Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1 және 2-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы 2) тармақшасының алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын; көрсетiлген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 7 мамырдағы № 432 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына қосымша "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінiң құрамы Андрющенко - Қазақстан Республикасының Александр Иванович Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық банкi Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi Кадюков - Қазақстан Республикасының Николай Викторович Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары Әбсәтiров - Қазақстан Республикасының Кеңес Ғарапұлы Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы Ибадоллаев - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" Азамат Абдол-Әмитұлы жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы |