|
|
|
Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы (2010.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, орталық, жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңеспен бірлесіп, Тұжырымдамада көзделген ережелерді іске асыру жөнінде мынадай қажетті шаралар қабылдасын: 1) осы қаулы қабылданған сәттен бастап төрт ай мерзімде белгіленген тәртіппен көрсетілген Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде келісілген іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Үкіметке енгізсін; 2) тиісті шешімдер мен бағдарламалық және жоспарлы құжаттарды әзірлеу кезінде осы Тұжырымдама басшылыққа алынсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.21.11 № 1080 Қаулысымен тұжырымдама өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны 1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау 2. Миссия, көкжиек, мақсат пен басымдықтар Бірінші басымдық. Бәсекеге қабілетті ментальділік. Екінші басымдық. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта. Үшінші басымдық. Инновациялық және технологиялық. Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері. Бесінші басымдық. Тиімді бизнес Алтыншы басымдық. Орнықты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі. 3. Тұжырымдаманы іске асыру тетігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет үшін елдің ішкі және сыртқы саясатының 30 аса маңызды бағытын іске асыру және Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің біртұтас тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі айқындалды. Бұл қазіргі заманның ерекшелігімен байланысты және әлемде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің «көрнекі бетпердесі» ретінде көрсетілетін жаңа халықаралық экономикалық нақтылықты жасаумен сипатталады. Оның үстіне елдің бәсекеге қабілеттілігі - кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады. Осындай міндетті шешу бәсекеге қабілеттілік рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену және орнығу өршіл міндеті қойылып отыр. Әлемдік тәжірибе ұлттық экономика дамуын бағалаудың көптеген әр түрлі әдістерін көрсетті және Қазақстанның өзін-өзі бағалау үшін осы әрі басқа әдістемені таңдауы нақты әдіске шоғырланбауы тиіс. Осыған байланысты Тұжырымдаманы іске асыру қолда бар әдістемелерді біріктіруді және елдің өзіндік бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін кейіннен қалыптастыруды кезең-кезеңімен қамтамасыз етуі тиіс. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекет, бизнес қоғамдастығы мен қоғамдық сектор арасында елдің нақ бәсекеге қабілеті өсімі аясындағы келісілген стратегиялық және тактикалық іс-қимылдарды ұйымдастыру, оған жәрдемдесу және оны қамтамасыз ету болып табылады. Тұтастай алғанда, Тұжырымдама үдемелі экспорттық саясат, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен Қазақстанның өз нарықтық кеңістігін ұлғайту көмегімен ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. Тұжырымдаманың басымдықтары жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан (Дүниежүзілік экономикалық форумның әдістемесінде қолданылатын тәсілдерді ғана емес, сондай-ақ бірқатар басқа рейтингтік агенттіктердің әдістемелерін пайдалану), әлемдегі қолданылатын елдердің бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту мәселелері бөлігінде жүйелі тәсілдерді ескере отырып, сондай-ақ қоғамдық пікірде жиі қолданылатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда проблемалық мәселелер жөніндегі АВС-талдау әдістерін қолдана отырып (БАҚ материалдарын, зерттеу есептер мен басқа материалдарды зерделеу нәтижесінде алынған 60-тан астам проблемалар талданған болатын) Қазақстанның жағдайына талдау нәтижесі негізінде анықталған болатын.
1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау
Жаһандану Қазақстан қоғамында болып жатқан барлық процестерге дерлік біртіндеп әсер етуде. Кезең-кезеңімен еркін сауда саясатын жылжыту жүзеге асырылуда. Бірқатар секторлардың өндірістерін трансұлттық ету процесі күшейіп отыр. Қазақстанның ақпарат кеңістігі бірыңғай ақпараттық кеңістікке барынша кірігуде. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шағын ішкі нарығы бар және әлемдік нарыққа қол жеткізуге мұқтаж ел үшін ашық сауда саясатының объективті қажеттігі анық. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттіліктері мен әлемдік қоғамдастыққа кірігу мәселелеріне басты назар аударылып отыр. Американдық Heritage Foundation зерттеу қоры The Wall Street Journal-мен бірлесе отырып ұдайы жариялайтын экономикалық еркіндік рейтингінің деректеріне сәйкес республика өзінің көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсартуда. Мәселен, Index of Economic Freedom шеңберінде 2005 жылы Қазақстан 131-орынды, Index of Economic Freedom 2006 жылы - 113-орынды, Index of Economic Freedom 2007 жылы - 75-орынды иеленді. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі елдер арасында Index of Economic Freedom рейтингіне сәйкес 2007 жылы мынадай көрініс орын алған болатын: Эстония - 12-орын, Литва - 22-орын, Армения - 32-орын, Грузия - 35-орын, Латвия - 41-орын, Қырғызстан - 79-орын, Молдавия - 81-орын, Тәжікстан - 98-орын, Әзербайжан - 107-орын, Ресей - 120-орын, Украина - 125-орын, Өзбекстан - 132-орын, Белоруссия - 145-орын, Түркіменстан - 152-орын. Сонымен бірге Қазақстан «АТ Kearney» рейтингіне сәйкес барынша инвестициялық тартымды 25 елдің тізіміне кірген. 2007 жылы салық төлемдерінің қарапайымдылық дәрежесін көрсететін Дүниежүзілік банктің рейтингінде Қазақстан әлемнің 178-елдері ішінде 44-орынды иеленді. 2006 жылы еліміз 66-орынды иеленді. Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2006 - 2007 жылдары салықтардың төленуін жеңілдеткен реформатор-елдерінің қатарына кіруі атап көрсетілген, бірақ реформалар әлі де қажет. Салық төлеушілердің салықтық әкімшілендіру мен дауларды шешу салаларында елеулі проблемалармен бетпе-бет келуі жалғасуда. Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттіліктің (және бәсекеге қабілетсіздік) аспектілерін қарай келіп, мыналарды назарға алу қажет. Қазақстанның танымал бәсекелі басымдықтарының қатарына қолайлы геостратегиялық орналасу орны мен бай, табиғи минералдық-шикізат ресурстары, сондай-ақ саяси тұрақтылық, макроэкономикалық теңгерімділік, капиталдың жоғары деңгейде ағылуы, бизнес бастамаларға жәрдемдесу жатады. Әзірше ірі пайдалы қазба қорларының болуы Қазақстанның ең қомақты салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып қалуда. Қазақстан осы артықшылықты тірек ете отырып, ұлттық экономикадағы дағдарысты еңсерді, экономикалық өсуді қамтамасыз етті, бірқатар маңызды экономикалық реформалар жүргізді. Алайда, жаһанданудың тегеуірінді талаптары мен республиканың жалпыәлемдік процестерге жылдам енуі экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігінің танымал проблемаларын шиеленістіріп отыр. Экономика шикізат ресурстары нарығындағы конъюнктураларға тәуелді. Өңдеу өнеркәсібі баяу қарқынмен дамуда және жаңартылуда. Шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі өндіруші өнеркәсіпке жіберіледі, бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке салынатын барлық инвестициялардың 4 % ғана бағытталды. ЖІӨ-нің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2003 жылы 14,2 %-дан 2005 жылы 12 %-ға дейін, 2006 жылдың қорытындылары бойынша 11,6 %-ға дейін, ал өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 2003 жылы 48,3 %-дан 2006 жылғы 39,3 %-ға дейін төмендеді. Кәсіпорындардың айтарлықтай техникалық және технологиялық артта қалушылығы байқалуда. Отандық өнімнің негізгі бөлігінің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік нарықта ғана емес ішкі нарықта да төмен болып қалып отыр. Ғылымның даму деңгейі айтарлықтай емес және өндірістен мүлдем қол үзген дерлік. Осы және басқа да проблемалардың орын алуын Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 2006 - 2007 және 2007 - 2008 жылдардағы есебінің нәтижелері растайды. ДЭФ-ның есептеріне сәйкес орнықты өсу мен жоғарғы деңгейін өнімділіктің жоғары даму деңгейіне қол жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете алды. Өнімділік сапалы бизнес орта мен аса жетілген (білікті) бизнес сияқты екі өзара байланысты құрамдас элементтерден тұратын микроэкономикалық деңгейдегі экономиканың мүмкіндіктеріне тәуелді. ДЭФ-тің соңғы есебіне сәйкес Қазақстанда тиімділіктің базалық талаптары мен факторлары бойынша 9-тармаққа, инновациялық факторлар бойынша 11-тармаққа ел рейтингінің төмендеуі байқалып отыр. Бағаланатын елдер санының 125-тен 131-ге артуы, сондай-ақ әдістеменің түрленуі осы және де өткен жылдардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінің есептерінде көрініс тапты. Мәселен, 2006 жылы 56-орынды иеленген Қазақстан, жаңа үлгімен есептеуде 2006 жылы - 50-орынды, 2007 жылы 61-орынды иеленді. Бағалау моделіндегі (9-факторлы модельден 12-факторлыға өту) және орташа салмақтар схемасындағы өзгерістер өз рөлін атқарды. 2007 жылы бағалауға тауарлар нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, қаржы нарықтарының дамуы үшін жағдайлар, сондай-ақ нарық көлемдері қосымша бағалауға ұшырай бастады. Сонымен бірге сауалнама деректерін өңдеу жүйесіне де өзгерістер енгізілген болатын, мұнда «жылжымалы орташа» жаңа әдістемесі бойынша Қазақстан мен басқа да елдердің қорытынды рейтингіне елеулі әсер ететін 1.5:1.0 қатынасында 2007 жыл және 2006 жыл нәтижелерінің орташа өлшенген мөлшерлері қолданылды.
2006 мен 2007 жылдардағы бағалау әдістемелері арасындағы айырмашылықтар
Бұдан басқа, елдің даму кезеңін айқындауға арналған өлшемдердің өзгеруіне байланысты Қазақстан өндірістің тиімділігіне негізделген даму сатысынан өтпелі сатыға оралды. Атап айтқанда, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің мөлшерін есепке алуға, толықтыруға жаңа өлшем, - жалпы экспорттағы табиғи ресурстар экспортының үлесі (>70%) енгізілді. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы елдің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің құлдырауы объективті және субъективті сипаттағы бірқатар себептерге негізделген, олардың ішінде негізгілері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады. 1. Бәсекеге қабілеттіліктің барынша жоғары параметрлеріне ие елдер ретінде бағаланған жаңа қатысушылардың - Сауд Арабиясының, Пуэрто-Риконың, Оманның пайда болуы. Жалпы алғанда, бұл елдер институттар, инфрақұрылымдар, технологиялық даму деңгейі, бизнесті дамыту үшін инновация мен жағдайлар бөлігінде барынша үздік сипаты бар ретінде бағаланды. 2. 2006 жылы Қазақстаннан артта қалған елдердің - Мексиканың, Түркияның, Индонезияның, Мальтаның, Хорватияның, Ресейдің, Панама мен Маврикияның сияқты бәсекеге қабілеттілік сипаттамаларының жақсаруы
Бұл екі негізгі себептерге негізделген: Біріншіден, бағалау моделінің түрленуі, оның нәтижесінде рейтингте осы елдердің жағдайларын едәуір жақсартқан факторлар пайда болды (олардың мәні күшейді). Мысалы, нарық сыйымдылығының әсер етуі тиімділікті арттыруға ықпал ететін факторларда Индонезия, Ресей, Мексика және Түркия үшін тиімділіктің артуына ықпал еткен факторда рангінің өсуіне едәуір ықпал етті, осы елдердің Қазақстанды басып озуына мүмкіндік берді. Екіншіден, жекелеген бағыттар бойынша осы елдердегі жұмыстың сапалы жақсаруы орын алды. Атап айтқанда, Ресейде балалар өлімдері көрсеткіштерінің төмендеуімен қатар күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштерінің арту, сондай-ақ туберкулезбен аурудың азаю үрдісі байқалды. Мүмкін, осыған соңғы жылдары жүргізіліп жатқан елді демографиялық дамыту жөніндегі қарқынды жұмыстар ықпал етіп отырған сияқты. Хорватия Үкіметі ақпараттық технологияларды дамытуды елдің басым міндеттерінің бірі ретінде бағалайды. Хорватияда ақпараттық технологиялар табысты дамуда, Интернет-пайдаланушылар мен Интернет-провайдерлер саны тұрақты түрде артуда, компьютерлік техниканы сату көбеюде, бұл елдің технологиялық даму деңгейінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Түркия өзінің макроэкономикалық көрсеткіштерін* және инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштерін едәуір жақсартты, бұл елдің ЕО-ның мүшелігіне кіру жөніндегі жұмыстарының нәтижесі болуы мүмкін. ___________________________ *Осы жылы да Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері ағымдағы жылы Түркияның көрсеткіштерінен едәуір жоғары, алайда Түркия үшін осы көрсеткіштерді жақсарту тұтастай елдің позициясын нығайтты. ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстанда қолда бар резервтердің жеткіліксіз дамуы. Қазақстан халықты ақпараттық-коммуникациялық (АК) инфрақұрылыммен жеткіліксіз қамтуы салдарынан өзінің позицияларын едәуір жоғалтып отыр. Мысалы, «технологиялық даму деңгейі» факторы бойынша басқа да ішкі құрамдас бөліктері бойынша Қазақстан (соңғы технологияларға қол жетімділік бойынша 9-позицияға, технологияларды компания деңгейінде қолдану бойынша - 28 позицияға, АК технологиялары бойынша заңнама жөнінде - 21 позицияға, тікелей шетелдік инвестициялар мен технологиялар бойынша - 14 позицияға) Ресейден едәуір озық екендігіне қарамастан, Ресей жалпы алғанда негізінен халықты ұялы байланыс құралдарымен, Интернетке қол жетімділікпен, дербес компьютерлермен барынша толық қамту есебінен Қазақстаннан 5 орынға алда келеді. Мәселен, Халықаралық телекоммуникация одағы (Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ұйым) жүзеге асыратын пайдаланушылардың саны бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан 150 елдің ішінде пайдаланушылар саны - 400 мың адамды құрайтын 87-орынды иеленеді, ал АҚШ болса пайдаланушылар саны - 161632 мың адамды құрайтын 1 орынды иеленген. Посткеңестік елдер арасында Ресей 12 орында (16000 мың адам) болса, бұл ретте Қазақстан Молдовадан, Әзірбайжаннан және Өзбекстаннан артта қалып отыр. Қазақстанға Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі позициясын жақсартуға мүмкіндік беретін басқа резерв жақсартуға отандық бизнес пен кластерлік даму тиімділігінің өсуі есебінен қол жеткізуге болатын «бизнесті дамыту үшін жағдай жасау» факторы болып табылады. Қазақстанның инновациялық дамуының төмен деңгейі келесі түйінді проблема болып табылады. Болжамдарға сәйкес жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі Қазақстанда 2010 жылдың басына қарай 9 мың АҚШ долларынан асады, бұл тиімдіден дамудан инновациялар барлық Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің үлес салмағының шамамен 20 %-на иеленетін инновациялық дамуға өтпелі кезеңіне сәйкес келуі мүмкін, ал 2015 жылдың басына қарай ЖІӨ-нің күтілетін мөлшері инновацияның 30 %-дық инновациялық даму кезеңіне сәйкес келетін болады. Жиынтығында, бұл инновациялық даму факторының елдің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштеріне тіпті 30 %-ға дейін әсерін күшейтетін Қазақстанды аса «жоғары» даму сатысына көтереді. Осылайша, Қазақстан күшті инновациялық позицияларын дамытпай өз рейтингін төмендетумен бетпе-бет келеді. 4. Қазақстан позициясының нашарлауы. Бұл мынадай негізгі себептерге негізделген: Біріншіден, Қазақстанда белгілі бір бағыттарды дамыту қарқыны тұтастай басқа елдердегі қарқындардан төмен. Көп дәрежеде бұл денсаулық сақтау мен бастауыш білім беруді дамыту деңгейі бойынша (11 позицияға жылжу), қаржы нарығын (20 позицияға), бизнес пен инновациялар (10 позицияға) дамыту үшін жағдайлар жасау деңгейлері бойынша байқалуда. Екіншіден, нақты жағдайлардың нашарлауы орын алды. Макроэкономикалық тұрақтылық факторы нашарлады, бұл инфляциялық процестердің өсуіне байланысты пайда болды. Инфляцияның орташа деңгейі өзгеруінің мынадай қарқыны орын алды: 2005 ж. - 7,6%, 2006 ж. - 8,6%, 2007 жылғы 10 айда - 9,2%; Жалпы алғанда, ДЭФ бағалауды талдаудың барынша терең деңгейі кең таралған проблемалардың мынадай сипатын айқындады: 1. Мемлекеттік басқару институттары, қоғамдық сектор мен қоғамдық институттар саласында. Осы блоктың дамуын ерекше тежейтін себептер ретінде мыналар бөлініп тұрады: мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен көлемінің тиімсіздігі; әкімшілік «шеттен тыс реттеушілік»; салық жүктемесінің жоғары деңгейі; шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығы, шешімдерді қабылдау кезінде олардың тікелей жеке экономикалық мүдделігі; сот жүйесінің биліктің, бизнес пен жеке тұлғалардың ықпалына тәуелдігі; бизнес пен халыққа даулы мәселелерді шешуге және әкімшілік жүгенсіздікпен күресуіне, өзінің меншік құқығын қорғауына мүмкіндік беретін барабар заңнаманың болмауы. Бұдан басқа, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі дамымаған. Елде экономикалық шешімдер қабылдау процесі өте орталықтандырылған. Сонымен қатар, инновациялық өнім бойынша жобаларды іске асыру кезінде венчурлық капиталға қол жеткізу тиісінше дамымай отыр. Қор нарығы жеткіліксіз дамыған. Бәсекелестікті қорғаудың тиімді жүйесі жоқ және жетілдіруді талап етеді. Сондай-ақ сапа стандарттары жүйесін, энергия тұтыну мен қауіпсіздікті едәуір жетілдіру талап етіледі. Жақсы бизнес-жоспары бар, кепілі жоқ жаңадан іс бастайтын кәсіпкерлер үшін банктен кредит алу қиын. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселесіне жеке назар аудару қажет, өйткені ДЭФ есебінің нәтижелері бойынша Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігіне «соттардың тәуелсіздігі» көрсеткіші теріс әсер етеді. Елде жүйелі негізде бірнеше жылдар бойы сот билігінің тәуелсіздігін нығайту, Қазақстанды әділ сот төрелігінің халықаралық стандарттарына жылжыту жөніндегі практикалық шаралар қабылдануда. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізілді, алқабилер институты енгізілді, іс жүргізу заңнамасында қадағалау инстанцияларының саны қысқартылды, жергілікті соттардың рөлі артып отыр, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен конференциялар мен семинарлар, кездесулер үнемі өткізіледі. Сонымен қатар, қабылданатын шаралар барабар бағасын таппай отыр. Атап айтқанда, ДЭФ сарапшыларының пікірі бойынша - бұл субъективті де және объективті де сипаттағы себептер мен жағдайларға негізделген. Бір жағынан - бұл бұқаралық ақпарат құралдарының жекелеген өкілдері мен жекелеген лауазымды тұлғалардың тарапынан соттарды негізсіз кінәлаумен байланысты. Мұндай құбылыстар қоғамдық пікірге барынша теріс әсерін тигізеді. Екінші жағынан, бірқатар мәселелер бойынша, оның ішінде экономиканы заңнамалық реттеу деңгейі, меншік құқығы мен өзге де азаматтық құқықтар бойынша қалыптасқан құқықтық жағдай, сондай-ақ атқарушы іс жүргізу жағдайы құқықтарды жосықсыз пайдалану, рейдерлікті жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық және соттық мәжбүрлеуді қолдана отырып басқа да заңсыз көріністер үшін жағдай жасайды. Бұл сот жүйесінің наразылығына, әділ сот төрелігіне кепілдіктің болмауы туралы пікірлерге объективті алғы шарттар жасайды. 2. Технологиялық және инновациялық даму саласында. Бұл блоктың дамуын барынша тежейтін басты себептер ретінде ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруда жеке сектор қатысуының, кәсіпорындардың жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеулер және әзірлемелер саласында ҒЗИ-мен ынтымақтастық деңгейінің төмендігі бөлініп тұрады. Халықтың Интернетке, бірінші кезекте мектептерде қол жеткізу деңгейін барынша арттыру талап етіледі. Азаматтардың ІТ-технологияларды меңгеруінің төмен деңгейі байқалуда. Сонымен қатар, технологиялық даму деңгейі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің деңгейіне мынадай факторлар айтарлықтай әсер етеді: технологиялар трансфертінде мұндай прогрестің болмауы; ғылыми инкубаторлар мен технополистердің болмауы; ғылыми-зерттеу ұйымдарының қолда бар интеллектуалдық және материалдық-техникалық әлеуеті деңгейінің жеткіліксіздігі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |