2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 450-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 450-ҚОСЫМША
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Сайлау өткізуді ұйымдастыру» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 7 544 211 мың теңге (жеті миллиард бес жүз қырық төрт миллион екі жүз он бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қазандағы № 1108 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізуді іске асыру, сайлау өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелік комиссияларға басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - Қазақстан Республикасында сайлау туралы заңнаманың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету; - Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметкерлері мен мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру; - саны 30 аппарат қызметкеріне мемлекеттік тілді, саны 20 адамға ағылшын тілін оқыту. Түпкі нәтиже: - сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу; - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудағы қажеттілікті - 8 пайызға, мемлекеттік тілді оқытудағы қажеттілікті - 59 пайызға, ағылшын тілін оқытудағы қажеттілікті 39 пайызға қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: - бюджет қаражатын сайлауды өткізу жөніндегі іс-шараларға жұмсалатын қаржы қаражатын тиімді пайдалану; - бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 50,4 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 53,0 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 16,5 мың теңге; - бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру. Уақтылығы: - іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жүзеге асыру. Сапасы: - Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын іске асыруын қамтамасыз ету; - қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; - мемлекеттік тілді үйрену курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 20 пайыз іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін болады; - ағылшын тілін үйрену курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 10 пайыз ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін болады; - біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 10 пайыз жоғары кәсібилікпен жұмыс істейтін болады.
|