|
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмендарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін. 3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерінің Тізбесі
1. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» Қарағанды қаласы. 2. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» Шымкент қаласы. 3. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |