Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» (2007.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және осы қаулыға қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - акционерлік қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдардың «Самұрық» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі осы қауылдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.17.10. № 961 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 Қаулысына қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері« «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
|