2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 451, 452, 453, 454, 455, 456, 457, 458, 459, 460, 461, 462, 463, 464-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 451-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 14 332 869 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз отыз екі миллион сегіз жүз алпыс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік әкімшілік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі оларды табыстау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары құжаттарының Үлгілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары Белгілерінің бейнесі туралы «Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында кәсіптілік саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық, тілдерді оқыту жүйесін ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, Премьер-Министрі кеңесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті Премьер-Министрі қатысуымен өткізілетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін жоғарлату, мемлекеттік тілдің жұмыс істеуіне жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қызметін тоқтаусыз қамтамасыз ету, 967 сағат көлемінде литерлік рейстерді орындау, 1 бірлік әуе кемесін А-319 сатып алу, жалпы алаңы 67 029,1 шаршы метр және маңайындағы 264,6 га аумақтағы мемлекеттік резиденцияларға, 139 415,0 шаршы метр және маңайындағы 57,8 га аумақтағы үкіметтік ғимараттарға кешенді қызмет көрсету, 5 әкімшілік ғимаратты, 9 мемлекеттік резиденциялар объектісін сақтандыру; мемлекеттік қызметшілердің 50 пайыз қазіргі заманғы компьютерлермен қамтамасыз ету; 9 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 93 адамға мемлекеттік тілді оқыту; 10 көп емес адамға ағылшын тілін оқыту; саны 26 бірлік автомашинаға және күзетілетін тұлғалардың жалпы аумағы 2 250 шаршы метр гаражына қызмет көрсету. Түпкі нәтиже: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін сапалы және уақытында қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша мұқтажын 100 пайыз, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту 100 пайыз және ағылшын тілін оқыту 100 пайыз арттыру. Қаржылық-экономикалық нәтиже: әр литерлік рейстің жоспарлы ұшу сағаты мен орташа тарифі 3 271 431 теңге/сағ., мемлекеттік резиденциялар. Yкіметтік ғимараттар мен маңайында орналасқан аумақтың 1 шаршы метріне қызмет көрсету шығыны 23 619,0 теңге; өкілеттік шығындар нормасына сәйкес ресми іс-шаралар өткізу; 1 бас жоғары бағалы спорт атын ұстау шығыны - 714 300 теңге, күзетілетін тұлғаның автокөлігін гаражда ұстау шығыны 1 687 577 теңге. Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 37 777,0 теңге. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретудің орташа шығыны 19 849,0 теңге. Мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін үйретудің орташа шығыны 27 500,0 теңге. Уақтылығы: бекітілген іс-шаралар жоспарына және келісім-шарттарға сәйкес іс-шараларды орындау. Сапасы: мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғалардың мұқтажын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби деңгейлерін арттыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 452-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаториі қызметіне мемлекеттік қолдау көрсету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 227400 мың теңге (екі жүз жиырма жеті миллион төрт жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Мемлекетінің меншік құқығы туралы» 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 217694 мемлекеттік тіркеу куәлігі. «Ресей Федерациясы аумағында тіркелген шетелдік компаниялар өкілдіктер Жиынтық мемлекеттік реестріне енгізу» 2006 жылғы 29 маусымдағы № 15641 куәлігі. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» (Қазақстан) Есентуки қ.« мемлекеттік мекеменің өкілеттігі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийін материалдық жабдықтануды жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санаторийдің материалдық жабдықтануды жақсарту күрделі жөндеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: санаторийді автокөлікпен жарақтандыру деңгейі 100 пайыз; санаторийді жабдықпен жарақтандыру деңгейі 100 пайыз, 150 738,0 мың теңгеге ғимаратты және үй-жайда күрделі жөндеу жүргізу, жобаланған іс-шаралардың 100 пайыз. Түпкі нәтиже: санаторийдің материалдық жабдықтануды, санаторийдің қаржылық жағдайын жақсарту, санаторлық-курорттық қызмет көрсету сапасын; Қазақстан Республикасының халыққа санаторлық-курорттық қызмет көрсетудегі абыройын арттыру. Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір бірлік автокөліктің орташа құны жоспарланған шығын шегінде 4 009,4 мың теңге; медициналық және медициналық емес жабдықтың орташа бірлігінің құны 23,5 мың теңге; жөндеу жүргізудің орташа құны 50,3 мың теңге. Уақтылығы: автокөлік, жабдықтарды әкелу кестесіне сәйкес уақытында 100 пайыз орындау, Заңнамаға сәйкес бекітілген проектті-сметалық документке байланысты ғимаратта және үй-жайда күрделі жөндеу жүргізу. Сапасы: "Қазақстан" санаториясында қаралатын контингентің жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі. Санаторлы-курортты қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының имиджін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 453-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 40596 мың теңге (қырық миллион бес жүз тоқсан алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Күзетілетін тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № УД-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 813 бірлескен бұйрығы; Күзетілетін тұлғалардың еліміздің аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 01-58/65 ҚБП бұйрығымен бекіткен тәртібі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінің, ресми делегациялардың және күзетілетін тұлғалардың медициналық қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Күзетілетін тұлғалар мен ресми делегациялар мүшелерінің санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына бекітілген мемлекеттік қызметшілердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бақылауға алынған объектілерден жеткізілген саны 36 108 сынама мен үлгілерге жүргізілетін зерттеулер; лабораториялық-инструменталдық зерттеулер саны - 74580; ауруларды уақытында анықтау және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар саны - 95. Саны 10 бүлік лабораториялық жабдық сатып алу, оның ішінде: электр өрісінің және энергия ағынының тығыздылығын өлшеуіш - 1 бірлік, портативті радиометр - 1 бірлік, ауа аспираторы - 1 бірлік, стерилизатор - 1 бipлік, кептіру шкафы - 1 бірлік, термостат - 1 бірлік, лабораториялық жиһаз - 4 бірлік. Түпкі нәтиже: инфекциялық және кәсіби аурулардың пайда болуын болдырмау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптастыру. Лабораториялық жабдықпен жарақтану деңгейі жалпы мұқтаждың 60 пайыз құрайды; стандарттық үлгілер мен типтік ерітінділер жалпы мұқтаждың 90 пайыз құрайды. Қаржылық-экономикалық нәтиже: күрделі зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану және нәтиже алудың уақытын қысқарту; 1 санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараға жұмсалатын шығынның құны 145 654 теңге. Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің уақытында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. Сапасы: Инфекциялық аурулар диагностикасының уақыттылығын және сапасын арттыру, күзетілетін тұлғалардың және ресми делегациялар мүшелерінің медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сапалы бағалау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 454-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 2 321 654 мың теңге (екі миллиард үш жүз жиырма бір миллион алты жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5, 16, 17, 18, 19 және 26-баптары; «Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бірінші кезектегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркеу ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 2005 жылғы 16 сәуірдегі № УД-05/45 бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының тіркелген және қызмет көрсетілетін азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тіркелген құрамға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, шетелде емделуі, қалпына келтіру және медициналық жұмысқа жарамды ету. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауруханалардың стационарларында тіркелген құрамның орташа есеппен 6 804 адамды емдеу, келіп қаралудың орташа саны 272 300, жедел жәрдем шақырудың орта жылдық саны 6 500; 18 адамды шетелдік клиникаларда емдеу және көлік, соның ішінде бірге еріп баратын тұлғалардың шығындарын өтеу. 448 мемлекеттік қызметшінің денсаулығын қалпына келтіру және медициналық жұмысқа жарамды ету. Саны 10 бірліктен кем емес медициналық жабдық және автокөлік сатып алу. «Орталық клиникалық аурухана» РМҚК-ның 2263,0 шаршы метр; Медициналық орталық ауруханасының 650,3 шаршы метр ғимараты мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген азаматтарының ауруын азайту. Қазіргі заманғы көп функционалды емдеу-диагностикалық жабдықпен жабдықтаудың қажетті деңгейінен - 40 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың бір орында жатуының орташа күні 9 күн; бір орынның жұмысы 315 күн; медициналық жабдықтың бip бірлігінің құны - 30 957,38 мың теңге, автокөлік бір бірлігінің құны 9216,0 мың теңге; тіркелген құрамға медициналық көмекті жоғары мамандандырылған шетелдік клиникаларда алу - 0,2 пайыз; диспансерлік есепте тұратын аурулар және медициналық қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету - 32 пайыз, ауруханаға жатқызу деңгейі - 50 пайыз кем емес. Уақтылығы: тіркелген құрамға уақытында медициналық көмек көрсету; бекітілген кестеге сәйкес жабдық жеткізу және жоспарға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сапасы: медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру; медициналық қызмет көрсету бойынша шағымдардың болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 455-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 36776 мың теңге (отыз алты миллион жеті жүз жетпіс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеу саласына қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру қызметін әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жүйесіне қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу бойынша мониторинг жүргізу және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын материалды-техникалық қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|