|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2014.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде: үшінші абзацта: «басшыларының орынбасарлары», «атқарушы директоры» деген сөздер «бірінші басшылары», «басқарма төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қаржы» деген сөзден кейін «, Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Қазына» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 5-бөлімде: үшінші абзацта: «басшыларының орынбасарлары» деген сөздер «бірінші басшылары», деген сөздермен ауыстырылсын; «Индустрия және сауда» деген сөздерден кейін «, Қаржы» деген сөзбен толықтырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» «ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде: үшінші абзацтағы «(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде: «Кеңестердің қызметін ұйымдастыру» деген 4-бөлімде: 7-тармақта «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «немесе оның орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
енгізілсін; көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын; 5) ҚР Үкіметінің 2008. 12.11. № 1080 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын. 8. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самғау» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Самғау» холдингі» АҚ-ның басқару мәселелері» деген 5-бөлімде: төртінші абзацтағы «өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. ҚР Үкіметінің 2008. 12.11. № 1080 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |