2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 382-391-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390, 391-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
382-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін
қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 953 388 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу үш миллион үш жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 554-бабы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 47, 48, 49, 50, 51 және 52-баптары; «Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11, 13 және 14-баптары; «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Шекаралық мәтінде қоршаған ортада жасалатын ықпалды бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 21 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтыққа трансшекаралық ластану туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсер етуі туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Түзетулеріне қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңының 9 , 14, 15, 16, 17 және 22-баптары; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25, 35, 36 және 46-баптары; «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; «Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1126 қаулысы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне жету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі мәселелерді басқару және салааралық үйлестіру; қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдерді іске асыру; үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті іске асыру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлеріне рұқсаттарды беру туралы және мемлекеттік экологиялық сараптамалардың қорытындыларына шешімдерді келісу; табиғат пайдалануға рұқсаттарды беруді, оларды есепке алуды және жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру; табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрын жүргізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету; жиынтық ақпараттық жүйені - қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлігіндегі салық төлеушілер және салық салу объектілерінің тізілімін жүргізу; салалық (секторлық) экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру жүйесі, лицензиялық және экологиялық- сараптамалық қызметтің, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін, сондай-ақ тиімді табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері мен ынталандыру тетіктері жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру; қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстар саласындағы табиғат қорғау заңнаманы мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің, меншіктің нысанына қарамастан, сақтауы мен орындауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму саласындағы заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; салалық (секторлық) экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және өңірлік экологиялық бағдарламаларды қалыптастыруда әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; өз құзыретіндегі мәселелер жөніндегі заңнамалық және бас да құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму жөніндегі талаптардың нормативтік әдістемелік қамтамасыз етуін ұйымдастыру; экологиялық сараптамалық қызметті үйлестіру; экологиялық сақтандырудың тетіктерін жетілдіру, тәуелдік пен қоршаған ортаға келтірілген зиянды бағалаудың әдістемесін белгілеу; оларды өткізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу жөніндегі нұсқаулық әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру; шаруашылық және басқа да қызметке қойылатын экологиялық талаптарды, стандарттар мен нормативтерді әзірлеу және жетілдіру, оның ішінде: ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне лимиттер мен квоталарды, қоршаған ортаға әсердің нормативтерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер нормативтерін белгілеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беруді және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлеріне лицензияларды беру туралы шешімдерді келісуді ұйымдастыру және жүзеге асыру; табиғат пайдалануға рұқсаттарды беруді, оларды есепке алу және жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру; жиынтық ақпараттық жүйені қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлігіндегі салық төлеушілер мен салық төлеу объектілерінің тізілімін жүргізу; қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы табиғат қорғау заңнаманы мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің, нысанына қарамастан, сақтауы мен орындауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; шаруашылық және өзге де қызметке стандарттар мен нормативтерді әзірлеу, оның ішінде: ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділеріне лимиттер мен квоталарды, қоршаған ортаға әсердің нормативтерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер нормативтерін белгілеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мына тақырыптар бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау; экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу; экологиялық аудит; талдамалық бақылау зертханаларының аккредитациялау шеңберінде эксперт-аудитор сертификатын алу үшін талдамалық бақылау зертханаларының мамандарын оқыту. Мемлекеттік тілді оқыту. | Ақпан- қараша | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық аумақты қоршаған ортаны қорғау басқармаларының әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу. | Сәуір- қазан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Орталық аппараттың және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының материалдық-техникалық жарақтандыруы. Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваторийіне талдамалық бақылау жүргізу үшін зертханалық жабдықтары бар теңіз кемесін сатып алу | Қаңтар -желтоқсан шілде | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеуіш желілік, телекомуникациялық және электр жабдықты, жинақтауыш және қосалқы бөлшектерді, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және уәкілетті органның жергілікті мақсаттарын шешуді қамтамасыз ету үшін шығын материалдар мен бағдарламалық өнімдерді сатып алу, қондыру, баптау. Есептеуіш техника мен жабдық құралдарына жүйелі техникалық қызмет көрсету. Интернет жүйесі мен электрондық поштаға шығу қызметтері | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
8 | | 100 | Сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер мен талаптарды) әзірлеу | Қоршаған ортаның сапасын бақылауды басқаруды және шаруашылық және басқа да қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралар қабылдауды оңтайландыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы сапалық және сандық көрсеткіштерді (50 әдістемелер үшін экологиялық нормативтер мен талаптарды) әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қайта жаңғырту, заңдылық пен құқық тәртібін қатайту мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету саласында қатынастарды реттеу; кәсіби деңгейін арттыру - 134 адам; мемлекеттік тілді оқыту - 340 адам; 50 әдістеме үшін сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтерді және талаптарды) бекіту.
Түпкі нәтиже: атмосфералық ауа, жердің озон қабаты, су, топырақ, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер әлемі, сонымен қатар олардың өзара әрекетіндегі ауаны қоса табиғи объектілердің жиынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақылардың толық түсімі,
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 14,5 мың теңге,
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 17,1 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген функциялардың уақытында орындау.
Сапасы: адамды қоршап тұрған ортаның жағдайын жақсарту және қауіпті жағдайлардың, адам өмірі және өзге тірі организмдер үшін зиянды немесе қауіптің алдын алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
383-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7208 мың теңге (жеті миллион екі жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 8 , 63 және 64-баптары; «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 21-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық талаптарға сәйкес келуді бағалау арқылы қоршаған ортаға жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтерді іске асыру кезіндегі ықтимал теріс әсер ету салдарларын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтердің қоршаған ортаға әсерін бағалауды сараптама жасалатын құжаттамада ғылыми негізделген талдауды жүргізу жолымен мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған жобалардың қоршаған орта сапасы нормативтеріне және экологиялық талаптарға сәйкестігін уақытылы айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу | Мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалатын жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалған кемінде 82 жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру.
Түпкі нәтиже: жоспарланған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер ету салдарларын барынша азайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жобаның экологиялық сараптамасын жүргізуге арналған шығыстар орта есеппен 87,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес бір жылдың ішінде жобалардың келіп түсуіне қарай экологиялық сараптаманы жүзеге асыру.
Сапасы: мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жобалардың экологиялық қауіпсіздіктің нормалары мен талаптарына сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
384-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 312700 мың теңге (үш жүз он екі миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 75-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» Заңының 3 , 18, 22 және 26-баптары; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңының 7-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама туралы» № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды дайындауға ғылыми негізделген ұсыныстарды және ұсынымдарды әзірлеу; Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің; озон қабатының бұзылуының, шөлейттенудің, Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластануының және тозуының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдарды жасау; қоршаған ортаны басқарудың жаңа көзқарастарын және әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды негіздеу жөніндегі ғылыми зерттеулер; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске сыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер | Жалғасатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу: 1. Өңірлік климаттың қазіргі өзгеруін бағалау, сондай-ақ экологиялық жайын климатының және экономиканың климатқа тәуелді салаларының өзгеруіне осалдығының және бейімделуінің мүмкіндігін бағалау, атмосферадағы көмірқышқыл газы шоғырларының жоғарылауы кезінде өңірлік климаттың өзгеру сценарийлерін әзірлеу; 2. Жердің озон қабатына физикалық және химиялық процестердің әсер етуін, сондай-ақ озон қабаты жай-күйінің өзгеруін, әсіресе, адам денсаулығына және басқа тірі организмдерге, климатқа, адам пайдаланған табиғи және жасанды материалдарға ультракүлгін, күн сәулелерінің өзгеруін бағалау; 3. Үлкен қашықтыққа ластағыш заттардың ауысуын және олардың түсуін бағалау жөніндегі ғылыми зерттеулер; атмосфераның ластану процестерін модельдеудің болатын мүмкін салдарларын айқындау және оның сапасын анықтау; ластанумен күрестің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; 4. Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) тұтынуды бағалауға және болжауға әдістемелік зерттеуді жетілдіру; ОБЗ импорттау және тұтыну мониторингінің жүйесін әзірлеу, сондай-ақ ОБЗ тұтыну процестерінің қысқарылуын басқару; ОБЗ тұтынуының өсу себептерін айқындау; Қазақстанда ОБЗ ұлттық кадастрын әзірлеу; 5. Қазақстандағы экологиялық жағдайды бағалау бойынша ғылыми зерттеулер, табиғи ресурстарды пайдалану дәрежесі, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсер етуі және басқаға кері әсер етуді төмендету үшін қолданылатын шаралар; 6. Экожүйенің негізгі құрауыштарындағы: топырақтағы, өсімдіктердегі, жануарлардағы шоғырланған энергияны анықтау бойынша ғылыми жұмыстар, сондай-ақ түрлі техногендік жүктермен және антропогендік сыққыш дәрежесін есепке ала отырып, топырақтың минералдық бөлігінің (Гиббс бойынша энтропия және энергия) термодинамикалық сипаттамасымен топырақтың пайда болу процестеріне энергия шығындаудағы түрлілік: жаңа тақырыптар бойынша; 7. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі салдарынан туындайтын процестерді ескере отырып Каспий маңы солтүстік-шығыс бөлігін, сонымен қатар көмірсутекті шикізаттың кенорындарын үздіксіз әзірлеуді қазіргі заманғы экологиялық зерттеу және бағалау; 8. Қазіргі экологиялық және саяси жағдайда Іле-Балқаш өңірінің жер асты суларының ресурстарын пайдалану перспективасын бағалау; 9. Қазақстан Республикасында техногенді қалдықтар және оларды кәдеге жарату жолдарын ғылыми-техникалық бағалау; 10. Парник газдары шығарындыларын сандық бағалау, парник газдары эмиссияларын төмендету бойынша Қазақстанның ұлттық стратегиясын әзірлеу, парник газдары шығарындыларына арналған квоталарды лицензиялаудың ұлттық жүйесін жасау үшін жағдай жасау, парник газдары эмиссиялары/ағындысы бойынша мониторинг және есеп жүйесін қалпына келтіру; 11. Солтүстік Қазақстан уран өндіруші өңірлерінде эколого-радиациялық жағдайды зерттеу; 12. Халық денсаулығына табиғи радиобелсенділіктің (радонның) кері әсер етуін зерттеу; 13. Экологиялық жай-күйлерін анықтау үшін әскери-сынақ полигондарының аумақтарын және оларға жақын өңірлерде (Сарышаған) кешенді зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер; 14. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан аумағын және тұрғындарының денсаулығына кешенді экологиялық зерттеулер жүргізу; 15. Қазақстанның үстіндегі озон қабаты жай-күйінің динамикасын зерттеуді жүргізу және оған кері әсер ету салдарларының алдын алу бойынша шараларды әзірлеу; 16. "2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шөлейттенумен күрес" бағдарламасы шеңберінде 2005- 2007 жылдарға арналған ғылыми- зерттеу жұмыстары (Қазақстан аумақтарының шөлейттену процестеріне ұшырауын бағалау және 1:1000000) масштабындағы жерлердің шөлейттену және тозу картасын жасау); 17. Ертіс бассейні және Балқаш өзені ағысының ресурстарына экологиялық бағалау жүргізу; 18. Ағынды сулар жинақтағыш жағдайына зерттеу жүргізу және тәжірибелік нұсқаулықтарымен; 19. Қоршаған ортаны ластағыш заттардан қорғау мақсатында "Бурабай" және "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің шегінде орналасқан шаруашылық ететін субъектілердің шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазалау жөніндегі ғылыми-негізделген ұсыныстарды әзірлеу; 20. Батыс Қазақстанның сулы-жағалау экожүйесінің өзгерісін ғылыми зерттеуді жүргізу; 21. Қазақстан Республикасы әуе бассейнінің техногенді ластану деңгейін бағалау және оны сауықтыру жөніндегі ғылыми-зерттеу ұсыныстарын әзірлеу; 22. Табиғи объектілерді эколого-экономикалық бағалау және табиғатты қорғау іс-шараларының экономикалық тиімділік әдісін әзірлеу; 23. Табиғатты пайдалануда рұқсат жүйесінде және экологиялық сараптамада жаңа ғылыми негізді рұқсат жүйесін әзірлеу; 24. Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік бақылаудың ғылыми- тәжірибелік моделін әзірлеу; 25. Қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми негізделген индикаторлар мен көрсеткіштерді, сонымен қатар табиғи жүйенің орнықтылығы мен экологиялық сыйымдылық шегін белгілеуде ғылыми-әдістемелік негізін әзірлеу және мақұлдау; 26. Қазақстанның шаруашылықты игеру аумақтарының экологиялық қауіптілігін бағалау; 27. Щучье-Бурабай курорттық аймағының экологиялық жай-күйінің болжамдық моделін әзірлеу; 28. Экологиялық төлқұжатты әзірлеу мақсатында Қазақстан қалаларының экологиялық ахуалының ғылыми-техникалық негіздемесі; 29. Экологиялық тиімді және ресурс қорғаушы технологиялар, өндірістер, шикізат түрлерін, материалдар, және жабдықтар әзірлеу жөніндегі зерттеулер; 30. Сынап ластаушы аумақтарда және өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарына мониторинг технологиясын әзірлеу және енгізу; 31. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің негізгі өртеңдерінің жерлерінде өсімдіктердің пирогендік ауысуын зерттеу; 32. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ландшафты зерттеулері (қазіргі заманғы геоэкологиялық жағдайын бағалау, тиімді пайдалану және қорғау); 33. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулер; Жаңа тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде: Қазақстан Республикасы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы жөнінде 2004-2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде: 1. Қоршаған ортаға шығарындыларды азайту арқылы жылу электр орталықтардағы экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесін қоршаған ортаға шығарындыны төмендету жолдарымен әзірлеу және ғылыми негіздеу; 2. 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйесінің гидроэкологиялық қауіпсіздігі; 3. Адамның өмір сүріп отырған ортасын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның экожүйесінің жағдайын ғылым-тәжірибелік бағалау негізінде азық-түліктің қауіпсіздігінің экологиялық картасын әзірлеу; 4. Техногенді сипаттағы газдардан қоршаған ортаны қорғау; 5. Трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу үшін Қазақстанның трансшекаралық аудандарының экологиялық жай күйін зерттеу; 6. Қазақстан Қарулы Күштердің арнайы қызметтерінің экологиялық қауіптілігі мен экологиялық тәуекелдігін бағалау; 7. Арал өзені өңірінің тұрғындарын сауықтырудың экологиялық әдістерін әзірлеу; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" Бағдарлама шеңберінде: 1. Алты валентті хром және броммен ластанудан Ақтөбе облысы Ілек өзенінің суларын сақтау жөніндегі технологияларды белгілеу үшін іздестіру жұмыстар мен зерттеулер жүргізу; 2. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және консервациялау жағдайын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қоршаған орта жағдайына әсер етуін зерттеу; 3. Қазақстан Республикасының электрондық атласын әзірлеу және жасау жөніндегі зерттеулер; 4. Солтүстік Каспий маңы аумағындағы ихтиофауналары және тереңдегі омыртқасыз жануарлардың көбеюі мен көшуіне мұнай газ қызметінің теріс әсерін бағалау; 5. Кіші өзендерді экологиялық қауіпсіздігін зерттеу және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; 6. Уран өндіруші кәсіпорындарда радиоактивті қалдықтармен ластанған ашық су қоймалары мен топырақтарды тазарту әдістерін әзірлеу; 7. ИСО 14000 халықаралық экологиялық стандарттарға көшудің ғылыми қамтамасыз етуін әзірлеу; 8. Қазақстан Республикасы кенттелген аумақтарында атмосфералық ауаның сапасымен басқарудың ақпараттық моделін әзірлеу және енгізу; 9. Қауіптілік факторын айқындау және олардың қоршаған ортаға және тұрғындар денсаулығына әсері; 10. Қазақстан Республикасы жер үсті суларының жағдайын талдау, қорғау және пайдалану; 11. Батыс Қазақстан өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарындағы негізгі қоршаған ортаны ластаушы индикаторларын және оның тұрғындар денсаулығына әсерін белгілеу; 12. Оңтүстік Қазақстан облысында экологиялық негізделген аурулар түрін анықтау үшін қоршаған ортаны ластаудың негізгі факторларын белгілеу; 13. Полилордифенилмен ластанған аумақтарды экологиялық бағалау; 14. Полилордифенил құрамды қалдықтардың экологиялық қауіпсіз шіруін зерттеу; | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
| | | | 15. Іле-Балқаш бассейннің су ресурстарының жай-күйін, жер асты суларының сапасын және Қытай Халық Республикасының аумағындағы Іле өзені бассейніндегі су тұтынудың күтілетін ұлғаюының болатын мүмкін салдарларын бағалау; 16. Қорғасын мен қоршаған ортаның ластануын кешенді бағалау және қайта қалпына келтіру технологиясын әзірлеу және экологиялық қауіптілікті төмендету; 17. Қазақстанның оңтүстігіндегі ураны бар өңірлерде радиоэкологиялық жағдайды зерттеу; 18. Термолюменесценттік және дозиметрикалық кешенді әзірлеу және жасау, радионуклидпен жерлердің радиациялық ластану деңгейін бағалау әдісі; 19. Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағын, оның орнықты даму жолдарын белгілеу үшін кешенді экологиялық зерттеу; 20. Іртіксізденген жер беті үстіндегі шекарааралас (жер үсті жағдайда) желді құмды динамикасын зерттеу; 21. Қазақстан Республикасы Каспий маңы өңірін экологиялық аймақтандыру. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде: 1. Су тұтынуды, су бөлу, су ресурстарының сапасы, су сақтағыш технологиялар, суды пайдалануды тиімдетуді нормалау мәселесі екі елде Қытай Халық Республикасының бірге зерттеулер мен қолда бар материалдарды зерттеу; 2. Ағынды және коллекторлы-кәріздеу суларға зерттеу жүргізу және оларды нәтижелі тазалау мен суару үшін қайтала пайдалану жөніндегі ұсыныстар әзірлеу; 3. Балқаш маңының шөлейт агроландшафттарының экологиялық орнықтылығын жер үсті суларды пайдаланумен оазистік суармалау жүйелері арқылы жоғарылатудың тәсілдерін әзірлеу; 4. Өңірде ауа райының өзгеруін ескере отырып Сырдария өзенінің ағынын болжау әдісін әзірлеу; 5. Химиялау құралдарын қолдану кезінде Оңтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінің техногенді ластануын зерттеу және оның топырақ қасиетіне және өңірдің экологиялық жағдайына әсер етуін зерттеу (Тасөткел массивінің суармалау негізінде); 6. Химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының өнеркәсіптік құрамында фтор бар шығарындыларының ареалындағы суармалы аймақтың топырағының қазіргі заманғы экологиялық жай-күйін кешенді бағалау және фторидтердің әсерін төмендету жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу. "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" Бағдарламасы шеңберінде: 1. Балқаш-Алакөл бассейнінің тұрғындарының денсаулықтары төмендеу тенденцияларна антропогендік факторларын зерттеу және бағалау; 2. Шекаралас мемлекеттермен су алу көлемін ескере отырып трансшекаралық су ағындарын ағынын болжау әдістемесін әзірлеу (Іле және Ертіс өзендер мысалында); 3. Іле өзенінің атырауының экожүйесін зерттеу және Іле өзен және Балқаш өзенінің атырауындағы биоәртүрлілікті сақтау және қайта өндіру жөніндегі кешенді іс шараларды әзірлеу, Іле өзенінің төменгі сағасында экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету; 4. Тентек өзені, Сасықкөл - Алакөл көлдер атырауының экожүйесін зерттеу және өзендердің төменгі ағысына экологиялық тұрақтылықты және олардың биоәртүрлілігін сақтауды қамтамасыз ету; 5. Балқаш-Алакөл бассейнінің рекрациондық әлеуетін кешенді игеру сызбасын ғылыми қамтамасыз ету; 6. Балқаш-Алакөл бассейнінің күтілетін жер үсті суларын ресурстарының өзгерістері жағдайында табиғи-шаруашылық жүйесінің гидроэкологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізін әзірлеу; 7. Балқаш-Алакөл аумағының табиғи-ресурстық әлеуетін және экологиялық жағдайының карталар бумасын құру; 8. Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайының өнімділік нарығы қауіптілігіне және сапасына әсер етуін бағалау; 9. Балқаш-Алакөл өңірінің экожүйесінің орнықтылығын арттыруға ғылыми негізін әзірлеу. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкестегі Экология және климат қазақ ғылыми-зерттеу институты үшін жабдықтарды иемденуіне күрделі трансферттерді атап өтуі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізу жөніндегі қызмет көрсетуді төлеу. | | |