|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын тіркеу мен есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 51, 687-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбында және 1-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын» деген сөздер «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын тіркеу мен есепке алу ережесінде: тақырыбында және 1-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын» деген сөздер «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын» деген сөздер «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын; «басқару» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігімен тартылған борыш мониторингі» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацта: «борыштың» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігімен тартылған борыштың» деген сөздермен толықтырылсын; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын» деген сөздер «мәліметтерді тиісті тізілімге енгізу жолымен мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Тізілім тіркеу журналында және дерекқорда жүргізіледі. Нөмірленген және тігінделген, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің мөрімен және басшысының қолымен бекітілген тіркеу журналы мынадай ақпаратты қамтиды: 1) тіркеу күні; 2) тіркеу нөмірі; 3) құжаттың атауы және нөмірі; 4) жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы. Дерекқор ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.»; 3-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын» деген сөздер «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ 3) тармақшадағы «мемлекеттік кепілдіктер)» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын: «4) мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздар; 5) мемлекет кепілгерлігі»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу: 1) қарыз шартын жасасу - қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшірмесінің негізінде жүзеге асырылады; 2) борыштық бағалы қағаздарды шығару - облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылар өкілінің оның көлемі туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оларды орналастырғаннан кейін келесі күні растауы негізінде жүзеге асырылады.»; «өздері тартқан» деген сөздерден кейін «, қарыз шартын жасасу нысанында тартылған» деген сөздермен толықтырылсын; «15» деген сандар «5» деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Қарыз алушылар өздері тартқан борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған, мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу үшін облигацияларды шығару проспектісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 күн ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»; 25-тармақ «Мемлекет» деген сөздің алдынан «Қарыз шарты нысанында тартылған» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын: «25-1. Борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектісінің негізгі есептік сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектісінің нөмірі және күні, шығарылатын облигациялар саны, бір облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттар мен тәртібі, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигациялар айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер, деректемелер, облигация ұстаушылар өкілі туралы мәліметтер) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу: қарыз шартын жасасу - қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады; борыштық бағалы қағаздар - оларды орналастырғаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-бөліммен толықтырылсын: «5-1. Мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу және есепке алу. 26-1. Мемлекет кепілгерлігін тіркеу және есепке алу кепілгерлік шарты негізінде үш күн ішінде жүзеге асырылады. 26-2. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару нысанындағы мемлекет кепілгерлігімен берілген қарыздарды тіркеу және есепке алу концессионер облигацияларын шығару проспектісі, инфрақұрылымдық облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылары өкілінің оның көлемі туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оларды орналастырғаннан кейін келесі күні растауы негізінде жүзеге асырылады. 26-3. Мемлекет кепілгерлігін тіркеу кепілгерлік шартына тіркеу нөмірін беру және оны мемлекет кепілгерліктерінің тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 26-4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру және оны мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздар тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 26-5. Мемлекет кепілгерлігін есепке алу кепілгерлік шарттарының негізгі есепке алу сипаттамаларын (кепілгерлік шартын тіркеу нөмірі және күні, мемлекет кепілгерлігі берілген валюта және сома, мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі. Қарыз алушы мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі кепілгерге қайтарылуға тиіс. 26-6. Мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектісінің негізгі есепке алу сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектісінің нөмірі және күні, шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар саны, бір инфрақұрылымдық облигацияның номиналды құны, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртібі, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәліметтер, концессия шартының және Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру туралы қаулысының деректемелері, облигациялар ұстаушылар өкілі туралы мәліметтер) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі. 26-7. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы тартылған мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу оны орналастырғаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады. 26-8. Қарыз алушылар өздері тартқан инфрақұрылымдық облигациялар нысанында тартылған мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 күн ішінде облигациялар шығару проспектісінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.»; 28-тармақта «қарыздарды» деген сөзден кейін «, мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды» деген сөздермен толықтырылсын; Қазақтан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын тіркеу мен есепке алу ережесіне 1 және 2-қосымшаларда жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын» деген сөздер «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |