|
|
|
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 209-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 581 қаулысымен бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері Қоныстану аумақтары жерінің экологиялық жай-күйінің критерийлері
Ескертпе - топырақ үшін коли-титр - грамында топырақтың 1 ішек таяқшасы болатын ең аз массасы.
Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған диагностикалық және қосымша критерийлер
Техногендік (пайдаланудан болған) азып-тозу 1. Жердің бұзылуы Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады: жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы: салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м); жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус); жердің литологиялық құрылысының бұзылуы: 0-100 см қабатта органогендік қабат пен қабаттағы қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен ықтимал құнарлы жыныстың болуы; жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы; жер беті және жер асты суларының сипаттамасы: жер асты суының деңгейі (м); сулардың минералдануы (г/л); су жайылуының ұзақтығы (ай).
2. Физикалық (егіншілік) азып-тозу Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады: гранулометриялық құрамы; жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3 текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г; тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г; топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы: агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы; құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері; топырақтың су-физикалық параметрлері: су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік); негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі; бөртуі.
3. Аграрлық тозу Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады: топырақ профиліндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %; рН; физикалық батпақтың кемуі(%); қарашіріндінің сапалық құрамы; негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы; қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі; катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы. Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады: лайлы фракцияның минералогиялық құрамы; белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны); фитоуыттылығы; топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі; топырақ мезофаунасының биомассасы; биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %); шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4. Эрозия Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
4.1. Су эрозиясы
1) Жазықтық эрозиясы Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады: топырақ профилі қуатының азаюы, (А+В) %; топырақ профилінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %; топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі; топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл; ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы; эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %; Қосымша қритерийлер мыналар болып табылады: қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі; құнарлы заттар қорының кемуі; шаю жылдамдығы; жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
2) Сызықтық эрозия Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады: аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2); жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см.; топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл); жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі. Қосымша критерийлер мыналар болып табылады: жыраның тереңдігі; алаңының бірлігіне келетін жыра саны; алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы; жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
4.2. Жел эрозиясы Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады: құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см.; жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %; жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %; азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %; қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %; қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %; Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады: дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы; топырақ профилінде қарашірінді қорының кемуі (А+В); гранулометриялық құрамның жеңілдеуі; шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5. Тұздану
5.1. Тұздану Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады: үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%); уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г. топыраққа; тұздалған жер алаңының артуы, жылына %; ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН). Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
5.2. Сортаңдану Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады: алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен); алмасатын магний құрамының артуы (КАС) %-бен); ортаның реакциясы (рН). Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
6. Батпақтану Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады: топырақ-жер астындағы сулар деңгейін көтеру, м; су жайылуының ұзақтығы (ай); жер астындағы сулардың минералдануы (г/л); Қосымша профильдің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу критерийлері
Ескертпе - бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |