Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен күші жойылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А.Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.В.Журина) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Х.Н.Мусинге жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Туризм және спорт министрлігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1-2/35 бұйрығымен Бекітілді
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесі
1. Осы ереже «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімі осы ережелермен белгіленген қосымшаға сәйкес нысанда, ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар туралы, сондай-ақ қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта басталған немесе тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты қамтитын журнал болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|