«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 379, 380, 381, 382-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 379-қосымша
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2310016 мың теңге (екі миллиард үш жүз он миллион он алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; "Қызметтік телефондар мен мемлекеттік органдар аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылу, ыстық және суық су және басқа коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларын барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйені жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару; 2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; 4) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету; 5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау; 6) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен дағдысын жаңарту; 7) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің орталық және аумақтық органдары қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту; 8) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпараттық жүйесін сүйемелдеу, Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінде, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарда жергілікті есептеу желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Агенттіктің орталық аппаратын 186 бірлік көлемінде және оның аумақтық органдарын 4040 бірлік көлемінде ұстау, Қазақстан Республикасының жеке, заңды тұлғаларынан, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар - резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктерінен статистикалық есептер жинау; мемлекеттік тілге оқыту - 393 адам, олардан орталық аппарат - 74 адам, аумақтық органдар - 319 адам; кәсіби деңгейін арттыру - 577 адам, олардан орталық аппарат - 64 адам, аумақтық органдар - 513 адам, соның ішінде: ағылшын тіліне оқыту - 30 адам, олардан орталық аппарат - 30 адам. Түпкілікті нәтиже: жүктелген функцияларын барынша тиімді орындауға қол жеткізу, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйені жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру қажеттілігін 12,9%, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді оқу қажеттілігін 9,8% және мемлекеттік қызметшілердің ағылшын тілін оқу қажеттілігін 0,7% қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық тиімділігі: Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін жақсарту; орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін қаржы-шаруашылық ұстау - 1057,0 мың теңге; аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметшісін қаржы-шаруашылық ұстау - 479,2 мың теңге; статистика органдарының штаттан тыс бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау - 184.0 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 11,34 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіні біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 7,58 мың теңге, соның ішінде: бір мемлекеттік қызметшінің ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 7,58 мың теңге. Уақтылығы: жасалған келісім-шарттарға сәйкес жыл бойына. Сапасы: қызметкерлерді оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу негізінде статистикалық деректердің сапасын арттыру; кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, олардың нәтижелері бойынша: мемлекеттік тілге оқыту курсын өткеннен кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 2,0%, ағылшын тіліне оқыту курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4,0%, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 5,0% артады деп жорамалданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 380-қосымша
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 876495 мың теңге (сегіз жүз жетпіс алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; "Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, "Қазпатент" және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; "Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы °кіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық дамуы туралы статистикалық деректерді өңдеу және тарату, статистикалық құралдарды көбейту және жіберу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: статистикалық деректерді өңірлік және республикалық деңгейде өңдеу, сапасын бақылау және қалыптастыру; мемлекеттік органдарды және жұртшылықты статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; статистикалық есептілік бланкілерін дайындау және көбейту; талдау жұмыстарын жүргізу; статистика салалары бойынша іріктеп зерттеулер жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық есептілік көрсеткіштерін 100% өңдеу. Статесептілік пен нұсқаулық нысандарының 12 млн. данасын шығару. Жарияланымдарды республикалық және өңірлер деңгейлерде дайындау. 25 талдамалы жұмыстар жүргізіледі. Үй шаруашылықтарына, участке иелеріне, мәдениет объектілеріне, сауда орындарына, құю стансаларына және кәсіпорындарға Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде зерттеу жүргізу. Түпкілікті нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдау ақпаратымен уақытылы қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық тиімділік: пайдаланушыларды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуді жетілдіру. Уақытылығы: ақпараттық жүйені пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсіру. Сапасы: пайдаланушыларды уақытылы және сапалы статистикалық ақпаратпен электрондық түрде немесе қағаз тасымалдаушыда қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 381-қосымша
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24437 мың теңге (жиырма төрт миллион төрт жүз отыз жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттарға ұлттық деңгейде бейімделген әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: статистиканың әр түрлі салаларында әдіснамалар әзірлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 14 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы қалыптастыру әдіснамасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер, олардан 5 тақырып қолданыстағы әдістемелерді жетілдіру және 9 тақырып мемлекеттік статистика көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснаманы құру бойынша жүргізу. Түпкілікті нәтиже: ғылыми негізделген, соның ішінде халықты есепке алу, еңбек статистикасы, тұрмыс деңгейі статистикасы, электрондық сауда статистикасы, ұлттық шоттар жүйесінде, құрылымдық, қысқа мерзімді статистика және бағалар статистикасы саласында 1-2-ден әдістемелер жасау. Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 1745,5 мың теңгені құрайды. Уақтылығы: орындалған іс-шаралардың белгіленген мерзімдеріне сәйкес жыл бойына. Сапасы: статистика әдіснамасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу ұлттық деңгейге 9 еуропалық стандартты, оларды кезең-кезеңмен енгізу мақсатында бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық деңгейде мемлекеттік статистика деректерінің салыстырымдылығын арттыруды, яғни деректер сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 382-қосымша
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу" деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 642665 мың теңге (алты жүз қырық екі миллион алты жүз алпыс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы 2005-2008 жылдарға арналған бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетін республикалық комиссия, Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1119 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мониторингін қамтамасыз ету; санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу; кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін байқау объектілерінің негізгі жиынтығын құру; шағын шаруашылық жүргізуші бірліктер (жеке тұлғалар) және шаруашылықтың құрылымдық белгілерінің топтамалары туралы деректер алу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің толық сандық және сапалық сипаттамаларын алу; экономиканың аграрлық секторын басқаруды нақты ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етуді құру; қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету; санақ деректерінің қоры негізінде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты пайдалануды оңтайландыру; жиналған статистикалық деректерді сапалы өңдеу мен талдауды және оларға пайдаланушылардың қол жетімділігін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңінде, 2006 жылдың тамыз-қыркүйегінде: 2500 жуық ауылдық және кенттік округтерді; 7600 жуық елді мекендерді; 9700 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, 187 мыңнан астам шаруа (фермер) қожалықтарын; 750 мың саяжай учаскелерін; екі миллионнан астам үй шаруашылықтарын қамту. Түпкілікті нәтиже: "ауыл шаруашылығы" саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын болады: егістік алаңдардың құрылымы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптары бойынша егістік алаңдары, жеміс-жидек екпелері, жүзімдіктер туралы негізгі мәліметтер, ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштар енгізу, инфрақұрылым; ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық көрсеткіштерді алу, олар санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын болады, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру. Қаржы-экономикалық нәтиже: санақтың дерекқоры санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құрамаларының тіркелімдерін жаңғырту үшін пайдаланылатын болады. Уақтылығы: жыл бойына Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. |