|
|
|
Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шекаралық белгілердің нысаны, өлшемі және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларына орнату тәртібі (сипаттама қосаберіліп отыр) бекітілсін. 2. Шекаралық белгілерді дайындау заңда белгіленген тәртіппен берілетін лицензияға сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1528 қаулысына қосымша
Шекара белгілерінің сипаттамасы және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына орнатудың ТӘРТІБІ
1. Негізгі шекара белгілері
Негізгі шекара белгілері бағандарының құрастырмасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында орнатылатын негізгі шекара белгілерінің бағандары екі түрде: құрама немесе құрама-тұтас құйылған темір-бетоннан әзірленеді. Құрама шекара бағаны алты блоктан, іргетастан және темірбетон қорғаныштан (төрт блоктан) тұрады.
Негізгі шекара белгісі бағанының нысаны
Негізгі шекара белгісі бағаны ұзындығы 264 см және қимасы 18х22 см темір-бетон құрастырмасы. Бағанның жер бетін биіктігі 200 см, оның жоғарғы бөлігі төрт қырлы пирамидалы нысанда. Бағанның түбінде тік бұрыш нысанды құрама темір-бетон қорғаныш құрылады. Шекара бағанының гиометриялық орталығын белгілеу үшін ұзындығы 70 см және диаметрі 16 мм кем емес металл білік пайдаланылады. Бағанды орнатар алдында бұл білік бағанның осі бойынша 82х78 см, тереңдігі 104 см шұқырға 30 см тереңдікке қағылады. Біліктің қалған 40 см бөлігіне бетон құйылады, оған шекара бағанының темір-бетон құрастырмасы қондырылады.
Шекара белгілерінің мемлекеттік нышандамасы
Негізгі шекара белгілерінің барлық негізгі бағандарына шектес мемлекет жағына қаратылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербі орнатылады. 22х22 см мөлшердегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гербінің белгісі металдан немесе пластмассадан жасалады және бағанның кең қырына орнатылады. Негізгі шекара белгісінің бағаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туына түстес келетін бояумен боялады.
Негізгі шекара белгілерінің нөмірленуі
Шекара белгілерінің өз реттік нөмірі болады. Шекара бағандарын белгілеу үшін араб цифрлары пайдаланылады. Бірдей нөмірлі екі шекара бағанынан тұратын шекара белгілеріне олардың реттік нөмірлерінің астына төменде (1) және (2) цифрлар қосымша жазылады. Бірдей нөмірлі үш шекара бағанынан тұратын шекара белгілеріне олардың реттік нөмірлерінің астына төменде (1), (2), (3) цифрлары қосымша жазылады. Нөмірлер қара түсті бояумен боялады. Мемлекеттік герб пен реттік нөмірлер белгілерінен басқа қазақстандық шекара бағандарына басқа таңбалаулар көзделмейді.
2. Аралық шекара белгілері
Аралық шекара белгілері бағандарының құрастырмасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында орнатылатын аралық шекара белгілерінің бағандары екі түрде құрама және құрама-тұтас құйылған темір-бетоннан дайындалады. Құрама тұтас қойылған баған төрт сыртқы блоктан, іргетастан және темір-бетон қорғаныштан (төрт блоктан) тұрады. Құрама тұтас құйылған баған екі блоктан: темір-бетонды сыртқы және бетонды іргетасты блоктардан, сондай-ақ темір-бетон қорғаныштан - төрт блоктан тұрады.
Аралық шекара белгісі бағанының нысаны
Аралық шекара белгісі бағаны ұзындығы 184 см және қимасы 18х22 см темір-бетон құрастырмасы. Бағанның жер бетінен биіктігі 120 см. Оның жоғарғы бөлігі төрт қырлы нысанда. Баған өзінің кең қырымен шектес мемлекет жаққа қараған. Бағанның тұғырына құрылған темір-бетон қорғанышы негізгі шекара белгісі бағанындағы секілді сондай нысан мен мөлшерде болады. Аралық шекара белгілері бағандарын орнату технологиясы негізгі шекара белгілері бағандарын орнату технологиясымен бірдей.
Аралық шекара белгілері бағандарының бояуы
Аралық шекара белгілерінің бағандары ақ түсті бояумен боялады.
Аралық шекара белгілері бағандарының нөмірленуі
Нөмірлер бағандарға қара түсті бояумен бөлшек сандармен жазылады. Бөлшектің алымы негізгі шекара белгісінің нөмірі, ал бөлгіші аралық шекара белгісі бағанының реттік нөмірі болып табылады. Аралық шекара белгілері бағандары нөмірлерінің өсуі негізгі шекара белгілерінің екі көрші бағандарының арасында орналасқан осы бағандардың санымен шектеледі.
3. Шекараны қолдан жасалған құралдармен белгілеу
Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының жекелеген жер бетіндегі қиын-қыстау учаскелеріне (мұздықтар, таулы шатқалы учаскелері) негізгі және аралық шекара белгілерін жеткізу мен орнату қиын және бұл демаркациялық жұмыстарды жүргізуге қатысушылардың өміріне қауіп тудырады. Осыған байланысты жер бетіндегі қиын-қыстау учаскелерге шекара желілерін белгілеу үшін тастан, қиыршық тастан және басқа қолдан жасалған құралдардан әзірленген қазулар, пирамидалар мен қорғандарды қолдану орынды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |