|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен күші жойылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық кұжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды. 2. Лицензиялау субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. 3. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 4. Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.
5. Лицензия алу үшін өтініш беруші (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мына құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін); 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін); 4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін); 5) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 6. Лицензия алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, оның көшірмесі жіберіледі (тапсырылады). 7. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса; 2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген болса; 3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмейтін болса; 5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. 9. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 10. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген жағдайда немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған уақытынан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны береді. 11. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 12. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 13. Лицензияны жоғалтып алған, бүлдіріп алған жағдайда лицензияның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 14. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті. 15. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 16. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 және жылу жеткізу температурасы 1150С қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жабдықтарды жөндеуді қоспағанда) қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның; 2) бақылау мен сынақтар өткізуге және дайындауға арналған қажетті меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның; 3) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 4) аттестатталған, конструкциялау процесінде пайдаланылатын есептеу бағдарламалары мен кодтарының; 5) мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 6) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық, әдістемелік құжаттамалар тізбесінің болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |