|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2009.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1) Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) екі апта мерзімде Жалпыұлттық жоспарды және Бағдарламаны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 2) Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 шілдеге және 25 қаңтарға Жалпыұлттық жоспардың және Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары: 1) Жалпыұлттық жоспардың және Бағдарламаның іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың және Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |