Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және
Осы редакция 2007 жылғы 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын. 2. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 104 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 90 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 2 шілдедегі № 643 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 523 қаулысы.
|