Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы (2006.19.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: ҚР Президентінің 2005.18.05. № 1575 Жарлығымен 1-тармақ өзгерді 1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 376 бірлік мөлшерінде белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санын бекітсін. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 806 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат); "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 939 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі он күн мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қарауға енгізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|