|
|
|
Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2011.10.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.10.11. № 1318 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2011.10.11. № 1318 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 398-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.10.11. № 1318 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысымен Бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары аудиторлық ұйым үшін: 1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны; 2) жарғылық капиталда аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлестің жүз пайызы; 3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудитор ретінде өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш аудитор; 4) аудиторлық ұйым басшысында, сондай-ақ аудиторларда аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі болуын қамтиды. Аудиторлық ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиясын қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл бойы лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор басқара алмайды. Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде шетелдік аудиторлық ұйым үшін, жоғарыда санамаланған біліктілік талаптардан басқа, мынадай қосымша талаптар қойылады: 1) шетелдік ұйым аудиторлық деп танылуы тиіс; 2) оның Қазақстан Республикасының тиісті аудиторлық ұйым-резидентін құруы.
Ережеге 1-қосымша
Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы аудиторлық ұйымның есебі 200_жыл үшін
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________ Лицензияның сериясы, нөмірі мен берілген күні ____________________ __________________________________________________________________ Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________ Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны ________________________________ Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің сериясы, нөмірі, берілген күні ___________________________________ __________________________________________________________________ СТН (БСН*) _______________________________________________________ Ұйымның басшысы __________________________________________________ (аты-жөні,»аудитор» біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні) __________________________________________________________________ Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзуға байланысты әкімшілік жазалардың болуы _________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (жаза қашан, не үшін және қай орган қолданды) Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес:
Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы:
Ұйымның сандық құрамы:
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлар:
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
Кәсіптік ұйымда мүшелігі:
Аудиторлық ұйымның филиалдары туралы деректер:
Басшы _________________ ________________________________ Қолы (аты-жөні) М.О. Ескертпе: БСН* - бизнес-сәйкестендіру нөмірі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.06.05. № 639 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ережеге2-қосымша
200_ жыл үшін аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептілік
Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері
Басшы ______________________ __________________________ Қолы (аты-жөні)
МО.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |