«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 157-174-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 169-1, 170, 171, 173, 174-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
157-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1340102 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық миллион бір жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 5-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 28-бабы; «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 714 қаулысы; «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясаттың қалыптасуын, оның салааралық үйлесімін қамтамасыз ететін оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін, көлік-коммуникация саласында даму бағдарламасын әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету; көлік және коммуникация саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, көлік және коммуникация саласында нарық қызметін қалыптастыру және бәсекелестік ортаны дамытуға ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін күтіп-ұстау; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру; Министрліктің және оның аумақтық органдарының жергілікті-есептеу желілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсету; ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; Министрліктің және оның аумақтық органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін қамтамасыз ету; лицензиялар және өзге де рұқсат құжаттарын беру; лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын сақтауына бақылау жасау; мамандарды бірыңғай нысандағы қызметтік киімдермен және омырау белгілерімен қамтамасыз ету, бақылау-өлшеу аспаптарын сатып алу; материалдық-техникалық базаны нығайту; өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерді, дағдылар мен машықтарды жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Көлік және коммуни- кация саласын- дағы уә- кілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуника- ция министрлігінің орталық аппаратын және оның комитеттерін бе- кітілген штат санының лимитіне сәйкес күтіп ұстау. Бекітілген нормативтерге сәйкес қызметтік автокөліктерді күтіп ұстау, жалға алу. Көшіру және факс аппа- раттарын күтіп ұстау. Су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын қыз- метшілер үшін нысандық киім тігу жөніндегі қызметтерді сатып алу. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуника- ция министрлігінің Азаматтық авиация ко- митеті Мемлекеттік әуе қадағалау басқармасы- ның мамандары үшін айыру белгілері мен нысандық киім сатып алу. Азаматтық авиация үшін әуе кемелерінің, трас- салар мен әуеайлақта- рының мемлекеттік тір- келімін жүргізу жөнін- де нормативтік құқық құжаттар әзірлеу. Қатаң есептегі бланкі- лер, соның ішінде ли- цензиялар, рұқсаттар, есептік және өзге де құжаттардың бланкі- лерін жасау жөніндегі қызметтерді сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппа- раттары | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуника- ция министрлігінің аумақтық органдары мен комитеттерін бекі- тілген штат санының лимитіне сәйкес күтіп ұстау. Қызметтік авто- көлікті және арнайы автокөлікті бекітілген нормативтерге сәйкес күтіп ұстау, жалға алу. Функционалдық мүлікті күтіп ұстау (бақылау- өлшеу жабдықтарына және инспекторлық су кемелеріне профилакти- калық және жөндеу жұмыстарын жүргізу, күтіп ұстау өзге де тауарларды сатып алу (су көлігі үшін ЖЖМ қоса алғанда), кеме экипажының еңбегіне, заңды және жеке тұлғалардың қызметіне ақы төлеу); Лицен- зиаттардың функциясын орындау: қатаң есепте- гі бланкілерді сатып алу. Көшіру және факс аппараттарын күтіп ұстау. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасыларына асыраушыларынан айрылу жағдайына байланысты зиянды өтеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Келесі салалар бойынша мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін арттыру жөніндегі көр- сетілетін қызметтерді сатып алу: 1) құқықтану; 2) бухгалтерлік есеп; 3) экономика; 4) қаржы-шаруашылық қызмет; 5) логистика; 6) автомобиль жолдары құрылысы. Мемлекеттік және ағыл- шын тілдерін оқыту. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
5 | | 008 | Мемле- кеттік орган- дардың ғимарат- тарын, үй-жай- лары мен құрылыс- тарын күрделі жөндеу | Мемлекеттік қызметші- лер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұр- мыстық жағдай жасау үшін Көлік инфрақұры- лымын дамыту комите- тінің Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қызыл- орда облыстық басқар- маларының ғимараттарын күрделі жөндеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
6 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды мате- риалдық- техни- калық жарақ- тандыру | Көліктерді іске қосу және шығару кезінде ауаны нормадан жоғары ластайтын заттарды бақылау үшін 10 бірлік газталдағыш, 10 бірлік түтін өлшеуіштер; Авиация қауіпсіздігі ережесіне сәйкес әуе- жайларға кіргізу және объектішілік режимнің талаптарын қамтамасыз етуді орындау үшін азаматтық авиацияның ұшу экипажы мүшелері үшін біріздендіру кар- точкаларын дайындайтын жабдықтар (түрлі-түсті таспалар, қаптау орамдары, карточкалар, тазалағыш жиынтық, тазалайтын барабандар) және осы жабдық үшін шығыс материалдарын; аумақты тазалауға арналған техниканы, жүк автомобилін, шөміш пен тазалағышты сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7 | | 017 | Ақпарат- тық жү- йелердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Шығыс материалдарын; жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді; есептеу техникасын техникалық қызмет көр- сету жөніндегі қызмет- терді; «Лука бюджет», «Заңгер», «Қаржылан- дыру жоспарларын жасау» жергілікті міндеттерді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу; есептеу техникасына жүйелік қызмет көрсе- ту; есептеу техникасын сатып алу, соның ішін- де серверлерді, компь- ютерлерді, ноутбуктер- ді, принтерлерді, ска- нерлерді, ҮҚК, модем- дерді, лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі штат санының лимитіне сәйкес 374 бірліктен тұратын орталық аппараты мен оның комитеттерін және 992 бірліктен тұратын аумақтық бөлімшелерін күтіп ұстау;
165 мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, оның ішінде аумақтық органдардан 20 адам, 72 адамды мемлекеттік тілге оқыту; 60 адамды ағылшын тіліне оқыту;
Көліктерді іске қосу және шығару кезінде ауаны нормадан жоғары ластайтын заттарды бақылау үшін 10 бірлік газталдағыш, 10 бірлік түтін өлшеуіш, осы жабдық үшін шығын материалдарын және Авиация қауіпсіздік ережесіне сәйкес әуежайларға кіргізу және объектішілік режимнің талаптарын қамтамасыз етуді орындау үшін азаматтық авиацияның ұшу экипажы мүшелері үшін біріздендіру карточкаларын дайындайтын жабдықтар (түрлі-түсті таспалар, қаптау орамдары, карточкалар, тазалағыш жиынтық, тазалайтын барабандар), аумақты тазалауға арналған техниканы 1 бірлік, жүк автомобилін 1 бірлік, шөмішті 1 бірлік, тазалағышты 1 бірлік сатып алу.
Шығыс материалдарын: жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді; есептеу техникасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді; «Лука бюджет», «Заңгер», «Қаржыландыру жоспарларын жасау» жергілікті міндеттерді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу; есептеу техникасына жүйелік қызмет көрсету; мемлекеттік қызметшілер оларға жүктелген функцияларды тиімді орындау үшін есептеу техникасын сатып алу, соның ішінде сервер - 2 бірлік, компьютер - 125 бірлік, ноутбук - 5 бірлік, принтер - 21 бірлік, сканер - 9 бірлік, ҮҚК - 15 бірлік, модемдер - 6 бірлік; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу.
