Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы (2006.14.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн. 3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттік органдар белгiленген тәртiппен: 2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн; мемлекеттік тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн. 4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекітілген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: 2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсiн. 6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi № 51 өкімінде көрсетiлген мемлекеттік органдар: дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкіметіне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзсiн. 7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесi Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес заң актілерін әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрлендi. 1. Заң жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай, тиiстi бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2005.03.11. № 1096 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Заң жобалары бойынша тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, криминологиялық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және тағы басқа) заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға байланысты жүргiзiлуi тиiс. 3. Қазақстан Республикасының Yкіметі бастамашылық еткен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдарға (бұдан әрi - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледi. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2. Заң жобалары ғылыми сараптамасының мiндеттерi 5. Заң жобаларына ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi: 1) заң жобасын қабылдаудың сапасын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау; 2) заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру; 3) заң жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылымитехникалық, экологиялық және өзге де салдарларын бағалау; 4) заң жобасының мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау; 5) заң жобасы қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау үшiн жағдайлар пайда болуын айқындау; 6) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Криминологиялық сараптама мынадай мiндеттердi басшылыққа алады: 1) заң жобалау базасын жетiлдiру; 2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау; 3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу; 4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу; 5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысты салдарлары; 6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау; 7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары; 8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi; 9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы; 10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi; 11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау; 12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгізу; 13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру; 14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау. 3. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртібі мен шарттары 6. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады. 7. Сарапшылар ретiнде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн. Жоба ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Сарапшының жоғары білімi және ғылыми сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми білімi және (немесе) ғылыми дәрежесi болуы тиiс. 9. Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды iрiктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен сарапшы арасында жасасылған азаматтық-құқықтық шартта немесе еңбек шартында белгiленедi. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды 10-1 Сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi: заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу; Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзгенге дейiн. 4. Ғылыми сараптамалардың әр түрлiлiгi 11. Заң жобалары бойынша кешендi, дербес, комиссиялық, қайталама және қосымша ғылыми сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн. Кешендi сараптама заң жобасын білімнiң түрлi салалары негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi. Дербес сараптама заң жобасын білімнiң бiр саласы негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi. Комиссиялық сараптаманы бiр мамандық сарапшыларының комиссиясы жүргiзедi. Қайталама сараптама осы мәселелер бойынша алдыңғы сараптама нәтижелерi жөніндегі сарапшы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда жүргiзiледi. Қосымша сараптама заң жобасына оны пысықтау нәтижесiнде тұжырымды өзгерістер енгiзiлген жағдайда жүргiзiледi. 5. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру 12. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 6. Ғылыми сараптама жүргiзу үшiн ұсынылатын құжаттар ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 (бұр. ред. қара); 2006.14.02. № 99 (бұр. ред. қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасының көшiрмесiмен бiрге сарапшыға мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады: заң жобасына түсiндiрме жазба (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде); заң жобасына салыстырмалы кесте, қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттік және орыс тілдерiнде); зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер. Сарапшының сұратуы бойынша Сараптаманы ұйымдастырушы сол сияқты заң жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге материалдарды да ұсынуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 14-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара) 14. алып тасталды 7. Сараптама жүргiзу мерзiмдерi ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Ғылыми сараптама сарапшыға заң жобасы және оның материалдары ұсынылған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi тиiс. Қажет болған ретте сараптаманы жүргiзу мерзiмi Сараптаманы ұйымдастырушының келісімi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшiн қосымша он күнтiзбелiк күн берiледi. ҚР Үкіметінің 04.09.03 ж. № 898 қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды 15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша заң жобасын пысықтаған жағдайда сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді. 8. Сарапшының құқықтары мен мiндеттерi 16. Сарапшының мынаған құқығы бар: сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, соның iшiнде сарапшылық жұмыс жүргiзу барысында туындаған мәселелер бойынша да барлық ақпаратты алуға; орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға; Сараптаманы ұйымдастырушының келісімi бойынша өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыретi шегіндегі өзге мәселелер бойынша да қорытындылар беруге; сараптаманы жүзеге асыру кезiнде оның орындалуына, егер шартта өзгесi көзделмесе, үшiншi тұлғаларды тартуға. Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық қорытынды беруге; өз күшiмен, өз есебiнен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде ғылыми сараптама жүргiзу барысында өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi жоюға; Сараптаманы ұйымдастырушыға күтiлген нәтижелердi алу мүмкiн болмайтынын анықтағаны немесе одан әрi ғылыми сараптама жүргiзудiң орынсыздығы туралы дереу хабарлауға; Сараптаманы ұйымдастырушыға сараптама жүргiзу барысында шеккен шығыстары туралы есеп беруге; ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсіне қатысты мәлiметтердiң, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерiнiң жасырын болуын қамтамасыз етуге; шартта белгiленген өзге де мiндеттердi алады. 18. Жүргiзiлген ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша сараптама жүргiзудiң мәнiсi жөнiнде сарапшылардың уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық тұжырымы болуы тиiс сараптамалық қорытынды жасалады. Сараптаманы ұйымдастырушыда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиiстi түсiндiрмелер беруi үшiн сарапшыға жүгiне алады не оған Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде қайталама сараптама жүргiзудi мiндеттей алады. 19. Сараптамалық қорытынды сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады, ал сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда, қорытындыда оның аты-жөнi және оның құзыретiн көрсететiн деректер көрсетiледi. 20. Сараптамалық қорытындыда мыналар көрсетiлуi тиiс: сараптама жүргiзген ұйым немесе адам; сараптама жүргiзiлген ғылым саласы; Сараптаманы ұйымдастырушы; сараптаманың мәнiсi мен мақсаттары, сарапшы алдына қойылған сұрақтар; заң жобасының атауы; заң жобасының арналуы; заң жобасының құрылымы; қойылған сұрақтарға негiзделген және толық жауаптар. 21. Сараптама үшiн бiрнеше заң жобасы ұсынылған жағдайда сарапшы заң жобаларының әрқайсысы бойынша сараптама жүргiзедi және қорытынды жасайды. 22. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргiзушi ұйымның бiрiншi басшысы немесе ғылыми сараптама жүргiзген жеке тұлға қол қояды. 23. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Ғылыми сараптама терiс қорытынды берген кезде, Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды. Заң жобасы мен оған берiлген сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзген кезде Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерiнiң уәждi негiздемесiн беруi тиiс. |