|
|
|
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы (2013.23.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығын қараңыз
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысымен Бекітілген
Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралар кешенін жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Ереженің қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жарамды жай-күй - автокөлік құралдарының құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерінің қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін техникалық жай-күй; 2) сенімділік - жұмыстың берілген режимдері және пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және сақтаудың берілген шарттары кезінде белгіленген шектерде берілген функциялардың орындалуын, пайдалану көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі; 3) жарамсыз жай-күй - автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптары мен бөлшектерінің құрастырмасына, параметрлеріне, функционалдық мақсатына және қасиеттеріне қойылатын нормативтік кесімдер мен конструкторлық құжаттама талаптарының біреуіне болса да сәйкес келмейтін техникалық жай-күй; 4) техникалық қызмет көрсетудің міндетті жұмыстары (бұдан әрі - міндетті жұмыстар) - орындалуы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және автокөлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған операциялар кешені; 5) автокөлік құралының толық массасы - дайындаушы кәсіпорын белгілеген жолаушылардың немесе жүктің барынша рұқсат етілген саны бар, толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлік құралының массасы; 6) ұсынылатын техникалық қызмет көрсету жұмыстары (бұдан әрі - ұсынылатын жұмыстар) - орындалуы негізінен бөлшектердің тозуын, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйі параметрлерінің нашарлауы жағына қарай өзгеру қарқынын азайтуға, автокөлік құралдарының үнемділігін қамтамасыз етуге, істен шығулар мен ақаулықтар туындауының алдын алуға бағытталған техникалық қызмет көрсету операцияларының кешені; 7) техникалық жай-күй - автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің пайдалану процесінде өзгеруге бейім қасиеттері мен нормативтік және конструкторлық құжаттамада белгіленген олардың өз функцияларын орындау немесе оларды мақсаты бойынша қолдану мүмкіндігін анықтайтын параметрлерінің жиынтығы; 8) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) - автокөлік құралдарын жарамды күйде ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды пайдалану және сақтау процесінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған операциялардың (техникалық әсер етудің) кешені; 9) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудің (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), іс-шаралардың кешені. 4. Автокөлік құралдарының сенімділігін, олардың жолдарда қоршаған ортаға ең аз теріс әсермен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоспарлау-алдын алу жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асыру арқылы қол жеткізіледі. Жүйе нормативтік құжаттаманың, автокөлік құралдарын пайдалану және сақтау процесінде олардың жарамды күйін қамтамасыз етуге қажетті орындаушылардың және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құралдарының жиынтығын білдіреді. ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі нормативтік құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттарды, анықтамаларды, ұсынымдарды, технологияны, нормативтерді және оларды түзету әдістерін белгілейді және осы Ережеден, ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік актілерден, оның ішінде конструкторлық құжаттама мен автокөлік құралының нақты маркасын (моделін) пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан тұрады. 6. Автокөлік кәсіпорындарында, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарда орналасқан автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдары ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық жабдықпен жарақты қамтиды. 7. Автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі бөлігінде осы Ереженің қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. 8. Жүйені іске асыру процесінде техникалық әсер ету кешені мыналарға: 1) автокөлік құралын пайдалануға енгізуге, пайдаланудан уақытша алуға және сақтауға дайындауға; 2) автокөлік құралдарын пайдалану және сақтау процесінде олардың қажетті сенімділік деңгейін ұстап тұруға және жарамды күйін қамтамасыз етуге бағытталған автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды. 9. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мынадай түрлерге бөлінеді: 1) сату алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚса); 2) сыннан өткізу кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚсө); 3) күн сайынғы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - КҚ); 4) кезеңдік техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚк); 5) консервациялау алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚк); 6) жөндеу (бұдан әрі - Ж). 10. ТҚ операцияларының барлық көлемі екі топқа бөлінеді: 1) міндетті жұмыстардың тізбесіне кіретін операциялар. Операциялардың бұл тобы меншік нысанына қарамастан автокөлік құралдары иелерінің барлығының орындауы үшін міндетті болып табылады; 2) автокөлік құралдары иелерінің қалауы бойынша орындалатын, ұсынылып отырған операциялар. 11. Өндірістік бағдарламаға байланысты автокөлік құралдарын диагностикалау және ТҚ бойынша жұмыстар ағынды желілерде немесе тұйықталған постыларда, ал Ж - әмбебап және мамандандырылған постыларда орындалады. 12. Орындалатын жұмыстардың мақсатына, сипатына және көлеміне сәйкес жөндеу ағымдағы (бұдан әрі - АЖ) және күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖ) болып бөлінеді.
2-тарау. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау
2.1. Автокөлік құралдарының, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің техникалық жай-күйін диагностикалау
13. Диагностикалау автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің техникалық жай-күйі параметрлерін анықтауға бағытталған. 14. Диагностикалау істен шығулар мен жарамсыз жай-күйдің туындауы мүмкін уақытты болжауды, істен шығу мен ақаулылықтардың болуын анықтауды, сондай-ақ агрегаттың, тораптың немесе бөлшектің қалдық ресурсы мен тоқтаусыз қызмет ету мерзімін параметрлердің нақты мәндерін рұқсат етілген шекті мәндерімен салыстыру арқылы анықтауды қамтиды.
2.2. Автокөлік құралдарын диагностикалау түрлері
15. Диагностикалау орындалатын жұмыстардың мақсаты, кезеңділігі, көлемі, технологиялық процестегі орны бойынша жедел диагностикалауға (жалпы) (бұдан әрі - Д-1) және элемент бойынша диагностикалауға (тереңдетілген) (бұдан әрі - Д-2) бөлінеді. 16. Д-1 қажеттілік бойынша ТҚ және АЖ жүргізу алдында немесе оны орындау кезеңінде, орындалған жұмыстарды жедел не қорытынды бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей ТҚ посттарында орындалады. Ол агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, жол қозғалысы қауіпсіздігіне, олардың анықтауға арналған. Д-1 нәтижелері бойынша реттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдері нақтыланады. 17. Д-2 мамандандырылған посттарда (желілерде), ТҚ-1 және ТҚ-2 орындау алдында автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің, оларды жою үшін жөндеу жұмыстары талап етілетін істен шығулары мен ақаулылықтарын анықтау мақсатында, мезгіл-мезгіл орындалады. Д-2 нәтижелері бойынша автокөлік құралдарын жол қозғалысы қауіпсіздігін және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күйде ұстау үшін қажетті реттеу мен жөндеу жұмыстарының көлемдері белгіленеді, сондай-ақ автокөлік құралдары жарамды жұмысының ресурсы анықталады.
2.3. Автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру
18. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді тасымалдаушылар ТҚ посттарында (өндірістік-техникалық база болған кезде), не техникалық қызмет көрсету станцияларында күн сайын оларды желіге шығару (рейске жөнелту) алдында дербес жүзеге асырады. 19. Тасымалдаушы ТҚ посттарында дербес жүзеге асыратын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру автокөлік құралдарына КҚ бойынша жұмыстарды жүргізуі кезінде орындалады. 20. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру операцияларының тізбесі 1-қосымшаға сәйкес келеді. 21. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру нәтижелері бойынша тасымалдаушының техникалық жағынан жарамды автокөлік құралдарын жолға шығару үшін жауапты тұлға жолдама параққа, не автокөлік құралындағы борт журналына тексеруден өткені туралы белгі қояды. 22. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтпеген және жарамсыз күйдегі автокөлік құралдарын жолға шығаруға (рейске жөнелтуге) рұқсат етілмейді.
3-тарау. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету
3.1. Автокөлік құралдарын сату алдындағы техникалық қызмет көрсету
23. ТҚсаавтокөлік құралдарын сату алдында, олардың пайдалануға енгізу кезіндегі толық жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады. 24. Сауда желісі арқылы сатылатын пайдалануда болған автокөлік құралдарына ТҚса-ны сауда ұйымы техникалық қызмет көрсету станцияларында немесе өз күштерімен өндірістік үй-жайлар мен қажетті жабдық болған кезде орындайды. 25. ТҚса орындау кезіндегі жұмыстардың тізбесі: 1) КҚ бойынша жұмыстардың толық көлемін; 2) автокөлік құралын консервациядан алу жөніндегі операцияларды, жинақталуын және жарамды күйін тексеруді қамтиды. Бұдан басқа, ТҚса операцияларының тізбесі нақтыланады және автокөлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған сервистік кітапша бойынша өңделеді.
3.2. Автокөлік құралдарына сыннан өткізу кезеңінде техникалық қызмет көрсету
26. Жаңа автокөлік құралдарын сыннан өткізу кезеңі бөлшектердің, тораптардың, тетіктердің қарқынды қосымша жұмысымен, бекіткіш қосылыстардың босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады. 27. ТҚсө бойынша жұмыстарды орындау автокөлік құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің ең аз тозуымен қосымша жұмыс істеуін, босаған бекіткіштер мен қосылған жерлерді бақылауды және қатайтып тартуды қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған. 28. Сыннан өткізу кезеңін жасаушы кәсіпорын автокөлік құралының нақты маркасы (моделі) үшін белгілейді және ол құрылымы мен пайдалану шарттарына байланысты 1-ден 5 мың км дейін құрауы мүмкін. 29. Автокөлік құралын сыннан өткізу кезеңінің соңында орындалатын негізгі жұмыстарға: 1) қозғалтқыштағы майды және май сүзгісін ауыстыру; 2) майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерінің герметиктігін тексеру; 3) агрегаттардың бекіткіштері мен трансмиссияның тораптарын тексеру; 4) газ болу тетігі мен қоректендіру жүйесі бойынша реттеу жұмыстары; 5) басқару тетіктері мен тежегіш жүйесі бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстар; 6) қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігіне қатысты тексеру жатады. Автокөлік құралының нақты маркасына (моделіне) арналған ТҚсө операцияларының толық тізбесін жасаушы кәсіпорын белгілейді және пайдалану жөніндегі басшылықта (сервистік кітапшада) келтіріледі.
3.3. Автокөлік құралдарына күн сайынғы техникалық қызмет көрсету
30. КҚ күн сайын жұмыстың басталуы алдында автокөлік құралының техникалық жай-күйін бақылау мен оны пайдалануға дайындау мақсатымен орындалады. 31. Автокөлік құралына КҚ операциялары: 1) тиісті сыртқы түрін сақтау бойынша жұмыстарды орындауды; 2) техникалық жай-күйін тексеруді; 3) пайдалану сұйықтықтарының деңгейін тексеруді; 4) санитарлық өңдеуді көздейді. Автокөлік құралына КҚ жөніндегі жұмыстардың толық тізбесі 1-қосымшада келтіріледі. 32. Техникалық күйді тексеруді күн сайын арнайы постта немесе автокөлік құралы тұрақты тұратын (сақталатын) орында жауапты техникалық қызметкер (бақылаушы механик) және (немесе) жүргізуші жүзеге асырады. 33. Автокөлік құралының кәсіпорын тұрақты орналасқан орыннан тыс жұмысы кезінде жүргізуші КҚ бақылау операцияларын күн сайын орындайды. Бақылау операциялары сондай-ақ күні бойы жүргізушілер ауысымы кезінде орындалады. 34. Жуу-жинау жұмыстары қажетті жуатын жабдықпен жабдықталған және қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозу өнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады. Жуу-жинау жұмыстары, сондай-ақ автокөлік құралдары диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына келер алдында орындалады. 35. Автокөлік құралдарының шанақтарын дезинфекциялағыш ерітінділермен өңдеу Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесінің, жүктің нақты түрін тасымалдауға қойылатын талаптарына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. 36. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустардың салондары, орындықтарын, тұтқаларын, терезе шыныларын және едендерін қоса алғанда, жолға шығу алдында жуғыш және дезинфекциялағыш заттарды пайдалана отырып күн сайын міндетті түрде жуылуға тиіс.
3.4. Автокөлік құралдарына мерзімдік техникалық қызмет көрсету
37. ТҚм жұмыстардың көлемі, олардың орындалу мерзімділігі мен еңбекті қажет етуі бойынша шартты түрде үш сатыға бөлінеді: бірінші техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ-1), екінші техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ-2) және маусымдық техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - МҚ) операциялары. 38. ТҚк сатыларын қамтитын негізгі операциялар міндетті жұмыстардың тізбесіне кіреді және 2-қосымшада аталып өткен. Негізгі операциялар пайдалану жөніндегі басшылыққа немесе автокөлік құралының сервистік кітапшасына сәйкес орындалуы және 2-қосымшаның деректерін ескере отырып өңделуі мүмкін. 39. Автокөлік құралын жасаушы кәсіпорын жүріс аралықтарының нормалары мен ТҚк операцияларының тізбесін белгілемеген немесе олар толық болмаған жағдайда, 2, 3-қосымшалар басшылыққа алынады. 40. Жол жамылғысының үлгісімен және жер рельефімен сипатталатын автокөлік құралдарын пайдалану шарттарын сыныптау 4-қосымшаға сәйкес санаттарға бөлінеді. 41. МҚ автокөлік құралын көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жөніндегі жұмыстарды орындай отырып жылына екі рет (көктемде және күзде) жүргізіледі. 42. МҚ кезінде орындалатын жұмыстардың жалпы көлеміне ТҚ-2 міндетті жұмыстары және МҚ тікелей операциялары (2-қосымша) кіреді. 43. Төменгі температуралар кезінде қозғалтқыштың іске қосылуын, автокөлік құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктігін және қыздырылуын қамтамасыз етумен байланысты МҚ қосымша жұмыстары күзгі кезеңде орындалады. 1) қоректендіру жүйесінің герметиктігін, қозғалтқыштың майлануы мен салқындатылуы; 2) от алдыру жүйесін (жоғарғы вольтті сымдардың, бөлгіштің және тұтандыру оттықтарының жай-күйін) тексеру; 3) электролит тығыздығының деңгейін бақылау мен пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру және аккумулятор батареясының бақылау-жаттығу циклін жүргізу; 4) қозғалтқыштағы майды және салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру (қажет болғанда) жатады. 45. СО жұмыстары қажетті жабдықпен жабдықталған, қоршаған ортаның автокөлік құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің тозу өнімдерімен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады.
3.5. Автокөлік құралдарына консервациялау алдында техникалық қызмет көрсету және оларды сақтау
46. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары ауысымаралық уақытта, сондай-ақ ТҚ және Ж посттарына қойылуы алдында жабық үй-жайларда, қалқаның астында немесе ашық алаңшаларда сақталады (көлік жайсыз сақталу). 47. Ауысымаралық уақытта жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен таксилер, сондай-ақ жұмыс сипаты тұрақты дайындықты қажет ететін автокөлік құралдары жылытылатын жабық үй-жайларда сақталуы тиіс. 48. Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауға арналған және пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары басқа автокөлік құралдарынан бөлек, олар үшін арнайы бөлінген алаңшаларда сақталады. 49. Автокөлік құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлік құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтері арасындағы қашықтық белгіленген талаптарға сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей жүзеге асырылуы тиіс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге, сондай-ақ сүрткіш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді. 50. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлік құралдары консервациялаудан өтуі тиіс. 51. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлік құралдарын жарамды күйге келтіру үшін ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады. 52. Консервациялау деп автокөлік құралдарының ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуын және қысқа мерзімде көліктік күйге келтірілу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлінген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөніндегі операциялар түсініледі. 53. Алты айға дейінгі мерзімге сақтауға қойылатын автокөлік құралдарына ТҚк бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай операцияларды орындау қажет: 1) салқындату жүйесіне төменгі температурада қататын сұйықтықты құю (күзгі-қысқы уақыт кезеңінде сақтауға қою кезінде); 2) желдеткіш, генератор және сығымдағыш жетегі белдіктерінің тартылуын босату; 3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлеріне 50-70 см3-ден май құю, содан кейін иінді білікті 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу; 4) сығымдағыштың цилиндрлеріне 20 см3 -ден май құю; 5) электролиттің тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетін қажетті деңгейге дейін жеткізу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату; 6) қоректендіру жүйесі ауа сүзгісінің кіріс келтеқұбырын және сөндіргіштің шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу; 7) қолмен тежегіштің үйкелу түйіндерін майлау; 8) автомобильді, доңғалақтардың жер бетінен көтерілуін қамтамасыз ететін тұғырыққа қою; 9) кабина мен шанақтың есіктерін, терезелерін және желдеткіш люктерді жабу. 54. Автокөлік құралдарын алты айдан артық мерзімге сақтауға қойған кезде ТҚк операцияларының тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: 1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесінен ағызып алу (жүк автомобильдері мен автобустар үшін) және жүйені таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру; 2) отынды отын багынан ағызып алу; 3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшін автокөлік құралынан алу; 4) шиналарды жарық өткізбейтін материалмен жабу немесе қорғағыш ерітіндісімен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезінде); 5) жеңіл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдері кабинасының сыртқы бетін балауыз пастасымен, ал сәндік бөлшектердің хромдалған немесе жылтыратылған беттерін бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу. Автокөлік құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшін автокөлік құралын тура түсетін күн сәулелерінің және жауын-шашынның әсерінен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).
4-тарау. Автокөлік құралдарын жөндеу
4.1. Автокөлік құралдарын ағымдағы жөндеу
55. АЖ автокөлік құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын диагностикалау нәтижелері бойынша жоспарлы не істен шығуы (ақаулылығы) кезінде орындалады және автокөлік құралдарының жарамды күйін қамтамасыз етуге немесе қалпына келтіруге арналған. 56. АЖ негізгіден (жинақталған ілінісу картері бар қозғалтқыш, беріліс қорабы, бөлгіш қорап, гидромеханикалық беріліс қорабы, артқы белдік, ортаңғы белдік, алдыңғы білік (белдік) рульдік басқару, жүк автомобилінің кабинасы мен жеңіл автомобильдің шанағы, автобустың шанағы, рама, өзіаударғыш автомобиль платформасының көтеру жабдығы) басқа, жол берілген шектік тозу параметрлеріне жеткен жеке агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, ауыстырылуын қамтиды және әдетте, ТҚк-пен бір мезгілде орындалады. 57. АЖ орындалу көлеміне, орнына және уақытына байланысты: 1) тапсырыстық ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖт); 2) ілеспелі ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - АЖі); 3) жоспарлы-алдын алу ағымдағы жөндеу (бұдан әрі - ЖААЖ) болып бөлінеді. 58. АЖт агрегат, торап немесе бөлшек жол берілген шектік тозу параметрлеріне жеткен немесе кенеттен істен шыққан, немесе ақаулылық пайда болған кезде қажеттілік бойынша орындалады. 59. АЖі аз еңбекті қажет ететін, технологиялық жағынан байланысты және ТҚк бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде орындалатын операцияларды қамтиды. 60. Орындалатын жұмыстардың сапасын белгіленген көлемде қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ТҚк жүргізу кезінде ілеспелі ағымдағы жөндеу көлемін шектеу ұсынылады. Ілеспелі ағымдағы жөндеу операцияларының жалпы еңбек сыйымдылығы ТҚк тиісті түрінің еңбек сыйымдылығынан 20%-дан аспауы тиіс. 61. ЖААЖ автокөлік құралының нақты маркасы (моделі) үшін берілген пайдалану шарттарында негізделген жүріс аралығынан немесе уақыт кезеңінен кейін мәжбүрлі түрде орындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |