|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде: тақырыбында «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен, кіріспесінде, 2-бөлімнің тақырыбында аударымдарды есептеудің» деген сөздерден кейін «және аударудың» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың екінші абзацындағы және 7-тармақтың төртінші абзацындағы «тиісті» деген сөзден кейін «қаржылық» деген сөзбен толықтырылсын; алтыншы, жетінші, және сегізінші абзацтардағы «тиісті» деген сөзден кейін «қаржылық» деген сөзбен толықтырылсын; төртінші абзацтағы «3 пайызы» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы; 2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы»; сегізінші абзацтағы «құрайды» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын; 2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.»; Ережеге 1, 2-қосымшаларда «аударымдарды есептеу» деген сөздерден кейін «және аудару» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |