|
|
|
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазакстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңы 69-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазакстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттын құнын айқындау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 351 қаулысымен бекітілген
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже тарихи шығындарды және жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құның айқындау тәртібін белгілейді. 2. Тарихи шығындар - мемлекет келесім-шарттық аумақты геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар. 3. Мемлекет меншігіндегі геологиялық акпарат пакетінің құны, тарихи шығындар сомасының бір бөлігі ретінде айқындалады. 4. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты қоса алғанда, тарихи шығындар барлық пайдалы қазбалардың түрлері ушін айқындалады. 5. Тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық акпараттың құны мен оны алу шарттарын айқындауды жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) орындайды.
2. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың қүнын айқындау тәртібі
6. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруг, арналған конкурс жарияланғанға дейін, жер қойнауын пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі (бұдан әрі - жер қойнауы учаскесі) шегінде орындалған барлық геологиялық зерттеулерге түгендеу жүргізеді. Түгендеудің деректері жер қойнауы учаскесінің геологиялық зерделеу дәрежесі мен геологиялық барлау жұмыстарының нақты шығындарын көрсетуге тиісті. Түгендеу деректері бойынша геологиялық зерделену картограммасы мен түгендеу ведомосі жасалады, осылардың негізінде тарихи шығындардың есебі жүзеге асырылады. 7. Тарихи шығындар әр жер қойнауы учаскесі бойынша жеке-жеке каралады. 8. Барлау немесе барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: жер қойнауы учаскесінің алаңына немесе оған сай келетін табиғи көлеміне барабар өңірлік геологиялық-геофизикалық, іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, ғылыми, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды. 9. Өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі бойынша тарихи шығындар: өңірлік геологиялық-геофизикалык (Іздеу-бағалау жүмыстары аланынын шегінде орындалған). іздеу және іздеу-бағалау жүмыстарын, барлау, капталдар мен терен горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардын кеңсіздігіне арналған зерттеу, ондіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, нәтижелері жер қойнауы учаскесін зерделеумен байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлык және баска да зерттеулерді камтиды. 10. Тарихи шығындарды есептеуден 8, 9-тармактарда көрсетілген жүмыстардан, пайдалы казбалардың мәлімделген-түріне жатпайтын немесе мемлекеттің қаражатынсыз жүргізілген жүмыстар алынып тасталады. 11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961-1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге, геологиялық барлау жұмыстары құнының, салаішілік индексінің өзгеруі тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болады. 1961 жылға дейінгі шығындарды 1961-1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961-1990 жылдардағы рубль шығындары 0.002 коэффициентіне көбейтіледі. 1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және баска да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу:
формуласы бойынша жүзеге асырылады: мұнда: Тш96 - 1996 жылғы бағадағы тарихи шығындар Өжш - өткен жылдардың шығындары И91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі 0,002 теңгеге аудару коэффициенті И96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991жылғы бағаға өзгеру индексі. 1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай: Тш96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96 формуласы бойынша жүзеге асырылады 1991жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу: Тш 96 - Өжш х 0,002 х И96 1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу: Тш96 = Өжш х 0,002 : И (92-95) х И96, формуласы бойынша жүзеге асырылады мұнда: И (92-95) - жылдар бойы өзгеріп тұрған геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізшгеннен кейін қолданылмайды). 1996 жылғы бағадағы тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚШ долларына, аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар аткарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. Тарихи шығындардың есебін даярлау кезінде АҚШ долларымен алынған шығыннын құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады. 12.Барлық геологиялық акпараттың құнын айқындау үшін тарихи шығындар сомасынан проценттік ставка қолданылады. Проценттік ставкалар пайдалы қазбалардың түрі мен берілетін жер қойнауын пайдалану қүқығына байланысты сараланады: Кемірсутек шикізаты: барлау - 1%, барлау және өндіру - 2%, өндіру - 3%. Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда): барлау - 1,5%, барлау және өндіру - 2%, өндіру - 2,5%. Жерасты сулары (емдік балшықты қоса алғанда): барлау -1,5%, барлау және өндіру - 2,5%, өндіру - 4%. 13.Мемлекеттін қаражатынсыз алынған, бірақ мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін нәтижесінде геологиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындар сомасынан 12-тармақта көрсетілген үқсас проценттік ставкалар қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |