Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде (2007.18.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 309 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысымен бекітілген Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жағдай туғызатын нормалардың болу мәніне қолданыстағы заңнаманы талдауды қарау қорытындылары бойынша; 2) қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 4. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссияның: 1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; 2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдерін шақыруға және тыңдауға; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады. 6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі болып табылады. 7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткізуге дейін кемінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді. 8. Комиссия отырысы күнтізбелік жылғы айдың үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі. 9. Отырыстардың күн тәртібі, сондай-ақ олардың өтетін орны мен уақытын Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы белгілейді және нақтылайды. 10. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі, Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс. 11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
|