Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат): 4-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат): 2-тармақтағы «үш, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 39, 518-құжат): 4-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 39, 520-құжат): 2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): 2-тармақтағы «төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат): 3-тармақтың екінші абзацындағы «төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 524-құжат): 3-тармақтағы «үш, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде: 20-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 8. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 525-құжат): 2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 9. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат): 2-тармақтағы «төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде: 17-тармақтың екінші абзацындағы «, оның ішінде бір бірінші орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын. 10. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): 2-тармақтағы «төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде: 15-тармақтың екінші абзацындағы «, олардың арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олардың бірі қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болады» деген сөздер алынып тасталсын. 11. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 531-құжат): 2-тармақтағы «бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын. 12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): 2-тармақтағы «бес, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 15-тармақтың үшінші абзацындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 13. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті туралы ережеде: 16-тармақ «қызметтен босататын» деген сөздерден кейін «лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын. 14. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 535-құжат): 2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті туралы ережеде: 15-тармақтағы «бірінші орынбасары» деген сөздер «орынбасарларының бірі» деген сөздермен ауыстырылсын. 15. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 536-құжат): 2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 16. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): 2-тармақтағы «үш, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын. 17. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат): 2-тармақтағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын. 18. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 541-құжат): 4-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 19. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 43, 542-құжат): 5-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 20. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат): 2-тармақтағы «төрт вице-министрі, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер «үш вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың 1) тармақшасындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 21. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): 7-тармақта: 1) тармақшадағы «бес, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер «үш орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «, оның ішінде бір бірінші орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережеде: 18-тармақтағы «(оның ішінде бір бірінші)» деген сөздер алынып тасталсын. 22. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 628-құжат): 3-тармақтағы «екі орынбасары» деген сөздер «бір орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті туралы ережеде: 15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.«; 17-тармақтың 1) тармақшасындағы «орынбасарларының» деген сөз «орынбасарының» деген сөзбен ауыстырылсын; 18-тармақтағы «оның орынбасарларының» деген сөздер «, оның орынбасарының» деген сөздермен ауыстырылсын. 23. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат): 2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 24. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат): 3-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде: 16-тармақтың екінші абзацындағы «, оның ішінде бір біріншісі» деген сөздер алынып тасталсын. 25. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): 2-тармақта: 1) тармақшадағы «төрт» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын; 2), 4) және 5) тармақшалардағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 26. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): 2-тармақтағы «алты вице-министрі, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «үш вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 1) тармақшасындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын.
|