|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы (2011.25.03. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 133-2, 133-3, 183-1, 195-1, 195-2-жолдармен толықтырылсын: «133-2 Кемелерге арналған бұрамалар, олардың 8485 10 100 0-ден қоладан жасалған қалақтары* 133-3 Кемелерге арналған басқа да бұрамалар 8485 10 900 0-ден және олардың қалақтары* 183-1 Фитингті платформалар, контрейлерлік 8606 99 000 0-ден платформалар* 195-1 Терминалдар мен порттарда контейнерлерді жылдамдықпен ауыстыруға арналған тіркеме-платформалары бар арнайы 8709 11 900 0-ден тартқыш тракторлар, электрлі* 195-2 Терминалдар мен порттарда контейнерлерді жылдамдықпен ауыстыруға арналған тіркеме-платформалары бар арнайы тартқыш тракторлар, өзге де* 8709 19 900 0-ден»; 2) ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа нгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |