Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы Қазақстан Осы редакция 2007 ж. 30 қантарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Автомобильдердiң және басқа да көлік құралдарының үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшiн берiлген жерлердi жол органдарының ұтымды пайдалануы мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi, «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi, «Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 16.01.03 ж. № 30 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі; Қазақстан Республикасында ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын құрудың және пайдаланудың тәртібі; Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерлерін пайдаланудың тәртібі; Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртібі және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлем ставкалары. 2. «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың ТӘРТІБІ 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдаланудың тәртібін белгілейді. Тәртіп барлық министрліктер мен ведомстволарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарға, сондай-ақ барлық автомобиль жолдары бойынша қозғалысқа қатысушыларға және жолдарды пайдаланатын, автомобиль жолының жолақ бөлігінде және бақыланатын аймағында құрылыс салу, жөндеу, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін азаматтарға қолданылады. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Тәртіп жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді. 4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс. 2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 5. Жол қозғалысына қатысушылардың: Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Тәртіпке сәйкес жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге; жол органдары мен жол полициясы органдарының лауазымды тұлғаларынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға; жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға; жол-көлік оқиғасы жағдайында оқиға болған жерде де, медициналық мекемеге бара жатқан жолда да ақысыз кепілдікті медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органдарынан, жол полициясы органдарынан және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымды тұлғалардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға; жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңдарда белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне; жол органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар. 6. Автомобиль жолдарында жол мен құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүруді қамтамасыз ететін көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі. 7. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың іс-әрекеттері жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендетпеуі, қозғалыста үзілістердің пайда болуына ықпал етпеуі, көлік құралдары жылдамдығының, жол мен жол құрылыстарының сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс. 8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою жөнінде өздеріне байланысты шаралар қолдануы немесе ол туралы жақын жердегі жол органына немесе жол полициясы органына хабарлауы тиіс. 9. Көлік құралдарының төсемі жетілдірілген жолға шығар жерде көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншік нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар, көлік құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етуге және оның жолдың жүру бөлігіне түсуіне жол бермеуге міндетті. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Аумақтары автомобиль жолдарына шекаралас, сондай-ақ аумақтары жол бойындағы жолақтың шегінен өтетін жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар: жалпы пайдаланылатын жолдарға баратын және оларға кірме жолдарды, сондай-ақ оларға тиесілі жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын техникалық жарамды күйде ұстауға; жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының ағашпен көлеңкеленуіне, үй немесе басқа да құрылыспен қалқалануына жол бермеуге; көлік құралдарының жолдарына, жайластырылмаған түсер және шығар жолдардың пайда болуына жол бермеуге; жолға іргелес орналасқан қоршаулар мен құрылыстарды дұрыс және эстетикалық күйінде ұстауға; көруді қиындататын және қозғалыстың қауіпсіздігін нашарлататын конструкциялардың, тастардың және басқа да материалдардың жинақталуына жол бермеуге; үй жануарлары мен құстардың жолға шығу мүмкіндігін болдырмау шараларын қолдануға міндетті. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы берген және жол полициясының органдарымен келісілген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордері) болған кезде ғана жол беріледі. 3. Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға арналған міндетті келісулер ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар: 1) жол органдарымен және Жол полициясы бөлімшелерімен: ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне; жарылғыш, радиоактивті және күшті әсер ететін улы заттарды тасымалдауға; автомобиль жолдарын арналардың, байланыс және электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының, темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне; автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысатын кезде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге; темір жолдарды қиып өтетін жерлерді жасауға, қайта жаңартуға, жөндеуге және жоюға; автомобиль жолдарының жолақ бөлігі мен жол бойындағы жолағына дүңгіршектерді, павильондарды немесе басқа да құрылыстарды орналастыруға; автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне жол ақпаратына қатысы жоқ транспаранттарды, маңдайшаларды, жарнамаларды, плакаттарды орнатуға; автомобиль жолдарының жолақ бөлігі мен жол бойындағы жолағына сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға; жолдарда бұқаралық және спорттық шаралар жүргізуге; жалпы пайдаланылатын жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерін орналастыруға; жүктерді тиеу және түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға; автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жүргіншілердің жүруіне кедергі жасайтын кез келген жұмыстарды жүргізуге; 2) жол органдарымен: мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшін көпірден жоғары немесе төмен жерде 2,5 километрден кем қашықтықта өзендер мен суағарлардың арнасын тереңдетуге; жолмен қосарланған немесе жер кеңістігіне қарай жолдан жоғары орналасқан шлюздерді, бөгеттерді және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге; жолдардың жолақ бөлігі мен жол бойындағы жолағында үйлер, ескерткіштер салуға, дуал тұрғызуға, сәндік көшет отырғызуға, кеніштер қазуға; автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде ағаштарды кесуге және отырғызуға; жолдар мен жол құрылыстарының өлшемдерін алуды және суретке түсіруді жүргізуге келісім жасайды. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүруі көлiк саласындағы уәкілеттi орган беретін арнайы рұқсат бойынша (шетел мемлекеттері үшін кіру және шығу рұқсатынан басқа) ғана жүзеге асырылады. Жолмен жүру осы көлік құралдарының жүруі арқылы жолдарға және жол құрылыстарына тигізетін залал үшін толық өтем төленген соң жүзеге асырылады. Осы өтем кіруіне, шығуына және транзитпен өтуіне халықаралық рұқсаттар үшін алынатын төлем есепке алынбастан төленеді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарының салмақтарын және автокөлiк құралдарының білікке түсетiн жүктемелерiн, автокөлiк құралдарының жүріп өту ережесін және рұқсат құжаттарын беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейді. 15. Жол органдарының жұмыс жобасын бұзып жүзеге асырылатын объектілердің құрылысын тоқтатуға құқығы бар. 16. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары жолақ бөлігінің жерлері жол органдарының пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамыту мен көркейту үшін ғана арналған. Жол органдары пайдаланбаған автомобиль жолдары жолақ бөлігінің жерлерін олар белгіленген тәртіппен жер учаскесінің негізгі мақсатты арналуын өзгертпестен, жолдың көлік-пайдалану сапасының, қоршаған ортаны қорғау мен көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі талаптарының төмендеп кетуіне жол берілмеуі шартымен, сервис пен жарнама объектілерін орналастыру үшін шарт жасасу негізінде жеке және заңды тұлғаларға уақытша жерді қысқа мерзімді пайдалануға бере алады. Салынып және қайта жаңартылып жатқан жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген жерлердің әртүрлі деңгейде көлік айырымдары, сондай-ақ жол және автокөлік қызметтерінің үйлері мен ғимараттары орналасқан ені мен жер аудандары автомобиль жолдарына арнап жер берудің белгіленген нормалары бойынша белгіленеді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Жолдардың перспективалық құрылысын салу мен қайта жаңарту үшін жағдай жасау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бұзылуын болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келісусіз жол бойындағы жолақ шегінде елді мекендер, үйлер мен ғимараттар, инженерлік коммуникациялар және басқа объектілер салуды жобалауға және құрылысын жүргізуге тыйым салынады: жергілікті маңызы бар жолдар жолақ бөлігінің екі жағындағы қашықтығы кемінде 100 м. қашықтықтағы; халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар жолақ бөлігінің екі жағындағы кемінде 200 м. қашықтықтағы. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18. Жалпы пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдарының бойындағы жолақтарға жол қызметi объектілерiн және жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, күрделi құрылыстар салуға тыйым салынады. 19. I-III санатты жалпы пайдаланылатын жолдардың бойындағы тұрақты тамақтану және демалыс пункттерін топырақ төсемінің жиегінен кемінде 100 метр жерге орналастыруға рұқсат етіледі. Автомобильге жанар-жағармай құятын стансалардың ең жақын колонкаларын I санатты жолдың жүріс бөлігінің жиегінен кемінде 25 метр қашықтыққа және басқа санатты жолдардың жүру бөлігінің жиегінен кемінде 15 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі. Автомобильге жанар-жағармай құятын стансалардың аумағына кіру және шығу, сондай-ақ тамақтану, демалыс пункттеріне және басқаларына кіреберіс көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс. 20. Ескерткіштерді I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 100 метр қашықтыққа, ал IV-V санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 50 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі. 21. Жаңадан құрылатын бағбандар серіктестіктерін I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кем дегенде 50 м және IV-V санаттағылар үшін - кемінде 25 м қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 22. Автомобиль жолдарының бойына инженерлік коммуникациялар төсеу елді мекендерде автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 25 метр жерде және олардың шегінен тыс жерлерде кемінде 50 метр жерде жүргізілуі тиіс. Коммуникацияларды төсеу кезінде жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру жұмыстары жұмысты орындаушы ұйымның қаражаты мен материалдарының есебінен жүргізіледі. Оларды не жол органдары, не инженерлік коммуникацияларды төсеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы ұйым жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде жол бойындағы жолақта орналасқан және орын ауыстыруға жататын коммуникациялар қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды орындаушы ұйымның қаражаты есебінен жайластырылады. 23. Инженерлік коммуникацияларды тартуға жол органдарынан рұқсат алу үшін бұл жұмыстарды жүргізетін ұйым: белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын; тапсырыс берушінің жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ететіндігі туралы кепілдемелік хатын, сондай-ақ жол мен жол құрылыстарын қалпына келтірудің жобасын; жол белгілері мен қоршауларды орналастырудың және жұмыс жүргізілетін орындардың сызбасын; жұмыс жүргізудің күнтізбелік кестесін; жолдың зақымдалған элементтерін қалпына келтіретіндігі туралы міндеттемені немесе егер қалпына келтіру жұмыстарын жол органы орындайтын болса, жолдың бұзылған учаскесін қалпына келтіру кезінде жүзеге асырылатын жұмыстарды қаржыландыратыны туралы кепілдемелік хатты ұсынуға міндетті. Инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат ол үшін қажетті қаражат жол органының есеп шотына аударылғаннан кейін ғана беріледі. Ол үшін жол органының өкілі мен тапсырыс берушінің ұйымы, зақымдалған учаскелерді қалпына келтірудің мерзімін көрсете отырып, жол төсемінің, топырақ төсемінің, айналма жол мен жол құрылыстарының іс жүзіндегі жағдайы туралы, алда тұрған жұмыстардың сипаты мен көлемі туралы екі жақты акті ресімдейді. Жұмыс елді мекендердің шекарасында жүргізілетін жағдайларда аудан әкімінің рұқсаты да қажет. 24. Жалпы пайдаланылатын жолдарда жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу жол полициясы органдарымен келісілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 25. Шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жол органы өкiлiнің және автомобиль жолдарын басқарушы өкілiнiң қатысуымен, кейіннен осы Тәртіптің 13-тармағында белгіленген тәртіппен рұқсаттар ресімделуі арқылы орындалуы тиіс. Жол органы өкілінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі нұсқаулары міндетті болып табылады. 26. Жолдардағы орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды мердігер ұйымның қатысуымен, жол органы жүзеге асырады және екі жақты актімен ресімделеді. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты құқықтары мен міндеттерi 27. Автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органдары автомобиль жолдарында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: жолдар мен автомобиль жолдарындағы құрылыстардың жай-күйі туралы дұрыс ақпаратты ұйымдастыруға; жолдарды қыста ұстаудың жоспарына сәйкес қысқы кезеңде жолдарды және жол құрылыстарын қардан тазартуға және төсемнің тайғақтығына қарсы шаралар қолдануға; қозғалысқа қатысушыларды қауіпті метеорологиялық құбылыстар (тайғақ мұз, тұман, күшті жел, бұрқасын, қар көшкіні), табиғи (жер сілкінуі, сел тасқыны, су басу, көшкін, дауыл және т.б.), сондай-ақ техногендік (көлік авариялары, апат жарылыстар, өрт, улы заттар тараған авариялар және т.б.) сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабардар етуге; қауіпті метеорологиялық құбылыстар, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, автомобиль жолдарының немесе олардағы құрылыстардың көтеру қабілеті жоғалған кезде, жол-жөндеу жұмыстарын, бұқаралық және спорттық шараларды жүргізу кезінде қозғалысты шектеуге немесе тоқтатуға; қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға; жол полициясы органдарымен өзара іс-қимылда оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізуге, олардың пайда болуына әсер еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға; байланыс желісі мен жол бойындағы автосервис пункттері жүйесінің дамуына ықпал етуге; авариялар, автомобиль апаты, табиғи зілзалалар жағдайларында мүмкін болатын дәрігерге дейінгі медициналық жәрдемді қамтамасыз етуге және қозғалысқа қатысушыларды құтқару жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайы бойынша болса, оған қызметтік тексеру жүргізуге; көлік ағымы құрамының, жүйелілігінің және жүк тасу қауырттылығының есебін жүргізуге міндетті. 28. Теміржол өткелдерін, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерінің күтімін автомобиль жолдарымен бір деңгейде ұстауды, және өтпелерді күзетуді теміржол дистанциялары немесе тиісті теміржол иелері, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының теміржол арқылы өтуін ұстауды - жол органдары жүзеге асырады. 29. Төсемі жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін барлық олардан түсу және шығу жолдарының құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы 50 м, және басқа топырақты жерлерде 100 м, ал қиыршық тас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты төсеніш болуы тиіс. Жалпы пайдаланылатын жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін жолдарда түсу, шығу жолдарында қатты төсеніш төсеуді олар қарауындағы кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар және олардың қаражаты есебінен, жол органдарының техникалық бақылауымен жүзеге асырады. 30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органдары жол орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіруге міндетті. ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 31. Жол органдарының қызметкерлерi заңнамада белгiленген тәртiппен жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнен тысқары әкетудi талап етуге құқылы. 5. Автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салу ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 32. Автомобиль жолдарында: көлемдік өлшемдері, массасы немесе жүк тиелген немесе жүксіз біліктегі салмағы рұқсат етілетіндерден артық немесе жол белгілерінде көрсетілгендерден асып түсетін көлік құралдарының, сондай-ақ қауіпті жүк тасымалдаушы көлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүруіне; жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың, жол полициясы бөлімшелерінің келісімінсіз жөндеу және басқа жұмыстар жүргізуге; жолдарды, жол құрылыстарын, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын, жасыл желекті және басқа да жол жайластыруларын зақымдауға; көлік құралдарының, ауылшаруашылығы және басқа да техниканың белгіленбеген және ол үшін жабдықталмаған жерлерде жолға кіруіне, шығуына және олар арқылы өтуіне; көліктің барлық түрінің бөлгіш жолаққа шығуына және онда тоқтап тұруына; оқыту мақсатымен рұқсат етілмеген жолда жүруге; шынжыр табанды көліктің, дөңгелектерінің шашағы, бұдыры, шынжыры және тағы басқалары бар машиналар мен механизмдердің жүруіне; жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін болатын жұмыстарды орындауға, көлік құралдарын жөндеуге және майлауға, көлікті тазалауға және жууға (қажет болған жағдайда бұл жұмыстар арнайы жабдықталған орындарда, ал ерекше жағдайларда жол жағасында орындалады; қалған қоқыстарды материалдарды және басқа да заттарды жүргізушілер немесе көлік құралдарының иелері дереу тазалауы тиіс); жолдың жүру бөлігін, шетін, көпірлерді, құбырларды, арықтарды, кәріздік және суағар қондырғыларды және жолдың жолақ бөлігін құрылыс материалдарымен, ауылшаруашылығы өнімдерімен және басқа да заттармен ластауға және бөгеуге, сондай-ақ, жолды және оның жолақ бөлігін ластайтын жүкті тиісті буып-түюсіз тасымалдауға, жүкті жолдың жүру бөлігінде тиеуге және түсіруге; малды жол арқылы арнайы бөлінген жерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы кезінде және жеткіліксіз көрінетін жағдайда айдап өтуге, малды төсемі жетілдірілген жолмен айдауға және оларды жолдың жолақ бөлігінде жаюға; жолдың жолақ бөлігінің шегінде белгіленбеген жерде лагерь, шатырлы және басқа да демалыс қалашықтарын тұрғызуға, сауда жасауға; автомобиль жолдарының, көпірлердің жүру бөлігінде серуендеуге, 50 метрден жақын қашықтықта шомылуға, кір жууға, көпірде, көпірдің тіреулері мен мұз кескіштері қасында тұрып балық аулауға; көпірдің астына қайық стансаларын орнатуға, қайық пен салды көпір тіреулеріне байлауға; ағаш көпірлерде және ағаш төселген көпірлерде шылым тартуға, жолдың жолақ бөлігінде және ағаш көпірлерге 100 метрден жақын жерде от жағуға; жолдың жолақ бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаусыз тез тұтанғыш және жанғыш материалдарды (жалпы зат сақтауға рұқсат болғанның өзінде) сақтауға; жолақ бөлікте құрғақ шөпті өртеуге; сымдардың үзілуі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақтандырғыш қондырғыларсыз автомобиль жолдарының жоғары вольтты электр желісімен қиылысуына; қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай өнімдері құбыры, су құбыры, газ құбыры, канализация және басқалар) топырақ төсеміне, сондай-ақ көпірдің және жол өткелінің астына салуға; автомобиль жолдарын су басуына және жолдың жолақ бөлігінің батпақтануына әкеп соқтыратын сортаң топырақты жерлерді шаюға, жол жырасын арық ретінде, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға; |