|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 және 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулыларына
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 қаулысында: 2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтар алынып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әкімдіктер жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөнінде кеңестер құрсын, кеңестер туралы ережелер мен олардың құрамдарын бекітсін.»; 2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережеде: 6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын; 7-тармақтың 2), 3), 5) және 8) тармақшалары алынып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Кеңесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі басқарады.»; 9-тармақтағы «үш айда» деген сөздер «жарты жылда» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша «органдардың» деген сөзден кейін «Кеңес құзыретіне қатысты» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға;»; 4) тармақша «азаматтардың» деген сөздің алдынан «заңнаманы жетілдіру және» деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша алынып тасталсын; 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «13. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледі. 14. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарын дайындауды және отырысының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Отырысқа материалдар Кеңес мүшелеріне ол өткізілгенге дейін кемінде 3 күн бұрын жіберіледі.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Кеңестің құзыретіне қатысты қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 871 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |