Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан
Осы редакция 2007 жылғы 17 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесi бекітiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп үш ай мерзiмде арнайы су пайдалануға рұқсат берумен байланысты мәселелер бойынша нұсқаулықты әзiрлесiн және мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекiтсiн. 3. «Арнайы су пайдалануға келісім және рұқсат беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1482 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысымен бекiтілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және арнайы су пайдалануға рұқсат берудiң тәртібін (бұдан әрi Ереже) белгiлейдi. 2. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлерiне: 1) тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқы және басқа да сарқынды сулардың жер бетіндегі су объектiлерiне ағызылуына; 2) тәулiгiне елуден екi мыңға дейiн текше метр су алу лимиттерiмен жер қойнауынан шаруашылық-ауыз су және өндiрiстік-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат берiледi. 3. Арнайы су пайдалануға рұқсат оның иесiнiң осы Ережеде айқындалған арнайы су пайдаланудың нақты түрін жүзеге асыруға құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 2. Арнайы су пайдалануға рұқсат беру тәртібі 4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда: 1) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнен арнайы су пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға; 2) шетелдiк заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бepeдi. 5. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдары 4-тармақта аталғандарды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бередi. 6. Жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бұл су пайдаланудың шарттары келісілгеннен кейiн берiледi: 1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық органдары - барлық жағдайда; 2) тиiстi аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырушы атқарушы органдар барлық жағдайда; 3) жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілеттi органның аумақтық органдары - шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын жер қойнауынан алып пайдалану бөлiгiнде; 4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары - мал шаруашылығы мұқтаждары үшiн жерасты суларын жинап алу, сондай-ақ мал шаруашылығы үй-жайлары мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарынан сарқынды суларды ағызу кезiнде; 5) балық қорлары мен басқа да су жануарларын қорғау, ұдайы молайту және пайдалану жөніндегi арнайы уәкілеттi органның аумақтық органдары - балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерiне сарқынды және қашыртқы суларын ағызу кезiнде. 3. Арнайы су пайдалануға рұқсат беру кезiнде қойылатын талаптар 7. Мыналар: 1) олардың көмегiмен сарқынды және қашыртқы суларын ағызу жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар мен техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар; 2) су ағызуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары; 3) сарқынды және қашыртқы суларын ағызуға қайталама пайдаланушылармен шарттары бар жеке және заңды тұлғаларға тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқы және басқа да сарқынды суларды жер бетіндегі су объектiлерiне ағызуға рұқсат етiледі. 1) олардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды жинап алу жүзеге асырылатын қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылар теңгерiмiнде бар; 2) су жинап алуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары; 3) қайталама су тұтынушыларға су беруге шарты бар; 4) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды мен жер асты су объектiсi туралы геологиялық ақпараты бар жеке және заңды тұлғаларға тәулiгiне елуден eкі мыңға дейін текше метр су алу лимиттерімен жер қойнауынан шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жер асты суларын пайдалануға рұқсат берiледi. Мемлекеттік геологиялық ақпарат терiс мәнде болған жағдайда 2 жылға дейiнгi мерзiмге геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу әрi бұл мерзім өткеннен кейiн жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілеттi органның қорларға мемлекеттік сараптамасы болуы шартымен рұқсат берiледi. 4. Арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін қажеттi құжаттар 9. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына мынадай құжаттарды: 1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жер асты су объектiсiнiң атауы суды жинап алу көлемi мен жер асты су көздiң координаталары, сондай-ақ сарқынды және қашыртқы суларын ағызу орындары мен көлемi көрсетілген өтінiштi; 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуi туралы куәлiктің нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн; 3) олардың көмегiмен суды жинап алу немесе сарқынды және қашыртқы суларын ағызу жүргiзілетiн құрылыстарға, техникалық құрылғыларға арналған жер учаскесiн бөлу актiсiн; 4) су шаруашылығы құрылысы мен құрылғысының паспортын; 5) салық органының мөртабаны бар кәсiпкер ретiнде жеке тұлғаның есепке алынуы немесе мемлекеттік тiркелуi туралы салық органының анықтамасын; 6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен, тиiстi аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырушы атқарушы органдармен, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органдармен (жер асты суларын алу кезiнде), ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдармен (мал шаруашылығы мұқтаждары үшiн жер асты суларын жинап алу, сондай-ақ мал шаруашылығы үй-жайлары мен мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарынан сарқынды суларды ағызу кезiнде), балық қорлары мен басқа да су жануарларын қорғау, ұдайы молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті органның аумақтық органдарымен (балық шаруашылығы маңызы бар су объектiлерiне сарқынды немесе қашыртқы суларын ағызу кезiнде) арнайы су пайдалану шарттарын келiсудi; 7) жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілеттi органмен келiсілген жер асты су объектiсiн пайдалану жобасын ұсынады. 5. Арнайы су пайдалану рұқсатының шарттарын өзгерту 10. Егер кәсiпорындарды, құрылыстар мен объектiлердi қайта жаңарту немесе техникалық қайта жаңарту процесiнде арнайы су пайдалану шарттарын өзгерту қажеттілiгi туындаса, су пайдаланушы бұл туралы арнайы су пайдалануға рұқсат берген мемлекеттік органға мәлiмдейдi әрi бiр ай мерзiмде осы Ережеге сәйкес бұрын берiлген рұқсатқа тиiстi өзгерістер енгізу үшiн оған жаңа келiсудi ұсынады. 11. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген мемлекеттік органдар су немесе табиғат қорғау заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда оны тоқтата тұра алады. Рұқсатты қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда оны берген орган тоқтата тұруды туындатқан себептердi жою мерзiмiн көрсете отырып, осындай тоқтата тұрудың себептерi туралы су пайдаланушыны жазбаша нысанда хабардар етедi. Рұқсатты қолдануды тоқтата тұруды туындатқан себептер жойылғаннан кейiн оның қолданылуы жаңартылады, бұл туралы су пайдаланушы жазбаша нысанда хабардар етiледi. 6. Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау мерзімдерi 12. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган немесе оның тиiстi аумақтық органы рұқсатты 30 күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - осы Ережеге сәйкес өтiнiш берушi ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiшi берiлген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей бередi. |