Соңғы нәтиже: көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін оларға жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттері мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілік деңгейін арттырудағы қажеттіліктерін 12%-ға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытудағы қажеттіліктерін 5,3%-ға және мемлекеттік қызметшілердің ағылшын тілін оқытудағы қажеттіліктерін 4,3%-ға қамтамасыз ету; істеп тұрған 63 көліктік бақылау бекеттерін 34,5% түтін өлшеуіштермен және 35,7% газталдағыштармен қамтамасыз ету. Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің аумақтық басқармаларының 18% күрделі жөндеумен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: Министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін жақсарту; орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға орташа шығын шамамен 1100 мың теңгені құрайды; аумақтық басқарманың бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға орташа шығын шамамен 790 мың теңгені құрайды; орталық аппараттың штаттан тыс бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға орташа шығын шамамен 345 мың теңгені құрайды; аумақтық басқарманың штаттан тыс бір мемлекеттік қызметшісін күтіп ұстауға шығын шамамен 374 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығын: біліктілігін арттыруға 8153 теңге, мемлекеттік тілді оқытуға 30361 теңге және ағылшын тілін оқытуға 12611 теңге;
Уақтылығы: жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Д.Ахметовтің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 325-ө Өкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметтің кәсіби талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан кейін іс қағаздарды жүргізуде мемлекеттік тілге көшкен қызметшілердің үлесі 6%, ағылшын тілін оқыту курстарынан кейін құжаттармен ағылшын тілінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2%, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін есептеу техникасымен жабдықтау орташа алғанда 80%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
158-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 44782738 мың теңге (қырық төрт миллиард жеті жүз сексен екі миллион жеті жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниеті туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» қарызы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруі үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін қалпына келтіру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автожолдарды салу, қалпына келтіру, қайта жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Респу- бликалық деңгейде авто- мобиль жолдарын дамыту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Белгіленген тәртіппен бекітілген «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде республикалық деңгей- де автомобиль жолда- рын дамытуға бағыт- талған инвестициялық жобаларды іске асыру, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар бойынша: 1) Батыс Қазақстан- дағы жолдар желісі бойынша қайта жаңарту (Қазақстан Республи- касы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері коми- тетінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 257 ЖІЖ, 2003 жылғы 27 маусымдағы № 252 ЖІЖ бұйрықтары) - құры- лысты қадағалау; белгіленген тәртіппен мемлекеттік сарапта- мадан өткен жобалық- сметалық құжаттамаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес Батыс Қазақстан автожолда- рын қайта жаңарту; 2) автожол саласын дамыту (Алматы - Бішкек) (Қазақстан Республикасы Индуст- рия және сауда минис- трлігі Құрылыс істері комитетінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 373 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 372 ЖІЖ, 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 361 ЖІЖ бұйрықтары), со- ның ішінде мынадай учаскелерде: Алматы-Ұзынағаш - белгіленген тәртіппен мемлекеттік сарапта- мадан өткен жобалық- сметалық құжаттамаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес Ұзына- ғаш-Георгиевка учас- кесіндегі Алматы- Георгиевка автожолын қалпына келтіру консалтингтік қызметтерге ақы төлеу; Ұзынағаш-Георгиевка учаскесі - құрылысты қадағалау; белгілен- ген тәртіппен мемле- кеттік сараптамадан өткен жобалық-смета- лық құжаттамаға және мердігерлермен жасал- ған келісім-шартқа сәйкес Алматы-Георги- евка автожолының Ұзынағаш-Георгиевка учаскесін қалпына келтіру. 3) Ақтау - Атырау автожолын қайта жаңарту (Қазақстан Республикасы Индуст- рия және сауда минис- трлігі Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 185 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 186 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 187 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуір- дегі № 188 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 189 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 190 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 191 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуір- дегі № 192 ЖІЖ бұй- рықтары) - белгілен- ген тәртіппен мемле- кеттік сараптамадан өткен жобалық-смета- лық құжаттамаға және мердігерлермен жасал- ған келісім шартқа сәйкес Ақтау-Атырау автожолын салуды, қайта жаңартуды қадағалау. 4) Алматы-Астана ав- тожолын қайта жаңарту соның ішінде мынадай учаскелерде: «Алматы-Гүлшат және Ақшатау-Қарағанды» егжей-тегжейлі жобаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес авто- жолды салуды, қайта жаңартуды қадағалау жөніндегі консуль- танттың қызметі, жабдықтар сатып алу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
3 | | 005 | Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру | Белгіленген тәртіппен бекітілген «2006 жылға арналған респу- бликалық бюджет тура- лы» Қазақстан Респу- бликасының Заңын іске асыру туралы» Қазақ- стан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қо- сымшаға сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған инвести- циялық жобаларды іске асыру, жобалық-смета- лық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар бойынша: 1) «Ресей Федерация- сының шекарасы - Орал - Ақтөбе автожолының учаскелерін қайта жаңарту (Сараптама қорытындылары: № 7-229/2003, 27.05.03 ж., № 14-225/04, 09.12.2004 ж.); 2) «Астана-Қостанай- Челябі» автожолының учаскелерін қайта жаңарту жөніндегі - (Сараптама қорытынды- лары: № 14-209/04 29.11.04 ж., N 2-646/03, 13.12.03 ж., № 2-23/05, 18.01.05 ж., № 14-270/05 15.12.05 ж., № 14-06-03 19.05.03 ж., № 2-931/05 26.12.05 ж., № 7-90/05, 03.03.05 ж., № 2-237/05, 25.04.05 ж.); 3) «Омбы-Павлодар- Майқапшағай» автожолының учаске- лерін қайта жаңарту (Сараптама қорытынды- лары: № 16-378/03, 19.12.03 ж., № 16-379/03, 19.12.2003 ж., № 16-380/03, 19.12.2003 ж., № 16-382/03, 19.12.2003 ж.); 4) «Алматы-Астана - Петропавл-Ресей Федерациясы шекарасы автожолының «Астана- Щучин» учаскесін қайта жаңарту (Сарап- тама қорытындысы: № 2-124/05 12.03.2005 ж.); 5) «Бұрабай-Көкшетау- Петропавл-Ресей Федерациясы шекарасы автожолының қалпына келтіру (Сараптама қорытындылары: № 17- 644/24, 19.11.2004 ж., № 2-690-Д/04, 20.12.2004 ж.); 6) «Ақсай - Шонжы - Құлжат - ҚХР шекара- сы» автожолының «Шон- жы - Құлжат» учас- кесін қайта жаңарту; 7) «Таскескен - Бақты (ҚХР шекарасы)" автожолының учаскеле- рін қайта жаңарту; 8) «Үшарал-Достық» автожолының учаске- лерін қайта жаңарту; 9) Риддер - Ресей Федерациясы шекарасы (Сараптама қорытын- дысы: № 9-357/05 27.06.05ж.) автожолын салуды аяқтау; 10) Атырау-Астрахань автомобиль жолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Ағымдағы жылы мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу, жер жұмыстары, жол төсемінің топырағын нығайту, материалдар- ды дайындау, төсеу қабаты, коммуникация- ларды қайта құру, жасанды құрылыстарды, жол негізін, асфальт- бетон жамылғысын, жол жиектерін жайғастыру және қайта жайғасты- ру, жолды таңбалау, жайластыру және орна- ластыру жұмыстары, айналма жолдарды жайғастыру және күтіп ұстау, электрмен жабдықтау және жарық- тандыру, бағдаршам сигналы, қар тоқтату қоршауларын және орман қорғау жолағын отырғызу, бұзғаны үшін өтемақы, жер бөлуді ресімдеу, карьерлер әзірлеуге арналған құжаттама- ларды дайындау, жаб- дығы бар жол полиция- сының бекеттері, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және қайта есептеу, карьерлерді, резерв- терді және айналма жолдарды қалпына кел- тіру, жер бөлу, ауыл шаруашылық өндіруші- лерінің шығындары мен залалдарын өтеу, технологиялық қамта- масыз етуді, құрылыс- ты, қайта жаңартуды авторлық және техни- калық қадағалауды жүзеге асыру, белгі- ленген тәртіппен мемлекеттік сарапта- мадан өткен жобалық- сметалық құжаттама- ларға сәйкес жұмыс жобасының, техникалық маманданымның мемле- кеттік сараптамасы және басқа да жұмыстар. Жұмыс көлемдері ведо- мостарын басып шығару және автомобиль жол- дарын салуға жаңадан бөлінген жер учаске- лерін паспорттау. 11) «Астана қаласындағы Оңтүстік айналма» автожолын салу; 12) Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл; -Ташкент Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас; - Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы; - Астрахань - Атырау - Ақтау; - Омск - Павлодар - Майқапшағай; - Ақтөбе қаласына айналманы қоса алғанда, Самара - Шымкент; - Таскескен - Бақты; - Астана - Қостанай - Челябинск; - Алматы - Өскемен автожолдары бойынша жобалау-зерттеу жұмыстары. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
