептер бойынша құпиялылық шарттарын (осы Келісім-шарттың 19-тармағына сәйкес) сақтауы тиiс. 19. Екiншi Тараптың жазбаша келісімiнсiз ешбiр Тарап Келісімшарттың мазмұнына қатысты немесе инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты және құпия деп есептелетін өзге де ақпаратты ашуға мына жағдайлардан басқа жағдайда құқығы жоқ: 1) егер ақпарат сот талқыламасы барысында пайдаланылса; 2) ақпарат Келісім-шарт бойынша Тараптардың бiрiне қызмет көрсететiн үшiншi тұлғаға, бұл үшiншi тұлға мұндай ақпараттың құпиялық шарттарын сақтау және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарда және айқындалған мерзiмде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шарты берілген жағдайда; 3) ақпарат Келісім-шарт бойынша Тарап қаржы қаражаттарын алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға берiлсе, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпараттың құпиялық шарттарын сақтауға мiндеттеме алған жағдайда; 4) кез-келген, оның iшiнде Инвестордың оның ішiнде Қазақстан Республикасынан тысқары шетелдiк банктерде ашылған кез-келген шарттарына қатысты банкілік құпия болып табылатын, ақпаратқа ене алатын салық немесе өзге де Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкiлеттi органы берген жағдайда; 5) егер, уәкiлеттi орган жасасқан Келісім-шарт бойынша инвестициялық жобаны iске асыруға қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласа. Бұл жағдайда уәкiлетті орган инвестициялардың сомасы мен құрылатын жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты ғана жариялауға құқылы. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11. Келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторинг және оны бақылау
ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 20 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 20. Келісім-шарт жасасқаннан кейiн инвестор уәкiлетті органға: 1) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың жиырма бeci күнінен кешiктірмей статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық жобаны iске асыру туралы есептi; 2) жыл сайын бiрiншi маусымнан кешіктірмей: статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша бір жылғы есептi және оған түсiндiрме жазбаны; тiркелген активтердi пайдалануға берудi растайтын құжатты; аудиторлық есеппен расталған: инвестициялық қызмет нәтижесiнде болған кiрiстер мен шығыстар туралы есептi; бір жыл iшіндегі бухгалтерлік теңгерімді; тiркелген активтердiң толық жазылуын ұсынады. Аудиторлық есеп өткен жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерiн талдауды және келісім-шарт бойынша инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 21 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 21. Уәкілеттi орган келісім-шарт жағдайларының сақталуына мониторингтi және оны бақылауды өзі бекiткен тәртiппен тексерудiң мынадай нысандарында жүзеге асырады: 1) инвестициялық жобаларды iске асыру туралы есеп беру; 2) ұсынылған аудиторлық есептер негізiнде; 3) инвестициялық қызмет объектiсiне барып, оның iшiнде инвестициялық жобаны iске асыру жөніндегі құжаттарды қарап. 22. Инвестициялық жобаларды iске асыру бойынша инвестордың мiндеттемелердi орындауы мониторингi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Жұмыс бағдарламасына және Келісім- шарттың шарттарына сәйкес жүргiзiледi. 12. Дауларды шешу 23. Тараптар инвестициялық қызметпен байланысты немесе Келісім-шарттың кез-келген ережелерiнің орындалуымен немесе түсіндiрулерiмен байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi өзара келiссөздер жолымен шешу үшiн бар күштi салады. 24. Тараптар кез келген Тараптың екiншi Тарапқа жазбаша өтiнiм алған күннен бастап екi ай iшінде келісімге қол жеткiзбеген жағдайда даулардың шешiлуi Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімiмен айқындалатын халықаралық арбитраждарда жүргiзiледi. 25. Тараптар пайда болған даулар мен келiспеушiліктер толықтай шешiлгенше Келісім-шартта белгiленген міндеттемелердi орындаудан босатылмайды. 13. Келісім-шарттың тұрақтылығына кепілдемелер
26. Уәкілеттi мемлекеттік орган мен инвестор арасындағы жасасқан Келісім-шарттың шарттары "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген немесе Тараптардың келісімi бойынша Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы Келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi аяқталғанша өзгерiссiз қалады. 14. Қолданылатын құқық 27. Келісім-шарт негiзiнде қол қойылған Келісім-шарт және басқа да келісімдер үшiн Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады. 15. Келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi және күшiне eнуі 28. Келісім-шарттың әрекет ету мерзiмi инвестициялық преференциялардың әрекет ету мерзiмiмен айқындалған және инвестициялық жобаның әрекет ету мерзiмiне сәйкес келмеуi де мүмкiн. 29. Осы Келiсім-шарт уәкiлеттi органдарда тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
16. Келісім-шарт енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
30. Тараптар өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. 17. Келісім-шарт әрекетiн тоқтатудың шарттары 31. Келісім-шарт әрекетi Келісім-шарттың 32, 33-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жылдың (айы) соңғы күнiнiң өтуi бойынша тоқтатылады. 32. Келісім-шарттың әрекетi мына жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн: 1) Тараптардың келісімi бойынша; 2) бiр жақты тәртiппен. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 33 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 33. Уәкілетті орган келісім-шарт жасасқан инвесторға бұл туралы жазбаша түрде хабарлаған сәттен бастап үш ай өткеннен кейiн мынадай жағдайларда келісім-шартты бiржақты тәртiппен бұза алады: 1) инвестор ұсынған және инвестициялық преференциялар беру жөнiндегі шешiмге ықпал ететін мәліметтердің бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған кезде; 2) инвестор келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған кезде; 3) Келісім-шарттың 20-тармағына сәйкес инвестордың есеп бepудегі мәлiметтердi бұрмалағаны немесе жасырғаны анықталған кезде. Бұл жағдайларда көрсетiлген инвестор келісім-шарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айыппұл санкцияларын қолдана отырып төлейдi. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 34 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 34. Инвестордың бастамасы бойынша келісім-шарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 35 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 35. Келісім-шарт тараптардың келісімi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор келісім-шарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейдi. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 36 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 36. Келісім-шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестор өзiне мемлекеттік заттай грант ретінде берілген мүлiктi заттай не келісім-шарттың талаптарына сәйкес оның берілген күнгі бастапқы құнын қайтарады. ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 37 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 37. Мемлекеттік заттай грантты қайтаруды инвестор уәкiлеттi органның келісім-шартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешімі қабылданғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде жүзеге асырады.
18. Келісім-шарт тілі 38. Келісім-шарт мәтiнi, осы Келісім-шартқа қоса берілетiн өзгерістер, қосымшалар, қосымша құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерiнде жасақталады. Барлық даналар егер, Келісім-шартта өзге жағдайлар көзделмеген болса, тепе-тең дәл болып табылады және бiрдей заңды күшi болады. 39. Тараптар тілі қатынас тілі ретiнде қолданылатындығына уағдаласады. Келісім-шарт күшiне енген күнiнен бастап инвестициялық жобаны iске асыруға қатысты ақпарат тілінде жасақталады. 19. Қосымша ережелер 40. Осы Келісім-шартты iске асырумен байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар, оларды алу фактiсi бойынша осы Келісім-шарт бойынша Тараптардың әрқайсысына бекітілген және жеткiзiлген деп есептеледi. |