|
|
|
Ғылым туралы (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің (4 - 10 баптар) субъектілері 3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (11 - 15 баптар) нәтижесінде санаткерлік меншік құқығы 4-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару (16 - 25 баптар) мен ұйымдастыру 5-тарау. Ғылымды қаржыландыру (26 - 27 баптар) 6-тарау. Ғылыми зерттеулерді кадрлармен қамтамасыз ету (28 - 30 баптар) 7-тарау. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қызмет (31 баптар) 8-тарау. Қорытынды ережелер (32 - 33 баптар) Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ғылыми және ғылыми-техникалық сала субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ғылым - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиiмдi басқару мақсатында болмыс туралы объективтi білім-біліктi тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметiнiң саласы; 2) мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi, ол мемлекеттiң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатынасын бiлдiредi, әртүрлi ұйымдардың ғылым мен техника ғылыми-техникалық жетiстiктердi іске асыру, жаңа технологиялар жасау саласындағы, оның iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатындағы қызметiнiң негiзгi мақсаттарын, бағыттарын, принциптерiн, нысандары мен әдiстерiн белгiлейдi; 3) уәкiлеттi мемлекеттік орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) ғылыми-зерттеу қызметi (бұдан әрi - ғылыми қызмет) - зерделенiп отырған объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшелiктердi, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімдi практикада пайдалануға байланысты қызметтiң түрi; 5) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, инженерлiк, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық және өзге проблемаларды шешу үшiн жаңа білім алуға және оны қолдануға, ғылымның, техниканың және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған қызмет; 6) iргелi ғылыми зерттеулер - табиғат, қоғам, адам дамуының және олардың өзара байланысының негiзгi заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттiк санаткерлiк қызмет; 7) қолданбалы ғылыми зерттеулер - практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты мiндеттердi шешу үшiн жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет; 8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң жаңа білімдi немесе жаңа шешiмдердi қамтитын, кез келген ақпарат жеткізушiде тiркелген және қолдануға арналған объективтендiрiлген нәтижесi; 9) инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми білімдi, технологияларды және өнiм түрлерiн өндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына енгiзуге бағытталған қызмет; 10) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 11) ғылыми-зерттеу институты - білімнiң белгiлi бiр саласында ғылыми қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 12) гранттар - грант берушiлер мен грант алушылар арасындағы шартта көзделген талаптармен нақты ғылыми зерттеулер жүргiзуге арнап өтеусiз және қайтарымсыз берiлетiн ақша және өзге мүлiк; 13) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама - ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiк деңгейiн айқындау мақсатымен сараптама объектісiне тәуелсіз талдамалық баға алу үшін уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастыратын бағалау жұмыстары мен қорытындылар жүйесі; 14) ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды мемлекеттік аттестаттау ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерiн, доцент және профессор ғылыми атақтарын беру жөніндегі, бұларды алу үшiн iзденушiлерге бiрыңғай талапты қамтамасыз ететiн бағалау жұмыстарының жүйесi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 15) аккредитация - уәкiлеттi мемлекеттік органың мемлекеттік емес ғылыми ұйымның бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен ғылыми және ғылыми-техникалық салада жұмыстар жүргiзу құқықтылығын ресми тануы; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16) диссертациялық кеңес - республиканың iрi ғылыми орталықтарының, ғылыми ұйымдарының және жоғары оқу орындарының жанынан құрылатын, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесiн алуға ұсынылған ғылыми жұмыстарды қарайтын кеңес; 17) ғылым докторы - ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар iзденушi көпшiлiк алдында диссертация қорғағаннан кейiн, диссертациялық кеңестiң жасаған ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы беретiн ғылыми дәреже. Ғылым докторы ғылыми дәрежесi жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында iргелі проблемаларды әзiрлегенi, iрi және аса маңызды теориялық және қолданбалы проблемаларды шешкенi үшiн, сондай-ақ енгiзiлуi қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге елеулi үлес қосатын техникалық, экономикалық және технологиялық шешiмдердi ғылыми негiздегенi үшiн берiледi; 18) ғылым кандидаты - жоғары арнаулы білімдi маман біліктiлiгiне немесе магистр академиялық дәрежесiне ие iзденушiнiң көпшiлiк алдында қорғаған диссертациясы негiзiнде диссертациялық кеңес беретiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы бекiтетiн ғылыми дәреже. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi тиiстi ғылым саласы үшiн елеулi мәнi бар, ғылымның маңызды қолданбалы мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн мiндеттердi шешкенi үшiн берiледi; 19) ғылыми санаткерлiк меншік - жеке (немесе) заңды тұлғаның санаткерлiк шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесiне айрықша құқығы; 20) технопарк - жаңа талдамалар жасау мен игеру, қазiргi заманғы жабдықтар мен аспаптарды шығару жөніндегі тапсырыстарды орындаушы, саны аз озық технологиялы кәсiпорындары бар құрылым; 21) технополис - жоғары және аса жоғары технологияларды әзiрлеу үшiн ғылымды өндiрiспен және білім берумен интеграциялау, идеяларды тудыру мен оларды iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ғылыми-зерттеу және оқу орталықтарымен бiрiккен ғылымды көп қажетсiнетiн кәсiпорындар тобы. 2-бап. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi Ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: 1) ұлттық мүдделерге және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi мақсаттарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын таңдау мен ынталандыру және оларды iске асыру үшiн ресурстарды жұмылдыру; 2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi, кәсiпкерлiк пен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нарықтық инфрақұрылымның басқа да нысандарын дамыту үшiн қажеттi экономикалық жағдайлар жасау; 4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) ғылымды, ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірісті және білім берудi интеграциялау; 6) ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтiң неғұрлым басым бағыттары бойынша біліктiлiгi жоғары кадрлар даярлау; 7) ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың демократиялық нысандарын дамыту, соның iшiнде ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыруда мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдар мен ғылыми жұртшылықтың өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету; 8) экологиялық қауiпсiздiк талаптарын есепке алу; 9) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту; 10) ғылыми-техникалық ақпаратты тарату еркiндiгi мен ғылымитехникалық жетістіктерді насихаттау. 2-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері 4-бап. Ғылыми қызметкер, инженер-техник қызметкер және ғылыми қызмет көрсету саласының қызметкерi 1. Жоғары білімi, қажеттi біліктiлiгi бар, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмысты кәсiби деңгейде орындайтын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрi - ғылыми ұйым) тиiстi қызмет атқаратын жеке тұлға ғылыми қызметкер (зерттеушi) болып табылады. 2. Орта кәсiби немесе жоғары кәсiби білімi бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиженi алуға және оны iске асыруға жәрдемдесетiн және ғылыми ұйымда жұмыс істейтін жеке тұлға инженер-техник қызметкер болып табылады. 3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженер-техник қызметкерлерi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженер-техник қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiнде белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өтедi. Аттестаттаудың мақсаты қызметкердiң атқарып жүрген қызметiне сәйкестiгiн анықтау болып табылады. 4. Ғылыми-техникалық қызметке қатысатын және осы қызмет үшiн жағдай жасауға жәрдемдесетiн жеке тұлға ғылыми қызмет көрсету саласының қызметкерi болып табылады. 5-бап. Ғылыми қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi 1. Ғылыми қызметкердiң: 1) өзiнiң ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiнiң авторы деп танылуына және өнертабыс пен санаткерлiк қызметтiң басқа да нәтижелерiне өтінім беруге, сондай-ақ санаткерлiк меншiгiн қорғауға; 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзi авторы болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн іске асырудан түскен табыстарды алуға; 3) өзiнiң шығармашылық үлесiне сәйкес сыйақылар, көтермелеу сыйлықтары мен жеңiлдiктер алуға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы шарттар жасасуға; 5) ғылыми және ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға; 6) ғылыми ұжымдарға және басқа да ерiктi ғылыми қоғамдастықтарға бірігуге; 7) республикалық және шетелдiк ғылыми қоғамдастықтарға кiруге не сайлануға; 8) ғылыми зерттеулерді бюджет қаражаты, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi қолдау қорлары және өзге де көздер есебiнен қаржыландыру конкурстарына қатысуға; 9) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысуға; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелер туралы ақпараттарға қол жеткізуге; 11) егер ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік, қызметтiк және коммерциялық құпияға жататын мәлiметтерi болмаса, оларды баспасөзде жариялауға; 12) адамға, қоғамға және қоршаған ортаға терiс ықпал жасайтын ғылыми зерттеулерге қатысудан дәлелдi себептермен, сондай-ақ моральдық пайымдаулары бойынша бас тартуға; 13) ғылыми зерттеулер мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға; 14) ғылыми біліктiлiктi арттыруға құқығы бар. 2. Ғылыми қызметкер ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбай, олардың өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiрмей, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. 6-бап. Ғылыми ұйымдар және олардың құқықтары 1. Қызметiнiң негiзгi нысанасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға ғылыми ұйым болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, дербес зертханалар, технопарктер, технополистер және мемлекеттік меншiкке негiзделген өзге де ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік ғылыми ұйымның құрамынан оның эксперименталдық базасы болып табылатын тәжiрибе кәсiпорындарын бөлiп шығаруға болмайды. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар қайта құрылған кезде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң технологиялық бiрлiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. 3. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар өздерiнде бар еңбекке ақы төлеуге арналған қаражат шегiнде уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен үстемеақының, қосымша ақының, сыйлықақының және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерiн белгiлей алады. 4. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне, ғылыми дәрежесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органы берген тиісті дипломы болған кезде, ай сайын ғылым кандидаты үшін - бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы үшiн екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi. 5. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне, еңбекке ақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде, ғылым докторларына жыл сайын ұзақтығы 56 күнтiзбелiк күн, ғылым кандидаттарына - 42 күнтiзбелiк күн, басқа ғылыми қызметкерлерге - 35 күнтізбелiк күн ақы төленетін еңбек демалысы беріледi. 6. Қоғамдық ғылым академиялары, ғылыми-зерттеу институттары, орталықтары, дербес ғылыми зертханалар және жеке меншiкке негізделген өзге де ұйымдар мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар болып табылады. 1) ғылыми қызметтiң негiзгi бағыттарын дербес белгiлеуге; 2) ғылыми зерттеулердi қаржыландыру конкурстарына қатысуға; 3) ғылыми ұйымдармен және басқа заңды тұлғалармен тiкелей байланыстарды дамытуға; 4) бiрлестiктерге кiруге, егер ғылыми ұйымның жарғысында көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен филиалдар, еншiлес және бiрлескен кәсiпорындар құруға; 5) ғылыми еңбектер, мерзiмдi және сериялы басылымдар шығаруға, деректердiң ғылыми-техникалық банктерiн қалыптастыруға, ғылыми конференциялар мен басқа да ғылыми iс-шаралар өткізуге; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) мемлекетаралық және халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуға, шетелдiк ұйымдармен келісім-шарттар жасасуға құқығы бар. 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы - Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшелерiн (академиктерiн), корреспондент-мүшелерін және елдің жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме, оның қызметiнің негiзгi бағыттары ғылыми-зерттеу қызметі, ғылымның жай-күйiн талдау және оның дамуын болжау, ғылымды дамытудың және ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттарын белгiлеу, ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және олардың орындалуын үйлестiру, өз құзыретi шегiнде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметтi дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме нысанында құрылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жарғыға сәйкес жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президентін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мүшелері жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы жарғыға сәйкес өз мүшелерінің (Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым академиясы академиктерінің, корреспондент-мүшелерінің) сайлауын өткізуді қамтамасыз етеді. 8-бап. Қоғамдық ғылым академиялары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ғылым мен техниканың тиісті салаларында зерттеулер ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық ғылым академиялары құрылуы мүмкін. Қоғамдық ғылым академиялары мемлекеттік органдармен жасалған шарттар бойынша олар үшін ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді орындап, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға конкурстық негізде қатыса алады. 1. Ғылыми ұйымдар ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті үйлестіру, материалдық, қаржы және кадр ресурстарын шоғырландыру, сондай-ақ ортақ мүліктік мүдделерді білдіру мен қорғау мақсатында ғылыми (ұлттық, академиялық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік) орталықтар болып табылатын заңды тұлғалар құруы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мемлекеттік ұлттық ғылыми орталықтар - ғылым мен техника дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын, зерттеулерден бастап олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге дейінгі бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін ұйымдар құрылуы мүмкін. Ұлттық ғылыми орталықтар жүзеге асыратын қызметтің нысанасы, мақсаттары мен түрлері олардың құрылтай құжаттарымен айқындалады. 10-бап. Ғылым саласындағы басқа да ұйымдық нысандардың дамуы Қызметінің негізгі нысанасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет болып табылмайтын заңды тұлғалар, өздерінің құрылтай құжаттарында баянды етілген міндеттерді шешу үшін өз құрылымында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған ғылыми бөлімшелер құра алады. 3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде санаткерлік меншік құқығы 11-бап. Санаткерлік меншік құқығының объектісі Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің кез келген ақпарат жеткізушіде тіркелген нәтижесі ғылыми санаткерлік меншік құқығының объектісі болып табылады. 12-бап. Ғылыми санаткерлік меншік құқығының субъектісі 1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін шығармашылық еңбегімен алған жеке және заңды тұлғалар ғылыми санаткерлік меншік құқығының субъектілері болып табылады. 2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алуға жеке шығармашылық үлес қоспаған, сондай-ақ тек қана техникалық, ұйымдастырушылық және өзге де көмек көрсеткен немесе алынған нәтижеге санаткерлік меншік құқығын ресімдеуге жәрдемдескен тұлғалар ғылыми санаткерлік меншік құқығының субъектілері болып танылмайды. 3. Қызметтік тапсырма бойынша қызметкерлері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін алған ғылыми ұйым, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, оны пайдалануға айрықша құқық алады. 13-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне авторлық құқық 1. Санаткерлік меншік құқығы субъектісінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне авторлық құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен танылады. 2. Егер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі екі немесе одан да көп тұлғаның бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. 14-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар 1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі авторының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы нәтижеге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары болады. 2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалануға мүліктік (айрықша) құқықтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады. 15-бап. Авторлық құқықты қорғау Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі авторының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 4-тарау. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару мен ұйымдастыру 16-бап. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару 1. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті басқару ғылыми ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен ғылыми ұйымдарда өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуді ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады. 3. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіру ісін уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан республикасының Үкіметі: 1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлейді; 2) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды; 3) мемлекеттік ғылыми-техникалық даму бағдарламаларын әзірлейді; 4) нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін бекітеді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бекітеді; 6) республика үшін аса маңызды кешенді ғылыми-техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік ұлттық ғылыми орталықтар құрады; 7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік ғылыми ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |