|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде: 10-тармақтың үшінші абзацы 5) тармақшадағы «трафигін» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |