Босқын мәртебесін беру ережесін бекіту туралы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 87-ө Бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Босқын мәртебесін беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиев осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін анықтау тәртібі және босқын деп тану туралы өтініш-хат білдірген адамдармен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 1998 жылғы 27 мамырдағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 519 тіркелген) күші жойылған деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2007 жылғы 6 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі 2008 жылғы 7 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 2008 жылғы 5 ақпан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|