4 | | 016 | Жобаны респу- бликалық бюд- жеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Белгіленген тәртіппен бекітілген «2006 жылға арналған респу- бликалық бюджет тура- лы» Қазақстан Респу- бликасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республика- сы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2- қосымшаға сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде рес- публикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған инвестициялық жоба- ларды іске асыру, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс-шаралар бойынша: 1) Батыс Қазақстанда- ғы жол желісі бойынша қайта жаңарту (Қазақ- стан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2003 жылғы 30 маусым- дағы № 257-ЖІЖ, 2003 жылғы 27 маусымдағы № 252-ЖІЖ бұйрықтары): Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі- нің комиссиясы; жолдарды қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу; белгіленген тәртіппен мемлекеттік сарапта- мадан өткен жобалық- сметалық құжаттамаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес Батыс Қазақстан автожолда- рын салуды, қайта жаңартуды қадағалауға байланысты салықтарды төлеу, техникалық аудармашыларға ақы төлеу; 2) автожол саласын дамыту бойынша (Алматы-Бішкек) Қа- зақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің 2003 жылғы 25 қыркү- йектегі № 372-ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркү- йектегі № 373-ЖІЖ, 2003 жылғы 18 қыркү- йектегі № 361-ЖІЖ бұйрықтары), соның ішінде учаскелерде: Алматы-Ұзынағаш - белгіленген тәртіппен мемлекеттік сарапта- мадан өткен жобалық- сметалық құжаттамаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес Алматы- Георгиевка автожолы- ның Алматы-Ұзынағаш учаскесін қалпына келтіру, жолдарды қалпына келтіруге байланысты салықтарды төлеу, консалтингтік қызметтерге арналған салықтарды төлеу; Ұзынағаш-Георгиевка белгіленген тәртіппен мемлекеттік сарапта- мадан өткен жобалық- сметалық құжаттамаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес Алматы- Георгиевка автожолы- ның Ұзынағаш-Георги- евка учаскесін қалпы- на келтіру, құрылысты қадағалауға байланыс- ты салықтарды төлеу, жолдарды қалпына келтіруге байланысты салықтарды төлеу, консалтингтік қызметтерге арналған салықтарды төлеу; 3) Ақтау - Атырау автожолын қайта жа- ңарту (Қазақстан Рес- публикасы Индустрия және сауда министр- лігі Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 185 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 186 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 187 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуір- дегі № 188 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 189 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 190 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 191 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуір- дегі № 192 ЖІЖ бұй- рықтары): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құ- жаттамаға және мерді- герлермен жасалған келісім-шартқа сәйкес Ақтау-Атырау автожо- лын қайта жаңарту, жер бөлу, құрылысты қадағалау, құрылысты қадағалаумен байла- нысты салықтарды төлеу, жолдарды қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу; 4) Алматы-Астана ав- тожолын қайта жаңарту соның ішінде мынадай учаскелерде: «Алматы-Гүлшат және Ақшатау-Қарағанды» - жабдықтар сатып алу, жабдықтарды сатып алуға байланысты салықтарды төлеу, жолдарды қайта жаңар- туға байланысты салықтарды төлеу, егжей-тегжейлі жобаға және мердігерлермен жасалған келісім- шартқа сәйкес жолдар- ды қайта жаңарту; Гүлшат-Ақшатау» - белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес Гүлшат-Ақшатау автожолын қалпына келтіру, жолды қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу консалтингтік қызмет- терге ақы төлеу және консалтингтік қызмет- терге байланысты салық төлеу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |