|
|
|
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 436, 437, 438, 439, 439-1, 440-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1085 Қаулысымен 436-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 436-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 437-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 438-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 314000 мың теңге (үш жүз он төрт миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тиімділігін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашу, оның жолын кесу және тергеу бойынша қаржы полициясы органдары жедел-қызмет іс-әрекеттерінің процесін автоматтандыру; қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының басқа да органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру; ақпараттық қауіпсіздік жүйесімен бірге қаржы полициясы органдарының бірыңғай ақпараттық деректер банкін құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Экономикалық және қаржылық қылмыстардың ашылуының артуы жылына 50%, ҚР ЭСЖҚА қызметкерлері жұмысының өнімділігін 30% арттыру. Экономикалық тиімділік коэффициенті 1.23; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ашылуын арттыру; криминалды экономиканың деңгейін түсіру; мемлекет бюджетіне салық салудан жасырылған немесе криминалды айналымға тартылған қаражаттардың қайтарылуын арттыру; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың деңгейін төмендету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 439-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 439-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 439-1-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған 007 «Білім беру объектілерін дамыту» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 162800 мың теңге (жүз алпыс екі миллион сегіз жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5 және 23-баптары; «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіби кадрлар даярлау үшін қаржы полициясы органдары оқу орындарының тиімді іс-қимыл жасауы. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тыңдаушыларды даярлаудың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қаржы полициясы органдарының оқу орнының оқу процесіне тиісті жағдайлар жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қаржы полициясы академиясының оқу корпусын қайта құру және күрделі жөндеу жүргізу (қажетті жұмыстардың жалпы көлемінен 100%). Түпкілікті нәтиже: Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының оқу жағдайларын жақсарту. Уақтылығы: жұмысты жүргізу кестесіне және бекітілген шарттарға сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 440-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |