«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө Өкімі
(2008.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2007.13.06. № 161-ө Өкімімен тізбе толықтырылды; ҚР Премьер-Министрінің 2008.19.02. № 38-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 82-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 2 наурыздағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Инновациялық патентке және өнертабысқа бері- летін патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
2 | Пайдалы модельге бері- летін патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
3 | Өнеркәсіптік үлгіге берілетін патентке өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
4 | Тауар белгісіне арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
5 | Тауар шығарылған жердің атауына және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
6 | Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
7 | Өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықты басқаға беру туралы шарттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
8 | "Өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатының және автордың куәлігінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 53-п бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
9 | "Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляция- лық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санат- керлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі- нің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының бұйрығы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | мамыр |
10. | Селекциялық жетістіктердің патент қабілеттілігіне және шаруашылық пайдалылығына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 2008 жылғы наурыз |