|
|
|
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2009.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі «Астана-Қаржы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті акцияларының жалпы санының 26,46 пайызы мөлшерінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті: 1) Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) «Астана-Қаржы» акционерлік қоғамының 26,46 пайыз мөлшеріндегі және»»ҚазАвиаЛизинг» акционерлік қоғамының 100 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерін бағалау жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2008.05.12. № 1139 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2009.27.07. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: реттік нөмірі 21-28 «ҚазАвиаЛизинг» ЖАҚ деген жол алынып тасталсын; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-13-жол алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |