|
|
|
Темір жол, әуе көлігінде және метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережелерін бекіту туралы (2013.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.05.12. № 1318 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі; 2) Темір жол көлігіндегі өрт салдарларын жою ережесі; 3) Әуе көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесі; ҚР Үкіметінің 2013.05.12. № 1318 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрттердің салдарын жою ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысымен бекітілген
Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді. 3. Өртке алдын алу жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының темір жол көлігіндегі салалық өртке қарсы қызмет (бұдан әрі - ТЖ СӨҚҚ) бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары мыналар болып табылады: ТЖ СӨҚҚ бастығы - ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы; ТЖ СӨҚҚ бастығының орынбасары - ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы; ТЖ СӨҚҚ аға инспекторлары, инспекторлары, бас мамандары және мамандары - ТЖ СӨҚҚ инспекторлары; ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы (жол бөлімшесі шегінде) - жол бөлімшесіндегі ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы; ТЖ СӨҚҚ бөлімшесі бастығының орынбасары (жол бөлімшесі шегінде) - жол бөлімшесіндегі ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы. ТЖ СӨҚҚ бөлімшелеріндегі өрттің алдын алу жөніндегі аға нұсқаушылар, нұсқаушылар, өрт сөндіру поездарының бастықтары және олардың орынбасарлары немесе өрт сөндіру поезы қарауылының (бөлімшесінің) бастығы (қызмет көрсету шекаралары шегінде) жол бөлімшелеріндегі ТЖ СӨҚҚ инспекторлары. 4. ТЖ СӨҚҚ лауазымды тұлғалары өз қызметінде «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 5. Қазақстан Республикасының темір жол көлігі ұйымдарының тұрақты объектілері мен жылжымалы құрамында (бұдан әрі - объект) ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге жалпы басшылықты және бақылауды ТЖ СӨҚҚ жүзеге асырады. 6. ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінде (жол бөлімшелері шегінде) өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге басшылықты және бақылауды ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы жүзеге асырады. 7. ТЖ СӨҚҚ-нің функцияларын жүзеге асырған кезде ТЖ СӨҚҚ-нің жоғары тұрған инспекторларының нұсқаулары мен өкімдерін ТЖ СӨҚҚ төмен тұрған инспекторларының орындауы міндетті. Өзге лауазымды тұлғалардың олардың қызметіне араласуына жол берілмейді. 8. ТЖ СӨҚҚ-нің жоғары тұрған инспекторлары, қажет болған жағдайларда, ТЖ СӨҚҚ-нің төмен тұрған инспекторларының шешімдерін жоя алады. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары өздеріне жүктелген міндеттерді өрт сөндіру техникалық комиссияларымен (бұдан әрі - ӨТК), объектілердің ерікті өрт сөндіру жасақтарымен (бұдан әрі - ЕӨЖ), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарымен (бұдан әрі - ӨҚО) тығыз өзара іс-қимылда шешеді. 10. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі мәселелерді шешуге байланысты құжаттарды растау үшін ТЖ СӨҚҚ бөлімшелеріндегі қолда бар мөрлер пайдаланылады. 11. ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары осы Ережеде белгіленген өздеріне берілген өкілеттіктерді орындамағаны үшін жауапты болады. 12. Осы Ережемен байланысты емес, маңызы жоқ жұмыстар мен функцияларды орындауға ТЖ СӨҚҚ-нің қызметкерлерін тартуға рұқсат етілмейді.
2. ТЖ СӨҚҚ-да қызметті ұйымдастыру және өрттің алдын алу жұмыстарын жоспарлау
13. ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғаларының қызметін ұйымдастыру ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің тиісті деңгейлерінде жүзеге асырылады. 14. Өрттің алдын алу жұмысына тікелей басшылықты, оны жоспарлауды, өрттерді және объектілердің өртке қарсы жай-күйін талдауды ТЖ СӨҚҚ-нің бастығы, жол бөлімшелері шегінде ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы жүзеге асырады. 15. Өртке қарсы жай-күйді бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖ СӨҚҚ-нің басқарушы құрамына ТЖ СӨҚҚ бастығы бекіткен тізбе бойынша өртке қатысты аса қауіпті объектілер бекітіледі. 16. Өрттің алдын алу жұмыстарын жүзеге асыратын ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары қызмет көрсетілетін объектілердің өзіндік ерекшелігін зерделейді, өрттердің шығу себептерін және объектілердің өрт қауіпсіздігі жай-күйін талдайды, олардың өрт қаупін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, өртті болдырмауға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізу мақсатында объект басшыларымен, ӨТК, ӨҚО аумақтық органдарымен байланысты қолдайды. 17. Өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау ТЖ СӨҚҚ-та және ТЖ СӨҚҚ-нің бөлімшелерінде жүзеге асырылады. 18. ТЖ СӨҚҚ инспекторларының жұмыс жоспары жедел қызмет мәселелерінің перспективалы және ағымдағы мәселелерінің шешілуін және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып, өрт жағдайын, объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдау негізінде әзірленеді. 19. ТЖ СӨҚҚ-та мынадай жұмыс жоспарлары әзірленеді: 1) ТЖ СӨҚҚ-та - өрт-алдын алу іс-шараларының жылдық жоспары; 2) ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінде - өрт-алдын алу іс-шараларының жылдық және айлық жоспары. 20. Жұмыстың айлық жоспары, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жеке жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылатын алдын алу жұмысын есепке алу күнделігінде тіркеледі. Бұл жұмыс жоспарында ұйымдастыру - алдын алу іс-шаралары, тексеру жоспарланған барлық объектілер атап көрсетіледі, сондай-ақ жоспардан тыс жұмыстар мен тапсырмаларды орындау үшін қажетті уақыт резерві көзделеді. 21. ТЖ СӨҚҚ пен ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің бастығы жоспарларға белгі соға отырып, олардың орындалуын жүйелі түрде бақылайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмай қалған жағдайда, тоқсанның (жарты жылдықтың) соңында олардың орындалмау себептері туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген, жүргізілген жұмыс көрініс табады. 22. Объектілерді өрт сөндіру-техникалық тексеру (бұдан әрі - ӨТТ) жергілікті жағдайларды, объектілердің маңыздылығын, өрт жарылыс қаупін ескере отырып, жыл бойы біркелкі жоспарланады. 23. ТЖ СӨҚҚ-нің жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшы, жол бөлімшелеріндегі ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын - ТЖ СӨҚҚ-нің бастығы, өрт сөндіру поездары бастықтарының, ТЖ СӨҚҚ инспекторларының жеке жұмыс жоспарларын - ТЖ СӨҚҚ жол бөлімшелерінің бөлімше бастығы бекітеді. Өрт сөндіру - алдын алу Іс-шараларының жылдық жоспарында объектілерді өрт сөндіру-техникалық тексерулер, басқа да мемлекеттік қадағалау органдарымен бірлесіп, объектілерді маусымдық (көктемгі және күзгі тексерістер) тексерулер жүргізу, өрттерді алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу, өрт сөндіру-алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру көзделеді. 24. ТЖ СӨҚҚ-нің қызметкерлері объектілерді ӨТТ үшін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы бекіткен ӨТТ жүргізуге арналған қызметтік куәлігі мен тапсырманы ұсынады. 25. ӨТТ-нің түрлері: егжей-тегжейлі, бақылаулық, кешенді, мақсатты (жедел) болып бөлінеді: 1) егжей-тегжейлі ӨТТ кезінде объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылады; 2) бақылаулық ӨТТ кезінде егжей-тегжейлі тексеру кезінде ТЖ СӨҚҚ ұсынған іс-шаралардың орындалу дәрежесі анықталады. Бақылаулық ӨТТ ұсынылған іс-шаралардың көзделген орындалу мерзімдері өткен соң жүргізіледі; 3) объектілерді кешенді ӨТТ ӨҚО органдарымен бірлесіп жүзеге асырылады; 4) мақсатты (жедел) ӨТТ объектінің маусымдылығын, өрт жағдайын, жұмыс режимін ескере отырып, объектілердің өртке қарсы жай-күйін іріктеп тексеру мақсатында ТЖ СӨҚҚ басшылығының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. 26. ӨТТ жылына кемінде екі рет, ТЖ СӨҚҚ өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзылушылықтарын жою туралы егжей-тегжейлі ӨТТ өрт сөндіру-техникалық тексеру актісін бере отырып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. ӨТТ бақылаулық және басқа түрлері кезінде ұсынылған іс-шаралардың орындалмауы және қайта анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтар туралы еркін нысанда акт жасалады. 27. Объектілерді ӨТТ объект басшыларының немесе олар бөліп берген объект әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен, объектілердің ажыратылуына сәйкес ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғалары жүргізеді. ӨТТ-ны жүргізуге объектінің мамандары (технологтар, энергетиктер), ӨТТ мүшелері және ЕӨЖ бастығы тартылады. ТЖ СӨҚҚ қызметкері ӨТТ-нің өткізілу күні туралы объект басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға алдын ала хабарлайды. 28. ӨТТ аяқталған соң объект басшысының басшылығымен барлық қатысы бар лауазымды тұлғалардың қатысуымен анықталған кемшіліктерді талқылау жүргізіледі, олардың өртке қарсы іс-шаралар мен орындалу мерзімдері белгіленеді. 29. Акт екі данада жасалады және тексеру жүргізген ТЖ СӨҚҚ-нің лауазымды тұлғасы қол қояды. Актінің бір данасы ӨТТ аяқталғаннан кейін бес күндік мерзімнен кешіктірілмей, объект басшысына қолын қойдыра отырып тапсырылады, ал екіншісі - ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінде бақылау үшін қалдырылады. 30. ӨТТ-ны ӨҚО-ның өкілімен бірлесіп жүргізген кезде үш данада нұсқама жасалады, оларға ӨҚО-ның лауазымды тұлғалары қол қояды, бірінші данасы объект басшысына, екінші данасы ТЖ СӨҚҚ өкіліне, үшінші данасы бақылау үшін ӨҚО-да қалдырылады. 31. Өрт қауіпсіздігі талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімдерін нұсқамада ӨҚО-ның тексеруді жүзеге асырған лауазымды тұлғасы, актіде объект басшысымен келісім бойынша ТЖ СӨҚҚ-ның қызметкері белгілейді. 32. Объект әкімшілігінің алдыңғы нұсқамалар мен актілер бойынша орындамаған іс-шаралары жаңа нұсқамаға немесе актіге енгізіледі. Бұл іс-шараларды орындаудың жаңа мерзімдері белгіленбейді, тек олар қай жылдан бастап ұсынылып отырғаны ғана көрсетіледі. 33. Нұсқама немесе акт алған және онымен келіспейтін объектілердің басшылары он күндік мерзімде ӨҚО-ның немесе ТЖ СӨҚҚ-ның жоғары тұрған органдарына шағымдана алады. 34. Жалға алынған ғимараттарда және объектілер аумақтарында орналасқан объектілер бойынша өртке қарсы талаптар жалға берушіге, егер бұл жалға алу шартында көрсетілсе, тиісті өртке қарсы ережелердің толық көлемінде қойылады. 1) объект басшысының және жауапты тұлғаларының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бұйрықтардың, өкімдердің және нұсқаулықтардың болуы; өрт сөндіру автоматикасы қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру; өртке қарсы мақсаттар үшін қаржыландыруға және өрт сөндіру жабдығын сатып алуға өтінімдердің болуы; өртке қарсы іс-шаралардың перспективті жоспарларына, өндірістік-қаржылық жоспарларына енгізілуі; отпен жүргізілетін жұмыстарды ресімдеу және жүргізу тәртібінің сақталуы; ӨТК-ның алдын алу жұмысын ұйымдастыру және сапасы; ЕӨЖ жұмысының жауынгерлік әзірлігі; жұмысшылармен және қызметшілермен өртке қарсы нұсқаулықты және өрт-техникалық минимумды жүргізу тәртібі; өрт туындаған жағдайда объект қызметкерлерінің өз міндеттерін және іс-қимылдарын білуі; өрттерді есепке алудың дұрыстығы және бұл жағдайда әкімшілік қабылдаған шаралар; 2) ӨҚО-ның алдыңғы нұсқамаларының, ТЖ СӨҚҚ-ның тексеру актілерінің, орындалу дәрежесі өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері талаптарының, өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі стандарттардың, бұйрықтардың және нұсқаулардың сақталуы; 3) өрт туындаған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мәжбүрлі эвакуация жағдайында объект қызметкерлерінің міндеттерін білуі; эвакуация жолдары мен шығатын жерлерді жарамды күтіп ұстау; түтіннен қорғау жүйелерінің болуы мен жұмысқа қабілеттілігі); 4) желдету, жылыту, энергиямен жабдықтау жүйелері, көлемдік-жоспарлық шешімдер, өртке қарсы кедергілер, аумақты күтіп ұстау нормаларының талаптарына сәйкестігі; 5) өрттен қорғау жүйелерінің өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігі (өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету және оның техникалық жай-күйі, өрт сөндіретін автоматты қондырғылардың, өрт сигналын берудің, байланыс құралдарының жұмысқа қабілеттілігі, өртке қарсы сыртқы және ішкі сумен жабдықтаудың болуы және жұмысқа жарамдылығы); 6) жөндеу ұйымдарының ӨТТ кезінде күрделі жөндеулердің, ТҚ-ның барлық түрлерінің жүргізілуі, жылжымалы құрамның жаңғыртылуы, олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормалар мен ережелердің, стандарттардың талаптарына, нормативтік актілерге сәйкестігі тексеріледі. 36. Объектілерді есепке алуды ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінде ТЖ СӨҚҚ-ның лауазымды тұлғалары қызмет көрсету учаскелері бойынша осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес алдын алу жұмысы журналында жүргізеді. 37. ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің басшылары ТЖ СӨҚҚ актілерінде ұсынылған іс-шаралардың орындалу дәрежесіне талдау жасайды. 38. ТЖ СӨҚҚ-тың лауазымды қызметкеріне бекітілген әрбір объектіге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес бақылау-байқау ісі жүргізіледі, онда мынадай барлық хат алмасулар: объектінің техникалық сипаттамасы, нұсқамалар, актілер, ӨТТ жұмысы; ЕӨЖ мүшелерінің тізімі, объекті басшыларының, жауаптылардың бұйрықтары. Объектілердің бақылау-байқау ісі кемінде бес жыл сақталады. 39. Жолаушы поездарының ӨТТ жолаушы поездарын құрастыру пункттерінде және жөнелтудің айналым станцияларында жүргізіледі. Жолдағы жолаушы поездарының ӨТТ ТЖ СӨҚҚ бөлімшесінің бастығы бекіткен кесте бойынша поезд бастығының және поезд электр механигінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жүргізілген жұмыс нәтижелері тексеруші тұлғаның, поезд бастығының қолы қойылып рейстік журналда көрсетіледі. 40. Локомотивтердің, мотор-вагонды жылжымалы құрамның, электр жылжымалы құрамның және тоңазытқыш секциялардың (поездардың) ӨТТ тіркелу депосында, ТЖ СӨҚҚ бөлімшелерінің басшылары бекіткен кестелер бойынша өрт қауіпсіздігінің белгіленген нормалары көлемінде жүзеге асырылады. 41. Қазақстан Республикасының магистральдық темір жол желісіне жұмысқа жіберу үшін бөгде ұйымдардың темір жол көлігіндегі жылжымалы құрамы өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігі белгіленуі үшін комиссиялық ӨТТ-ге ұсынылады.
қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесіне 1-қосымша
Алдын алу жұмыстарын есепке алу күнделігі
______________________________________________________________ (СӨҚҚ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, СӨҚҚ бөлімшесінің атауы мен мекен-жайы) ____________________________________________________________________
200__ жылғы________айына
Инспектор________________тегі, аты, әкесінің аты
қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесіне 2-қосымша Салалық өртке қарсы қызмет Объектіге өрт сөндіру-техникалық тексеру жүргізуге №_______ тапсырма
200___ жылғы «___»________»____»_________кезеңіне___________________ ____________________________________________________________________ (объектінің, жылжымалы құрамның атауы)
өрт қауіпсіздігі жағдайына егжей-тегжейлі, бақылау, мақсатты тексеру жүргізуге (қажеттісінің асты сызылсын)________________________________ берілді (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
Негіздеме: Темір жол көлігінде өрт қауіпсіздігі жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесі
Бастық______________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Нұсқамамен таныстым_________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) Нұсқама ТЖ СӨҚҚ-ның лауазымды тұлғасының куәландыруын болған кезде жарамды
Қызметтік куәліктің үлгісі
қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесіне 3-қосымша
Салалық өртке қарсы қызмет Өрт сөндіру-техникалық тексерудің № _____ актісі
Құрамында:_________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________бар комиссия (комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.а., қызметі көрсетіледі) __________________________________________________________________________________________ (объекті өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) ____________________________________________________________________________________бірлесіп 200___ жылғы «___»____________
__________________________________________________________________________________________ (тексеру объектісі, ТЖ СӨҚҚ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы)
___________________________________________________________________________________________
өрт-техникалық тексеру жүргізді. «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына және Темір жол көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесіне сәйкес өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында, объектінің басшысы мынадай іс-шараларды орындауы керек:
Ұсынылған іс-шаралар Қазақстан Республикасы темір жол көлігі ұйымдарының басшылары үшін міндетті болып табылады. Ұсынылған іс-шаралармен келіспеген жағдайда Сіз Актіні ТЖ СӨҚҚ-ның жоғары тұрған органына тапсырылған күннен бастап он күндік мерзімде шағымдана аласыз. Комиссия мүшелерінің қолы _________________________________ _________________________________ _________________________________
Актіні орындау үшін алдым: ____________________________ _________________________________ (Объект басшысының қолы) (ТЖ СӨҚҚ қызметкерінің Т.А.Ә.а.)
қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу ережесіне 4-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |