|
|
|
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері»
Осы редакция 2007 ж. 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министріне екі вице-министрі болуына рұқсат берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын. 4. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті; 2) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын. 5. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 6. Мыналарға: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасына бір орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасына бір орынбасары болуына рұқсат берілсін. 7. Мыналар: 1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін: туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның ішінде туристерді, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ойын-сауық объектілері мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге мақсаттағы объектілерді орналастыру орындарын жоспарлау; туризм индустриясы объектілерін салу үшін қажетті инженерлік коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу; 2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін: туризм және спорт объектілерін ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу; туристік қызметтер мен туристік өнімдердің маркетингі; жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндіру; кәдесый және басқа да туристік өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін. 9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп: 1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 200000000 (екі жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі белгіленген тәртіппен қоғамдардың директорлар кеңесін қалыптастырсын. 11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегi № 329 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті туризм, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Спорт комитеті, Туризм индустриясы комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрліктің толық атауы «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 5. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 7. Осы ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 8. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 9. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 126.
2. Министрліктің функциялары және құқықтары
10. Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады: туризм, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тұжырымдамалар, туризмді және спортты дамыту стратегияларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу; туристік қызметтің басым бағыттарын және кластерлік бастамаларды әзірлеу, туристтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау; туристік және спорттық қызметтер нарығында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, онда туристік және спорттық қызметтердің барлық субъектілері үшін тең жағдайлар жасау; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу және қабылдау, өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту әрі оны жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу; спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу тәртібін айқындау; Министрліктің құзыретіне жататын салалардағы қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу; жетекшілік ететін салаларды дамыту жай-күйінің мониторингін жүргізу және жетекшілік ететін салаларды дамытудың жаңа технологияларын әзірлеу; көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту, спорттық атақтар, разрядтар мен санаттар берудің тәртібін белгілеу; тұрғын үй аудандарының, әкімшілік ғимараттарының, мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданыстағы қала құрылысы нормаларының негізінде спорт құрылыстарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлеу; спорт құрылыстарын пайдаланудың нормалары мен ережелерін, спорт құрылыстарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлеу және бекіту; туризм және спорт саласына, оның ішінде туристік өнім өндіруді дамыту үшін инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; ішкі және халықаралық туризмді дамыту, туристік қызметтер нарығын қалыптастыру; Министрліктің құзыретіне жататын салаларда мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру; Министрліктің құзыретіне жататын салаларда қолданбалы және ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру; туристік саланың дамуына талдау жүргізу, туризм индустриясын дамытудың әлемдік тәжірибесін, оның ішінде кластерлік бастамалар шеңберінде зерделеу және қорыту; туристік индустрияны дамыту жөнінде шаралар әзірлеу; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптамалық және болжамдық бағалаулар дайындауды жүзеге асыру; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен, оның ішінде мүгедектер арасында спортты дамыту мәселелері бойынша мүгедектердің дене шынықтыру-спорттық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; туристік индустрияны дамытуға инвестицияларды тарту үшін туристік саланың тартымды инвестициялық беделін қалыптастыру жөнінде шаралар әзірлеу; Қазақстан Республикасында және шетелде дене шынықтыру және туристік сала үшін мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін гранттар, техникалық көмек, донор-институттар тарту; туристік индустрия саласында қолданылатын статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында туристік индустрия субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау және Туризмнің қосалқы шотын (ТҚШ) енгізудің әдіснамасын әзірлеу, туристік нарыққа зерттеу жүргізу; симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды, оқытудың және туризм мен спорт саласындағы мамандармен тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға қатысу; халықаралық туристік оқиғалар мен туристік беделді қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу үшін көзделген қаражат шегінде жұмыстарды ұйымдастыруға және делегацияларды іссапарларға жіберуге арналған шығыстарды бекіту; спорт пен туристік индустрияға, оның ішінде туристік өнімдер, спорттық және туристік жабдықтар, киім мен мүкаммалдар өндірісін дамыту үшін инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; спорттық нышандарды (эмблемаларды, жалауларды, вымпелдерді, омырауға тағатын белгілерді) бекіту және оларды пайдалану тәртібін айқындау; дене шынықтыру, спорт және туризм қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындау; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен дене шынықтыруды, спортты және туристік саланы дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының Yкіметіне Туризм жөніндегі кеңес туралы ережені ұсыну және Туристік ақпарат орталығы туралы ережені бекіту. 11. Негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен: туризмді, дене шынықтыруды және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратады; нормативтік құқықтық кесімдер қабылдайды; заңнамада белгіленген құзырет шегінде халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, жою мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді; Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарға басшылық етуді жүзеге асырады, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді және пайдалануды жүзеге асырады; көтермелеу жүйесін әзірлейді және жүзеге асырады, Министрліктің, өз қызметін Қазақстан Республикасы экономикасының Министрлік жетекшілік ететін салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін арнайы белгілермен, құрмет грамоталарымен және басқа да көтермелеу түрлерімен марапаттайды; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ведомстволардың, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіреді; ақпараттық-тұсаукесер іс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да іс-шаралар), сондай-ақ Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастырады және өткізеді.
12. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 13. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 14. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке республика заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
15. Министрлік және оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бірыңғай жүйесін құрайды. 16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады. Министрдің Қазақстан Республикасының Yкіметі министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері болады. 17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. вице-министрлерді, Комитеттердің төрағаларын тағайындау жөнінде Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныс енгізеді; вице-министрлер мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; заңнамаға сәйкес және өз құзыретінің шегінде Министрліктің қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді; заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді; мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы жарғыларды және (немесе) ережелерді бекітеді; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымын белгілейді; Министрлік ведомстволарының басшылары кесімдерінің күшін толығымен не ішінара жояды немесе тоқтата тұрады; өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Министрліктің министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын министр бекітеді.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Yкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
1. «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы 2. «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағына қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесi
1. Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне.
2. Мемлекеттік кәсіпорындар
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 8. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына. 10. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 11. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 12. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Алматы қаласындағы «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Алматы қаласындағы «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 15. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (шаруашылық жүргізу құқығындағы).
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
16. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спорт &»KS» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорт & КS» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне.
Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 36-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті». 2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті» деген бөлімде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті»; реттік нөмірі 518-жол алынып тасталсын. 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |