|
|
|
«Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерін белгілеу туралы»
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері белгіленсін. 2. Мемлекеттік органдар ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 54 қаулысына қосымша
Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерi
Пайдалы қазбалардың көлемін және кен орнының экономикалық құндылығын ескере отырып, есепке алу негізінде қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді, мұнда: С - Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - ҚМК) бекіткен А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша пайдалы қазбалардың жиынтық қорларының құны; мұнай, мұнай-газ және газ келісім-шарттары үшін: Сп - алдын ала бағаланған C2 санатты қорлардың және С3 болжамды ресурстардың ҚМК бекіткен және (немесе) әлеуетті коммерциялық объектінің қорларын жедел санау үшін мәліметке алынған жиынтық құны; тау-кен келісім-шарттары үшін: Cп - алдын ала бағаланған С2 санатты қорлардың және болжамды ресурстардың ҚМК бекіткен және (немесе) әлеуетті коммерциялық объектінің қорларын жедел санау үшін мәліметке алынған жиынтық құны. 1. Барлауға арналған келісім-шарттар үшін: 1) мұнай, мұнай-газ және газ келісім-шарттары үшін қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 2 800 (екі мың сегіз жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді; 2) техногенді минералдық түзілімдерге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, тау-кен келісім-шарттары үшін қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 280 (екі жүз сексен) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді; 3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келісім-шарттар үшін қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. 2. Барлауға және өндіруге арналған біріктірілген келісім-шарттар үшін: 1) мұнай, мұнай-газ және газ келісім-шарттары үшін: егер қорлар бекітілмесе, онда қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді; егер қорлар бекітілсе, онда (С х 0,02%) + (Сп х 0,005%) формуласы бойынша, бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс; 2) техногенді минералдық түзілімдерге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, тау-кен келісім-шарттары үшін: егер қорлар бекітілмесе, онда қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 500 (бec жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді; егер қорлар бекітілсе, онда (С x 0,005%) + (Сп x 0,001%) формуласы бойынша, бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс; 3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келісім-шарттар үшін қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 80 (сексен) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. 3. Өндіруге арналған келісім-шарттар үшін: 1) мұнай, мұнай-газ және газ келісім-шарттары үшін (С х 0,04%) + (Cп x 0,01%) формуласы бойынша, бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс; 2) техногенді минералдық түзілімдерге арналған келісім-шарттарды қоспағанда, тау-кен келісім-шарттары үшін (С x 0,01%) + (Cп x 0,005%) формуласы бойынша, бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс; 3) кең таралған пайдалы қазбаларға, жер асты суларына және шипалы балшықтарға арналған келісім-шарттар үшін қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 120 (бір жүз жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. 4. Техногенді минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге арналған келісім-шарттар үшін С1 х 0,01% формуласы бойынша, бұл ретте қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс. 5. Сарқынды суларды ағызуға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге қатысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін жер қойнауын барлауға арналған келісім-шарттар үшін қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшері 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. 6. Пайдалы қазбалар қорларының құны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақпарат көздерінің деректері бойынша осы пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға салықтық сараптама жүргізу сәтінде Халықаралық (Лондон) биржада белгіленген биржалық бағамен есептеледі. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда алынатын және болжамдалатын қорлардың кұны белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыс бағдарламасында көрсетілген бүкіл кезеңде өндіруге жұмсалған, 1,2 коэффициентіне көбейту жолымен түзетілген жалпы шығындар сомасынан белгіленеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |