|
|
|
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2011.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.23.12. № 1587 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.23.12. № 1587 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Туристік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 33, 428-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 853 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 445-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 500-құжат). 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.23.12. № 1587 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.23.12. № 1587 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысымен бекітілген
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және өтініш берушінің туроператорлық қызметпен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды. 2. Туроператорлық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
2. Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар: 1) қалыптастырылған туристік өнімнің; 2) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғалармен (екі және одан астам) шарттардың; 3) туристік ваучер (жолдамалар) үлгісінің; 4) кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің; 5) кеңсеге арналған меншік немесе жалға алынған үй-жайдың; 6) туроператор туристік өнімге кіретін тұру, жол жүру жөніндегі қызметті, туризм нұсқаушысының қызметін дербес көрсеткен жағдайда, меншік немесе жалға алынған материалдық базасының; 7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жобасының; 8) туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2008.23.09. № 879 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды (2009 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енді) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 Қаулысына қосымша
Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат _______________________________ (өтініш берушінің атауы)
М.О. Басшының қолы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |