2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
170-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1991876 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бір миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 5-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 28-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 714 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы; 1944 жылғы 7 желтоқсандағы халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенция.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың және қоғамның көлік және коммуникация қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиімді әрі технологиялық жаңартылған көлік-коммуникация кешенін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік-коммуникация кешенін дамытудың мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын әзірлеу; заңнамалық кесімдерді, заңнаманың қолданысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша көлік-коммуникация кешені саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді, техникалық шарттарды және өзге де нормативтерді әзірлеу және қабылдау; болжамдар әзірлеу және мемлекеттік мұқтаждардың және экономиканың тасымалдар мен коммуникацияларға деген қажеттіліктерін уақтылы сапалы қамтамасыз ету; Үкіметтің шешімі бойынша көлік- коммуникация кешенінің заңды тұлғаларының акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және үлестеріне иелік етумен және пайдаланумен байланысты қызметтерді жүзеге асыру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес-кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Көлік және коммуникация саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын салааралық үйлестіру; өз құзыретінің шегінде көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру, сондай-ақ халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы мүдделерін қорғау; қызмет рыногын қалыптастыру және көлік және коммуникация саласында бәсекелестік ортаны дамытуға қолдау көрсету; өз құзыретінің шегінде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; JAR еуропалық авиациялық талаптарды енгізу; әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Әуе көлігінен басқа көліктердің барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді және олардың қызметін мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде көлік қызметтерін көрсету саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; автомобиль жолдары желісін дамыту мен магистральдық темір жол құрылысы саласында мемлекеттік саясат пен бақылауды іске асыру, сондай-ақ қызмет көрсетілетін автомобиль жолдарды және олардағы құрылыстарды көлік құралдарының үзіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз ететін жай-күйде ұстау | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді төмендегі 7 тақырып бойынша сатып алу: 1) ISO 14000 және OHSAS 18001 стандарттары бойынша менеджмент жүйесі; 2) басқарушы және қаржылық есеп. Салықтар мен құқық; 3) халықаралық автомобиль тасымалдары; 4) юриспруденция; 5) автомобиль жолдарын іздестірудің және жобалаудың қазіргі заманғы әдістері; 6) автомобиль жолдарын пайдаланудың ерекшеліктері; 7) автомобиль жолдарын салудың, қайта жаңартудың, жөндеудің прогрессивті технологиялары және оларды ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Мемлекеттік қызметшілерге қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің комитеттері аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарын күрделі жөндеу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі комитеттерінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдарды сатып алу және материалдық-техникалық жарақтандыру | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Телекоммуникациялық қызметтерді, шығыс материалдарын; қосалқы бөлшектерді; жинақтаушы, техникалық және лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. Жүйелік техникалық қызмет көрсету және жүйелік-есептеу техникасын жөндеу. Әкімшілік жасау және төңіректік-есептеужелісін және ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қызмет ететін көліктік-коммуникация саласын нығайту және дамытуға байланысты бірқатар іс-шараларды мониторингілеу, болжау және орындау; 76 мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, оның ішінде аумақтық органдардан 44 адам, 387 адамды мемлекеттік тілге оқыту; 41 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Түпкі нәтиже: көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жүктелген функциялар мен міндеттерді барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау және оңтайландыру;
бір мемлекеттік қызметшіге жұмсалатын орташа шығын: біліктілікті арттыруға - 28 мың теңге, мемлекеттік тілді оқытуға - 22,1 мың теңге және ағылшын тілін оқытуға 17,7 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жоспарлармен, жыл бойы жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыту курсынан кейін қазақ тілі бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі шамамен 30 пайыз; ағылшын тілін оқыту курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі шамамен 4 пайыз; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі шамамен 1-3 пайыз; көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесінің (құру) жұмыс істеуі, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
171-ҚОСЫМША
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 83 249 200 мың теңге (сексен үш миллиард екі жүз отыз тоғыз миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниеті туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» қарызы туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз, үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін қалпына келтіру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автожолдарды салу, қалпына келтіру, қайта жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Төмендегі іс-шараларға арналған, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес сомалардың шегінде автомобиль жолдарын республикалық деңгейде дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру: 1) Ақтау-Атырау автожолының "Қарабатан-Бейнеу" учаскесін қайта жаңарту (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 185 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 186 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 187 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 188 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 189 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 190 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 191 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 192 ЖІЖ бұйрықтары, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-1/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-2/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-3/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы 7-296-4/06 сараптама қорытындылары): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес Ақтау-Атырау автожолын салу, қайта жаңарту барысын қадағалау. 2) Автожол саласын дамыту (Алматы-Бішкек (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 361 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 372 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 373 ЖІЖ бұйрықтары, 2006 жылғы 28 маусымдағы № 7-332/06, 2006 жылғы 2 қарашадағы № 7- 570/06 мемлекеттік сараптама қорытындылары): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес автожолды қайта жаңарту, құрылыс барысын қадағалау; 3) Алматы -Астана автожолын қалпына келтіру, соның ішінде "Алматы-Гүлшат және Ақшатау- Қарағанды учаскесінде: нақты жобаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес автожолды салу, қайта жаңарту барысын қадағалау жөніндегі кеңесші қызметтері. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
3 | | 005 | Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру | Төмендегі іс-шараларға арналған, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сай сомалар шегінде автомобиль жолдарын республикалық деңгейде дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру: 1) Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға)-Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы Шымкент автожолының Ресей Федерациясының шекарасы-Орал- Ақтөбе учаскесін қайта жаңарту (2003 жылғы 27 мамырдағы № 7- 229/2003, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 14-225/04 сараптама қорытындылары); 2) Астана-Қостанай-Челябі автожолын қайта жаңарту және жобалау-іздестіру жұмыстары (2003 жылғы 19 мамырдағы № 14-06/03, 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 2-646/03, 2004 жылғы 18 қаңтардағы № 14-189/03, 2004 жылғы 29 қарашадағы № 14-209/04, 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 2- 23/05, 2005 жылғы 28 қарашадағы № 7-599/05, 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 7-604/05, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-837/05, 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 2-839/05, 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 2-884/05, 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 2-931/05, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-961/05 сараптама қорытындылары); 3) Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға)-Павлодар, Семей қалалары арқылы Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына шығу) автожолын қайта жаңарту (2003 жылғы 19 маусымдағы № 2-302/03, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 16-384/03, 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 2-10/06, 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-53/06, 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-54/06, 2006 жылғы 3 ақпандағы № 2-64/06, 2006 жылғы 3 ақпандағы № 2-65/06 сараптама қорытындылары); 4) Көкшетау қаласы арқылы өтетін Астана-Петропавл автожолының "Астана-Щучин" учаскесін қайта жаңарту (2005 жылғы 12 наурыздағы № 2-124/05 сараптама қорытындысы); 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-732/06, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-733/06, 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 2-741/06, 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 2-751/06, 2007 жылғы 28 ақпандағы 2-86/07 5) Көкшетау қаласы арқылы өтетін Астана-Петропавл автожолының "Щучи н-Петропавл-Ресей Федерациясының шекарасы" учаскесін қайта жаңарту (2004 жылғы 19 қарашадағы № 17-644/24, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-690-Д/04 сараптама қорытындылары); 2007 жылғы 14 мамырдағы № 12-118/07 6) Ақсай-Шонжы-Көлжат-ҚХР шекарасы автожолының»Шонжы- Көлжат" (Қытай Халық Республикасының шекарасы)" учаскесін қайта жаңарту (2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 7-627/05, 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 7-628/05, сараптама қорытындылары); 7) Таскескен-Бақты (Қытай Халық Республикасының шекарасы) автожолын қайта жаңарту (2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 9-892/05, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 9-891/05, 2006 жылғы 18 мамырдағы № 9-498/06 сараптама қорытындылары); 8) Астана қаласының Оңтүстік айналымы автожолының құрылысы (2006 жылғы 26 сәуірдегі № 2-203/06 сараптама қорытындысы); 9) Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханға) автомобиль жолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы және электр беру желілерін ауыстыру (2006 жылғы 23 ақпандағы № 2- 95/06/119-06/ГГЭ-3683/04 мемлекетаралық сараптама қорытындысы). Ағымдағы жылы мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: қолданыстағы жол жамылғысын бұзу, жер жұмыстары, жер төсемінің топырағын бекіту, материалдарды дайындау, төсеу қабаты, коммуникацияларды қайта жайғастыру, жасанды құрылыстарды, жол негізін, асфальт-бетон жамылғыны, жол жиегін жайғастыру және қайта жайғастыру, таңбалау жөніндегі жұмыстар, жол жағдайы және жолды жайғастыру жөніндегі жұмыстар, айналма жолдарды жайғастыру және күтіп ұстау, электрмен қамтамасыз ету және жарықтандыру, бағдаршам сигнализациясы, қар тоқтатқыш қоршаулар және орман қорғау жолағын отырғызу, бұзылған құрылыстар үшін төлем, жер бөлуді ресімдеу, орларды әзірлеуге арналған құжаттаманы дайындау, жабдықталған жол полициясы бекеті, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және есептеу, орларды, кесінділерді және айналма жолдарды рекультивациялау, жер бөлу, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің зияндары мен шығындарын толықтыру, салу, қайта жаңарту барысын технологиялық қамтамасыз етуді, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыру, жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама, жобаларды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес басқа да жұмыстар. Жұмыстар көлемі ведомостерін тарамдау және автомобиль жолдарын салуға жаңадан бөлінген жер учаскелерін паспорттау; 10) Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы автожолын қайта жаңарту (2006 жылғы 1 қарашадағы № 2-582/06, 2006 жылғы 30 қарашадағы № 2-630/06, 2007 жылғы 28 ақпандағы № 2-82/07, 2007 жылғы 26 наурыздағы № 2-126/07, 2007 жылғы 14 сәуірдегі № 2-194/07 сараптаманың қорытындысы); 11) «Өзбекстанның шекарасы - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас автожолын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу; 12) «Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолы (ҮАААЖ)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жер учаскелерін сатып алу; 13) «Алматы - Талдықорған автожолын қайта құру» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу; 14) «Үшарал - Достық автожолын салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік коммуникация министрлігі |
4 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Төмендегі іс-шараларға арналған, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 3-қосымшаға сай сомалар шеңберінде автомобиль жолдарын республикалық деңгейде дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру: 1) Батыс Қазақстандағы жол желісін қайта жаңарту (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 27 маусымдағы № 252 ЖІЖ, 2003 жылғы 30 маусымдағы № 257 ЖІЖ, бұйрықтары): жолдарды қайта жаңартуға қатысты салықтарды төлеу, белгіленген тәртіпте мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес Батыс Қазақстанның автожолдарын қайта жаңарту; техникалық аудармашыларға төлем жүргізу; 2) Ақтау-Атырау автожолының "Қарабатан-Бейнеу" учаскесін қайта жаңарту (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 185 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 186 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 187 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 188 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 189 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 190 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 191 ЖІЖ, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 192 ЖІЖ бұйрықтары, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-1/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-2/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-3/06, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-296-4/06 сараптама қорытындылары): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес Ақтау-Атырау автожолын салу, қайта жаңарту барысын қадағалау; 3) Автожол саласын дамыту (Алматы-Бішкек (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 361 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 372 ЖІЖ, 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 373 ЖІЖ бұйрықтары, 2006 жылғы 28 маусымдағы № 7-332/06, 2006 жылғы 2 қарашадағы № 7-570/06 мемлекеттік сараптама қорытындылары): белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес автожолды қайта жаңарту, жолды қалпына келтірумен байланысты салықтарды төлеу, құрылысты қадағалау барысын қадағалаумен байланысты салықтарды төлеу; 4) Алматы-Астана автожолын қалпына келтіру, соның ішінде "Алматы-Гүлшат және Ақшатау-Қарағанды учаскесінде - жобалық-сметалық құжаттамаға және мердігерлермен келісім-шарттарға сәйкес қайта жаңартуға байланысты салықтарды төлеу, жабдықтар сатып алу. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында пайдалануға енгізу арқылы жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже: автожолдардың технико-экономикалық жай-күйінің сапасын жоғарылату, республикалық және халықаралық қатынастардағы автомобиль жолдарында көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға енгізу.