|
|
|
«Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы (2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 455 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.24.09. № 829 (бұр.ред.қара); 2008.28.03. № 298 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |