Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 (10.07.03 ж. № 483-II; 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен )
Осы редакция 2007 ж. 2 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар Осы Заң тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және нысандарын реттейдi. 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы - салым бойынша сыйақы ставкасына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептейтiн ақша; 2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым (депозит) - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде ашылған шотына салымшы немесе үшiншi тұлғалар салатын ақша; 3) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы (бұдан әрi - салымшы) - тұрғын үй құрылысы жинақ банкiмен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқан жеке тұлға; 4) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актілеріне сәйкес салымшы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкi арасындағы, оның iшiнде банктің агентi (агенттерi) арқылы жасалатын екі жақты шарт; 5) шарттық сома - салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргiзу үшiн қажет, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы; 6) тұрғын үй заемы - осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы, банк заемын беру туралы шарттардың талаптарына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында салымшыға берiлетiн нысаналы заем; 7) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы - салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргiзу мақсатында салым бойынша сыйақы ставкасы мен мемлекеттің сыйлықақысы есептелген тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнде жинақтаған ақшасы; 8) комиссиялық алым - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқан кезде көрсеткен қызметі үшiн тұрғын үй құрылысы жинақ банкiне салымшы төлейтiн ақша; 9) жинақталған ақшаның ең төменгі қажеттi мөлшерi - тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған ақша; 10) бағалау көрсеткiшi - шарттық сомаларды төлеу кезектiлiгін қалыптастыру үшiн тұрғын үй құрылысы жинақ банкі әрбiр шарт бойынша айқындайтын есептеу шамасы; 11) мемлекеттiң сыйлықақысы - республикалық бюджеттен жыл сайын бөлiнетiн және жыл қорытындылары бойынша салымның жинақталған сомасына есептелетін ақша және тұрғын ұй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы; 12) аралық тұрғын үй заемы - тұрғын үй құрылысы жинақ банкi осы Заңға, банктiң ішкі кредиттiк саясатына және банк заемының бөлек шартының талаптарына сәйкес салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында ол бойынша қалдық тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебiнен өтелетiн шарттық соманың кемінде елу процентін жинақтаған кезде беретін нысаналы заем; 13) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымшылардың ақшасын тартуға, осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес соларға есептелген мемлекеттің сыйлықақыларына және оларға тұрғын үй заемдарын беруге негізделген тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегі іс-шараларды қаржыландырудың тұйықталған жүйесі; 14) жинақтау мерзімі - салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтайтын уақыт кезеңi, бұл уақыт кезеңі өткеннен кейiн шарттық сома төленеді; 15) салым бойынша сыйақы ставкасы - тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жыл қорытындылары бойынша салымның іс жүзінде жинақталған қалдығына тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтiн проценттік ставка; 16) заем бойынша сыйақы ставкасы - тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілi ақшаның жылдық мөлшерiн есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкi берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтiн проценттік ставка; 17) жинақталған ақша сомасы - салымшының өз салымдарынан, оларға тұрғын үй құрылысы жинақ банктері есептеген сыйақылардан және мемлекеттің сыйлықақыларынан тұратын іс жүзінде жинақтаған ақшасы; 18) тарифтiк бағдарлама - жинақтау мен кредит беру мерзімдерiн, салым бойынша сыйақы ставкаларын және өзге де талаптарды, сондай-ақ банктiң комиссиялық алымдарының мөлшерiн айқындайтын тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкi құжаты.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі 1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері, осы банктердің салымшылары және республикалық бюджеттен мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз ететiн мемлекет тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнің субъектiлерi болып табылады. 2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiне ғана салынып, жинақталады. 3. Салымшы әрбір тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша бiрнеше шоттар ашуға құқылы. Бұл ретте, мемлекеттiң сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша бір тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі бiр шотқа ғана есептеледі. 4. Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерi шарттық соманың жиырма бес процентiнен кем болмауға тиiс. 5. Салым бойынша сыйақы ставкасы мен заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасу кезiнде белгіленедi және шарт қолданылатын бүкiл мерзiмде тұрақты болып қалады. Салымшы өз бастамасымен бір тарифтiк бағдарламадан басқа тарифтiк бағдарламаға өткен кезде салым бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт қолданылатын бүкiл мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі анықтаған талаптармен өзгертiлуi мүмкін. Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен аспауға тиіс. 6. Мемлекеттiң сыйлықақылары және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақылары осы Заңға сәйкес салымның негiзгі сомасын ұлғайтуға бағытталады. 7. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің шотына түскен мемлекеттiң сыйлықақылары салымшылардың - Қазақстан Республикасы азаматтары шоттарының есебiне жатқызылады. 8. Тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдарын салымшылар Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында ғана пайдалана алады, бұл орайда жақсарту деп: 1) тұрғын үй салу (жер учаскесiн сатып алуды қоса алғанда), сатып алу, соның iшiнде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен алу; 2) тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердiгерлiк жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда); 3) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі iс-шараларға байланысты туындаған міндеттемелерді өтеу; 4) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бacқа банктен банк заемын алуға бастапқы жарна енгізу түсiнiледi. 9. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және салымды, оған тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептеген сыйақыны алуға құқылы. Бұл ретте салымшы тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта белгіленген талаптарға сәйкес салымды бес жылдан астам жинаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқылы. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартқа сәйкес жинақтау кестесінен тыс, мерзiмiнен бұрын енгiзілiп, жинақтаған ақшасының бір бөлігін, егер жинақталымның осы бөлiгi бұған дейiнгі қаржы жылдарында мемлекеттің сыйлықақысымен ынталандырылмаған болса, өз шотынан алуға құқылы.
2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің жқмыс істеуін құқықтық реттеу ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің құқықтық мәртебесi 1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Заңның 5-бабында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банк. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiне қатысуға мiндеттi. 2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ресми мәртебесi жоқ заңды тұлға "тұрғын үй құрылысы жинақ банкi" деп атала алмайды немесе өзiн осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес қызметпен айналысатын тұлға ретiнде сипаттай алмайды. 3. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiн құру, олардың жұмыс iстеу және қызметiн тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің түрлері 1. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның лицензиясына сәйкес мыналар: 1) тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу; 2) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдарын беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінiң негізгi түрлері болып табылады. 2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтің негізгі түрінен басқа Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігi болып табылатын және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясына сәйкес операциялардың басқа түрлерiн жүзеге асыруға құқылы, оларға: 1) кассалық операциялар - банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, орау және сақтау; 2) аударым операциялары - жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау; 3) жеке тұлғалардың өз банктiк шоттары жөніндегі тапсырмасы бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; 4) жеке меншiк бағалы қағаздарды эмиссиялау (акцияларды қоспағанда); 5) сейфтік операциялар - сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда клиенттердiң құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен бағалы заттарын сақтау жөнінде көрсетілетiн қызметтер; 6) шетелдiк валютаны айырбастау операцияларын ұйымдастыру жатады. Сондай-ақ тұрғын ұй құрылысы жинақ банктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес дилерлік қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6-бап. Тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар Тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта мыналар болуға тиіс: 1) шарттың мәнi; 2) шарттық сома; 3) жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері; 4) салым бойынша сыйақы ставкасының және заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлерi; 5) комиссиялық алымның мөлшері; 6) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; 7) тараптардың міндеттемелердi орындау мерзiмi; 8) тұрғын үй заемын берудің шарттары; 9) шартты өзгертудің талаптары мен бұзу тәртібі; 10) тараптардың жауапкершiлiгi; 11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шарттар.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Қаражатты пайдалану және орналастыру 1. Салымшылар алдында оларға шарттық соманы немесе жинақталған ақша сомасын беру жөніндегі мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы нарығында заем қаражаттарын тартуға құқылы. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi жеке қаражаттарын және өзге тартылған қаражаттарын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жөнiндегі қызметті жүзеге асыру, тартылған қаражаттарды қайтару жөнiндегі мiндеттемелердi орындау үшін, сондай-ақ тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдарын беру үшiн пайдаланады. 2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің жұмсалмай жатқан ақшаны орналастыруы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. . ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8-бап. Ақшаны бөлу 1. Тұрғын ұй құрылысы жинақ банктері тартқан ақша бiрiншi кезекте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы жасалған шарттардың негізінде тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнiң салымшылар арасында ақшаны бөлуiне сәйкес шарттық соманы төлеуге жұмсалады. 2. Салымшыға шарттық соманы төлеу мынадай жағдайларда: 1) жинақталған ақша сомасы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша қабылданған мiндеттемелерге сәйкес болғанда; 2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзімі өткенде, бiрақ тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасалғаннан кейін кем дегенде үш жылдан соң; 3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін тәртіппен бағалау көрсеткiшінің ең төменгi мәнiне қол жеткiзілгенде жүргiзіледi. Бағалау көрсеткішін есептеген кезде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтаудың ұзақтығы және талаптардың сақталуы ескеріледi; 4) салымшы тұрғын үй заемын қажеттi қамтамасыз етудi ұсынғанда; 5) заем алушы тұрғын үй заемын өтеу қабілеттiгін растағанда жүргізіледi. 3. Бағалау көрсеткішiн айқындаудың тәртібін қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 4. Жинақтау мерзiмi өткенде және салымшы жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті сомасын жинақтамаған жағдайда ол салымды, оған есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысын, сондай-ақ салымды бес жылдан астам жинақтаған кезде мемлекеттiң сыйлықақысын алуға не мемлекеттiң сыйлықақысы есептеле отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде жинақтауды жалғастыруға құқылы. 5. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi банк заемының бөлек шарттарында ескерiлген талаптармен салымшыларға аралық тұрғын үй заемдарын беруге құқылы.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9-бап. Тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдарын қамтамасыз ету 1. Тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары жылжымайтын мүліктiң, оның iшiнде сатып алынатын тұрғын үйдiң кепiлдiгiмен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкi кредиттiк саясатына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкi айқындаған міндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң басқа тәсiлдерiмен қамтамасыз етiледi. 2. Егер жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болса, тек қана жылжымайтын мүлiк немесе банктегі салым (депозит) тұрғын үй заемы бойынша қамтамасыз ету болып табылады.
3-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесін мемлекеттік қолдау 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары 1. Мемлекет салымшыларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз етедi. 2. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толмаған азаматтарының салымдары немесе олардың атына арнап басқа адамдар салған салымдар да мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылады. 3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi ынталандырылатын салым сомасының жиырма процентiн құрайды. Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын салымға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым сомасы және сол бойынша есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы кiредi. 4. Мемлекеттiң сыйлықақысы жыл сайын есептiк кезеңнен кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкінiң есептелген сыйақысы ескерiле отырып, жылдың қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымның қалдығына беріледi. Ағымдағы жылдағы мемлекеттің сыйлықақысы алдындағы жылдары ынталандырылған салым сомасына есептелмейдi. Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. Егер мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екi жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, онда жинақталған ақшаның ынталандырылмаған сомасы келесi жылы мемлекеттiң сыйлықақысын есептеу кезiнде ескеріледi. 5. Мемлекеттiң сыйлықақысын төлеу үшiн қажет ақша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жыл сайын көзделеді. 6. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеудiң тәртібі мен шарттарын бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеуді шектеу 1. Мемлекеттiң сыйлықақысы мынадай жағдайларда: 1) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын ұдайы (қаржы жылы iшiнде қатарынан үш рет және одан да көп) бұзғанда; 2) салымшы тұрғын үй заемын нысаналы түрде пайдаланбағанда; 3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшыға мемлекеттің сыйлықақысын төлеудi осы Заңды және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұза отырып жүзеге асырғанда бюджетке қайтарылуға тиiс. Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ банкі талаптарды бұза отырып төлеген мемлекет сыйлықақысының сомасы (соманың бiр бөлiгі) қайтарылуға тиiс; 4) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде салымдарды жинақтау мерзімі бес жылдан кем болған кезде тараптар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзғанда; 5) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамға бергенде; 6) бюджеттің атқарылуы жөнiндегі орталық уәкілетті орган бір салымшыға бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша екі және одан да көп шоттар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысы төленгенiн анықтағанда бюджетке қайтарылуға тиiс. Бұл ретте алдындағы жылдарда есептелген мемлекеттің сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдардың бiрі бойынша есептелген сыйлықақыларды қоспағанда, бюджетке қайтарылуға тиiс. 2. Мемлекеттiң сыйлықақысы мынадай жағдайларда: 1) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жазбаша рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа адамға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын бергенде немесе тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын және (немесе) тұрғын үй заемын, аралық тұрғын үй заемын алу құқықтарына кепiлдiк бергенде; 2) салымшы қайтыс болғанда немесе еңбекке жарамдылығынан мүлде айрылғанда; 3) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жұмыссыз ретінде тiркелгенде және мемлекеттiң сыйлықақысы төленетін кезде алты ай бойы үздiксiз осындай жағдайда болғанда; 4) осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатпайды.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Салымшылардың жинақталған ақша сомасын алу құқығы 1. Салымшы осы Заңның 8-бабының 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқық басқа адамға берілмеген немесе басқа адамдар пайдасына салынбаған жағдайда тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй заемын бермесе, банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес жауапты болады, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарында көзделген мерзiмдерде салымшының бірінші талабы бойынша оған жинақталған ақшасы сомасын сөзсіз төлеуге міндетті. 2. 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен алып тасталды 3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарын орындаған-орындамағанына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғанына қарамастан, бес жыл ақша жинақтаудан кейін сыйлықақы алуға құқылы. 13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|