Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 Бұйрығымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 44 бұйрығымен бекітілген
Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда болу тәртібін реттейді. 2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мына түрлеріне қолданылады: табиғат қорғау мекемелері - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер; мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау кәсіпорындары); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|