|
|
|
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы (2013.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.20.12. № 1642 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2012.20.12. № 1642 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.20.12. № 1642 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар мемлекеттік меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін регламенттемейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар. 2) өтініш беруші - мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына куәлік алу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлға; 3) сараптама комиссиясы - облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы құрайтын мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі комиссия; 4) сараптама - сараптама комиссиясының уақытша әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын айқындау мақсатында өткізетін рәсімі; 5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы - Қазақстан Республикасынан әкетілетін заттың мәдени құндылығын белгілейтін мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы беретін белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі - қорытынды); 3. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығы үшін алты айдан аспайтын мерзімге мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беретін куәлікті (бұдан әрі - куәлік) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары береді. Кедендік одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерге мәдени құндылықтарды уақытша әкету куәлік негізінде жүзеге асырылады.
2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.23.04. № 387 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Куәлікті алу үшін өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар; 3) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері; 4) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы шартының көшірмесі; 5) мәдени құндылықтың А-5 үлгісіндегі алдыңғы және артқы жақтары шолынған екі фотосуреті; 6) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама. Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. 7) заңды тұлғалар үшін - уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына сараптамаға ұсынылған зат(тар) қабылдау және беру журналына тіркеледі. 5. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарының жауапты тұлғасы өтініш пен ұсынылған зат(тарды)ты сараптама комиссиясына сараптамаға жолдайды. 6. Сараптама комиссиясы ұсынылған құжаттар мен заттардың сараптамасын тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызын айқындау, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау материалы мен техникасын, мөлшерін (салмағын), өзгеше ерекшеліктерін, сақталу жағдайын жан-жақты талдау негізінде жүзеге асырады. 7. Сараптама қорытындысының негізінде сараптама комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресімдейді. 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы оң шешім қабылдаса, өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік, ал теріс шешім қабылдаған жағдайда - дәлелденген бас тартуды жазбаша нысанда береді. 9. Куәлік беруден бас тартуға: 1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі; 2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы; 3) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының осы Қағидалардың 3-тармағымен сәйкес келмеуі; 4) затта мәдени құндылықтың жоқ болуы туралы қорытынды. 10. Куәлік немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі. Сараптамаға ұсынылған зат(тар) өтініш берушіге қабылдау және беру журналына белгі қойып, қайтарылады. 11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлікті немесе куәлікті беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап куәлік берілді деп есептеледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы куәлік беру мерзімдері өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті куәлікті береді.
әкету құқығына куәлік беру 1-қосымша
Нысан
____________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қала мен ____________________________________________ астананың жергілікті атқарушы органы) _______________________________________________________ _______________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)
Мәдени құндылықтарды 1) ___________________________________________________________________________________________________________ 2) ___________________________________________________________________________________________________________ 3) ___________________________________________________________________________________________________________ 4) ___________________________________________________________________________________________________________ 5) _________________________________________________________________________________________________мақсатында ______________________________________________________________________________________________________________ (елдің атауы және орналасқан жері) уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз. _____________________________________________________________________________________________________________ Өтініш берушінің деректері:______________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №, ______________________________________________________________________________________________________________ оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері) ______________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________
Қолы__________________ Күні __________________
М.О.
әкету құқығына куәлік беру 2-қосымша
________________________________________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы ҚОРЫТЫНДЫ
1. Өтініш беруші________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы) ________________________________________________________________________________________________________ 2. Өтініш берушінің деректері:_______________________________________________________________________________ (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №, ________________________________________________________________________________________________________ оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері) 3. Өтініш берушінің қызметі: _______________________________________________________________________________ 4. Әкетудің (уақытша әкетудің) мақсаты: _____________________________________________________________________ 5. Сараптамаға _________________________________________________________________________________ ұсынылды (заттың атауы, жазбаша саны) 6. Заттың сипаттамасы: _______________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________ (түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және орындалу техникасы, ___________________________________________________________________________________________________________ өлшемі, салмағы, сақталуы) Қорытынды: ________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________ (мәдени құндылығы бар немесе жоқ, ____________________________________________________________________________________________________________ уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)
әкету құқығына куәлік беру 3-қосымша
____________________________________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
1. Өтініш беруші _________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы) 2. Өтініш берушінің деректері: _____________________________________________________________________________________ (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №, _______________________________________________________________________________________________________________ оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері) _______________________________________________________________________________________________________________ 3. Өтініш берушінің қызметі ________________________________________________________________________________________ 4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы _______________________________ ________________________________________________________________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы) __________________________________________________________________________________ № ____ 20____ ж. «___» ________ 1) ______________________________________________________________________________________________________________ (мәдени құндылықтың атауы) 2) _______________________________________________________________________________________________________________ 3) _______________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________ мақсатында ________________________________________________________________________________________________________________ (елдің атауы және ұйымның орналасқан жері) ________________________________________________________________________________________________________________ 200 __ж. «____» ______________ 20___ж. «______»___________ мерзіміне Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.
Уәкілетті тұлға __________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. және қызметі)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |