Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар (2007.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 15 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссияның құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысымен Бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 (бұр. ред. қара); 2007.31.01. № 73 (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 634 (бұр.ред.қара); 2007.02.09 №761 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және Серік Нығметұлы коммуникация министрі, төрағаның орынбасары
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика Сауат Мұхамбетбайұлы және минералдық ресурстар министрі, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;
Шаққалиев Арман Абайұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы
Супрун - Қазақстан Республикасының Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрі;
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет вице- Дулат Рашитұлы министрi
Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы Эдуард Карлұлы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы
Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Ермек Жианшаұлы Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы
Сағадиев - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Кенжеғали Әбенұлы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
Чиркалин - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Иван Федорович Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы
Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысымен бекітілген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және іріктеу үшін құрылады. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) концессиялық жобаларды қарау және іріктеу; 2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтінімдерді қарау; 3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу; 4) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекіту болып табылады. 5. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес: 1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 2) концессиялық жобаларды іріктеудегі проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажетіне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға; 3) мемлекеттік және басқа ұйымдардан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметі үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды. ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 948 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7. Комиссияның құрамына ауыстыру қүқығынсыз Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің бірінші басшылары, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді. 8. Концессия жөніндегі конкурстың тиісті ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 9. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның кезекті отырысына қажетті материалдарды отырысқа дейін кем дегенде он күн бұрын Комиссияның хатшысына ұсынады. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді. 11. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия мyшелерінің жалпы санының кемінде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады. 12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып саналады және Комиссияның барлық мyшелері міндетті түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия хаттамасына қоса тіркелуге тиіс. 13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларға қарау нәтижелері туралы хабарлайды. 14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.
|