Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 Бұйрығымен күші жойылды
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы - аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және сертификаттау комитетінің техникалық реттеу және метрология басқармасы (Р.А. Баутов) және «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген заңнамалық тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|